Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Жастар кәсіпкерлігін қолдаудың халықаралық тәжірибесі


Халықаралық тәжірибе дамыған мемлекеттердің біразында жастар кәсіпкерлігін жүйелік қолдаудың бар екендігін көрсетеді.

Жаңа Зеландиядағы жас стартапшыларды қолдау түрлері

Жаңа Зеландияның стартапшылары үш негізгі қаржыландыру түріне қол жеткізе алады

1. Жобаның бастапқы сатысында (seed capital) қаржыландыру – $20-30 мың.

мүмкіндіктер ваучерлері (Capability Vouchers) – олармен бизнесті кеңейту және дамыту шығыстарының 50% - ын дейін жабуға болады. Мұндай ваучерлерді Regional Business Partner Network атты ұйым береді. Ол бизнесті дамыту мемлекеттік агенттігінің рұқсатымен жұмыс істейді.

ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге арналған гранттар (research and development (R&D) grants) туралы Callaghan Innovation мемлекеттік агенттігінде сұратуға болады.

краудфандинг. Бүгінгі күні Жаңа Зеландияда бұл қаржыландыру түрі кең таралған. Арнайы алаңдар жетілікті, олардың арасында PledgeMe, Snowball Effect, Liftoff ең танымал болып табылады.

2. "Періштелік" қаржыландыру" – $100-500 мың. Егер стартап өнімін нарыққа шығарып үлгерсе немесе жұмыс істейтін прототибі болса, ол бизнес-періштелердің - мамандандырылған клубтардың мүшесі болып табылатын инвесторлар – көмегіне жүгінуге мүмкіндік алады. Олардың арасында Окленд қаласындағы Ice Angels, Веллингтондағы Angel HQ, Enterprise Angels, Archangels, Flying Kiwis, Angel Association. Стартаптар бір жолғы инвестицияға немесе тұрақты қаржылық қолдауға кол жеткізе алады.

3. "А" сериясы бойынша инвестициялау – бірнеше миллион долларға дейін. Нарықта орын алған кәсіпорын А сериясындағы қаржыландыруға қол жеткізе алады. Мұндай инвестициялау инвестор үшін ең төмен деңгейдегі тәуекелді білдіреді, өйткені компанияның сатып алушылары, келісім-шарттары, нақты пайдасы бар. Кәсіпорын артықшылық акцияларын (олар "серия А" деп аталады) сатып, инвесторлардан ақша алады.

Барлық үш кезеңде New Zealand Venture Capital Association (NZVCA) және New Zealand Venture Investment Fund Limited (NZVIF) секілді венчурлік қорларда қаржылай қолдау іздеуге болады. Бұл үлкен пайда көру шартымен стартаптарға ақша салуға әзір инвесторлар бірлестіктері. Венчурлық қорлар ақшаны тікелей салмайды. Олар тек стартаптарға қойылатын талаптар туралы ақпарат беріп, "періштелер" тізімін ұсынады. Осы сайттардағы ақпаратқа сүйеніп, бизнес-жоспарға түзету енгізуге және қандай компаниялар инвестор ретінде қолайлы екенін түсінуге болады.

Басқа көмекшілер

Жаңа Зеландияда бизнес ашу оңай, ал кәсіпкерлік үшін жағдай өте тиімді болғандықтан, бұл елде стартаптарды қолдайтын көптеген инкубаторлар мен акселераторлар құрылғаны ғажап емес. Олар жас кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Олардан шақыру алу үшін жобаны сипаттайтын өтініш, түйіндеме мен қолда бар қаржы туралы ақпарат сияқты бірнеше құжаттар жіберу керек.

The Icehouse әр түрлі білім беру бағдарламаларын, бизнес-коучингті, нарықтағы жағдайды бағалауға көмектесуді ұсынады. Бұл қызметтер туралы ақпаратты тек сауал арқылы ғана алуға болады. Мұнда коворкинг-кеңістікте жұмыс орнын жалдауға болады (орта есеппен айына $400-600 бір үстел үшін).

Lightning Lab ұзақтығы бірнеше ай құрайтын білім беру бағдарламаларының іске асыруда. Инкубатор қатысушыларынан стартап капиталының тек шағын үлесін ғана талап етеді. Есесіне барлық қатысушылар NZ $20 000 ($13 800) көлемінде инвестицияларға ие бола алады. Жобаға командасы, капиталы (немесе инвесторлар қолдауы), қызықты идеясы және дайын жобасы барлар шақырылады.

Venture Up 16 мен 21 жас аралығындағы стартапшыларға арналған алты айлық бағдарламасын ұсынады. Тұру мен тамақтану, өзін-өзі оқыту шығындарын демеушілер өтейді. Қатысушы Веллингтонға жетуді ғана өз мойнына алады.

CreativeHQ жеке және корпоративтік акселератор-бағдарламаларды ұйымдастырады. Бағдарлама барысында қатысушылар оқудан өтіп, тәжірибелі мамандардан кеңестер алып, әлеуетті инвесторлармен танысады. Бағдарламалардың құны сауал арқылы хабарланады.

