Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Жастар кәсіпкерлігін қолдайтын халықаралық мекемелер


Youth Business International (YBI) жастарға өз бизнесін бастап, дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға көмектеседі. Бұл YBI-дің Президенті, Жоғары мәртебелі Уэльс принцінің қамқорлығындағы тәуелсіз, коммерциялық емес бастамалардың халықаралық желісі.
Кәсіпкерлік орталығы (КО) Ресейдегі кәсіпкерлікті дамытуға қатысады. Бұл перспективті кәсіпкерлерге бағдарланған білім беру және жұйе құратын бағдарламалар арқылы Ресейдегі кәсіпкерлікті қолдап, оның маңыздылығын арттыруға ықпалын тигізетін ұйым-катализатор. Оқу бағдарламалары мен тренингтер өткізу арқылы, КО экономикалық дамуға, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалын тигізіп, жаңа құрылған және өсіп келе жатқан кәсіпорындарға жаңа перспективаларды көруге мүмкіндік береді.
The Entrepreneurs’ Organization (EO) – кәсіпкерлердің халықаралық ұйымы әлемдегі ең беделді кәсіпкерлік бірлестіктерлің бірі болып саналады. Оның құрамында 40 елде 9500 мүше бар. EO – кәсіпкерлерді бизнес пен жеке өмірде үлкен табысқа алып келетін өсуге, бір-бірінен үйренуге мүмкіндік беретін катализатор.
Ресейдің «Бизнес-навигатор» жас кәсіпкерлер қауымдастығы федералдық жобасы өздерін бизнес жолында көретін, бірақ оны іске асыру мен оңтайладуда бірқатар қиындықпен кездескен 35 жасқа дейінгі жастарға бағытталған.
GSEA (Кәсіпкерлік Саласындағы Халықаралық Жастар Премиясы) – оқып жүрген кәсіпкерлер арасындағы басты байқау. Дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келген ізденушілер бір-бірімен жарысады.
Enactus – белсенді студенттерді, академиялық және іскер көшбасшыларды бірлестіретін халықаралық коммерциялық емес ұйым. Олар бірлесіп мұқтаж адамдардың өмір деңгейі мен сапасын жақсарту үшін кәсіпкерлік тәсілді қолданады. Enactus студентері бизнес-көшбасшының қолдауын алған соң, дүние жүзінің түкпір-түкпірінде жобаларын жасап, жүзеге асырады. Жобаларды жүзеге асыру барысында алынған тәжірибе тек адамдардың өмірін өзгертіп қана қоймай, студенттерге нағыз көшбасшы болуға көмектеседі.