Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Табыстылар тағылымы


Кәсіпкерлер өз білімдерін одан әрі дамыту керек.

Владимир Таланов – өз ісін осыдан 7 жыл бұрын ашқан, маркетингтік коммуникациялар және өндіріс салаларында жұмыс атқаратын кәсіпорындарды құру және одан әрі дамытуға ат салысқан, жас болса да тәжірибелі кәсіпкер,. Ал өткен жылдан бастап ол «Тенре-Аэролайф» инновациялық стартап жобасын басқаруда. Бұл фотокатализ негізінде ауаны тазартуға арналған инновациялық жүйені жобалау, өндіру және қызмет көрсетіудегі бірінші қазақстандық компания.

«Біздің жобамыздың ерекшілігі неде десеңіз, біз Қазақстанға ауаны тазартудың ең тиімді, ең үздік технологиясын әкелдік. Фотокатализ – бұл бірегей процесс, ауаны зиянды қоспалардан тек қана фильтрдан өткізу арқылы тазартып қана қомай, оларды тотықтандырып және молекулалық құрамдауыштарға дейін ыдыратуды мүмкін етеді», – деді Владимир.

Владимира, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған «Шағын және орта бизнестің топ-менеджерлерін оқыту» курсын бітірген. «Бұл оқу маған өте құнды да маңызды білім берді. Енді кәсіпкерлік богйынша алған білімді жүзеге асыруға тырысамын. Оқу мерзімі қысқа болса да бұл курс көп мәселені шешуге қол жеткізді. Роберт Розенфельд пен Назарбаев университетінің ұжымына айтар алғысым көп». – деп тұжырымдады Владимир.


Раздел не найден.