Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Жас кәсіпкерлер қауымдастықтары


Жаңа жобаның мақсаты, қауымдастыққа 35 жасқа дейінгі жастарды өз құрамына тарту арқылы белсенді, талапкер және жігерлі жас кәсіпкерлерді біріктіру болып табылады.
Жас кәсіпкерлер қауымдастығының жетекшісі Ринат Бекмұхаметовтың айтуынша, шаһарда жүзеге асырылмай жатқан көптеген жобалар бар, сол себепті алдағы уақытта Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен жастар ресурстары орталығының қолдауымен жас кәсіпкерлерге жаңа белестерді бағындыруға ықпал ету міндеті тұр.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес – мемлекеттің жастар саясатын тұжырымдауға жас адамдардың шынайы қатысу тетігі. Кеңес жастарға қатысты маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау кезінде жастардың дауысын есту үшін құрылды. Ол жас адамдарға еліміздің болашағын, өз болашағын қалыптастыру үдерісіне қатысуға мүмкіндік береді.
«Жас Отан» Жастар қанаты 2008 жылдың 14 мамырында Астана қаласында өткен «Жас Отанның» I съез інде қоғамдық ұйым ретінде құрылды. 2012 жылы ұйым мүшелерінің саны 200 мың адамнан асты. Ұйымның міндеті – елді дамытудағы модернизациялық қадамды қамтамасыз ету үшін ел Президентінің саясаты негізінде жастарды шоғырландыру, мақсаты – жастарды жетелей алатын жастардың күшті, беделді, саяси ұйымын құру.
Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы 2011 жылы жас кәсіпкерлер мен кәсіпкер болуға ниеті бар жастардың қызметін үйлестіру, олардың қызметіне қолайлы жағдай жасау, жастардың проблемаларын бірлесіп шешу, кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту және ашықтылықты насихаттау масқатында құрылған. Қауымдастықтың басты міндеті – қоғамның белсенді тобы болып табылатын, және экономикалық күшті, әлеуметтік басекелестікке сай Қазақстанды құруға зор әлеуеті бар жастарды бизнеске тарту.
Біздің міндетіміз – Қазақстанды экономикалық өсу мен гүлденуге бастауда басты рольді атқаратын, нарықта көшбасшы болатын компаниялар құратын үздік кәсіпкерлердің жаңа буынын өсіру. 2012 жылы кәсіпкерліктің жаһандық апталығын өткізгеннен кейін, 2013 жылдың қаңтар айында біз Қазақстанның жас кәсіпкерлер клубын ашуды ұйғардық, себебі жастар арасындағы өз ісін ашып, дамытуға деген үлкен қызығушылықты байқадық. Біз жыл ішінде бір ғана аптамен жастарға шындап көмектесе алмайтынызды түсіндік, сондықтан да клуб алғашынан-ақ жас және жаңа кәсіпкерлерге тұрақты қолдау көрсету үшін құрылды.
Enactus – белсенді студенттерді, академиялық және іскер көшбасшыларды бірлестіретін халықаралық коммерциялық емес ұйым. Олар бірлесіп мұқтаж адамдардың өмір деңгейі мен сапасын жақсарту үшін кәсіпкерлік тәсілді қолданады. Enactus студентеррі бизнес-көшбасшының қолауын алған соң, дүние жүзінің түкпір-түкпірінде жобаларын жасап, жүзеге асырады. Жобаларды жүзеге асыру барысында алынған тәжірибе тек адамдардың өмірін өзгертіп қана қоймай, студенттерге нағыз көшбасшы болуға көмектеседі.
Қазіргі таңда әлем халқының саны 7 млрд. Асады, 2050 жылға дейін тағы 33% өседі. Халықтың жартысынан көбі 25 жастан жас. Y әулеті басқа өмірде болған этникалық әр түрлі әулеттен көбірек, өзінің алдындағыдан (X әулеті) кемінде 3 есе көп.