R9 – бұл ұзақтығы 3 ай құрайтын бірқатар білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан үдеткіш. Ол кәсіпкерлерді үкіметпен өзара іс-қимыл орнатуға және туындаған мәселелерді тиімді шешуге үйретеді. Бағдарламалардың қатысушылары оқу шығыстарын толықтай өтейтін шәкіртақы алады.

https://selfmadetrip.com/novaya-zelandiya-dlya-startapov

Youth Inc. Business Academy акселерациялық бағдарламасы: әзірбайжандық стартаперлер үшін мүмкіндік

XXI-ғасырдың басында бұрын-соңды болмаған экономикалық серпіліс, және одан кем түспейтін қаржылық пике орын алды, қазір де жаңа идеялар, жаңа тәсілдер және жаңа батылдық күтілуде. Әзірбайжан экономикасы да осыған мұқтаж, қуатты және шапшаң дамитын шағын және орта бизнес диверсификация және даму жолында қуатты ынталандырушы болары сөзсіз.

Бүгін ел үшін арманшылдар ғана емес, өз жобаларын іске асыратын, жаңа дүкендер, құрылыс фабрикаларын ашатын,  онлайн-банкты іске қосып, қолжетімді шаштараздар желісін жолға қоятын немесе басқа да кез келген жобаны жүзеге асыратын, тек табыс тауып қана қоймай, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құратын адамдар қажет.

Бастаушы әзірбайжандық стартаперлер Youth Inc. Business Academy бірегей  акселерациялық бағдарлама арқасында өз ісін қалай ашуға болатынын үйренуге және қажетті тәжірибе алуға мүмкіндік алды. Осылайша, бағдарламаға қатысушылар 6 апталық қарқынды оқу-ағарту курстарынан өтті, олар Youth Inc. жас кәсіпкерлер бағдарламасы және оның серіктестері, Coca-Cola компаниясы, DVC, жастар және спорт министрлігі,  байланыс және жоғары технологиялар министрлігінің «Жоғары технологиялар паркі», сондай-ақ  Nobel Oil энергетикалық компаниясы көмегімен ұйымдастырылды.

Атап өтейік,  2013 жылдан бері Әзірбайжанда жемісті іске асырылып отырған  Youth Inc. бағдарламасы, өз бизнесін ашуға ұмтылатын жастардың бастамасын қолдау жолымен елде жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында құрылған. Coca-Cola компаниясының  Youth Inc. бағдарламасы шеңберіндегі қызметі жастар бизнесін құру және дамытуды қолдауға бағытталған. Youth Inc. белсенді қызметінің жылдары ішінде аталған бағдарламаның түлектері 8 түрлі бизнес-жобаларды іске асырды, шамамен бес мың жас адам бағдарламаның түрлі шараларына қатысты.

Акселерациялық бағдарламаның мақсаты  – таңдалған 25 үміткердің стартап-қызметін теориялық және практикалық білімге оқыту жолымен ынталандыру және көмектесу және Әзірбайжандағы шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету.

Бағдарламаға қатысушылар менторлармен – Әзірбайжанның және шетелдің тәжірибелі бизнесмендерімен – өз бизнесін ұйымдастыру және жүргізудің қыр-сырын талқылады. Тәжірибе қуатты теориялық базамен нығайтылады: мекторлардың дәрістерінен басқа «студенттер» Стэнфорд Университетінің профессоры, Силиконды алқаптың мәңгі иесі  Стив Бланк және оның командасымен  Lean Launchpad оқу видеолары базасында жасалған кітаптарды пайдаланды.

Бағдарламаның арқасында бастаушы кәсіпкерлер әлеуетті клиенттер табуды үйренді және олармен байланыс жасаудың тәсілдерімен танысты, ел ішінде болсын, оның сыртында болсын, әлеуетті бизнес-серіктестер (қоса құрылтайшылар, инвесторлар, менторлар мен кеңесшілер)  іздеу дағдыларын меңгерді, олармен кездесті және бірлескен жұмыс ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болды. Бұдан басқа, қатысушылар бизнесті ұйымдастырудың қыр-сыры туралы, зияткерлік меншік құқығы туралы, компанияның иелік және қоса иелік ету нысандары туралы, бизнес үшін қаражат тарту, сондай-ақ компания қызметінде заманауи технологияларды пайдалану туралы үйреніп білді. Бағдарлама асқан қызығышулықпен қарсы алынды: 25 орынға бөлінген квотаға 690 адам өтініш берді, оның ішінде 203 адам тіркеуден өтті.

Еске сала кетейік,  2013 жылдан бері Coca-Cola компаниясымен, Әзірбайжанның жастар және спорт Министрлігімен және DVC Әзірбайжанда жемісті іске асырылып отырған Youth Inc. бағдарламасы, жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін бірқатар мүмкіндіктер ұсынады. Coca-Cola компаниясының  Youth Inc. бағдарламасы шеңберіндегі қызметі Әзірбайжандағы жастар бизнесін құру және дамытуды қолдауға бағытталған. Coca-Cola, жастарға инвестициялау қоғамның экономикалық әл-ауқатын жақсарту және елдің тұрақты дамуына қолдау көрсету тұрғысынан өте маңызды деп есептейді.

Youth Inc. бизнес-инкубация Орталығы өз қызметін бастады және жас кәсіпкерлерге сұрақтардың кең шоғыры бойынша қызметтер көрсетуге дайын. Youth Inc. бағдарламасы туралы қосымша ақпарат www.youthinc.az. сайтында.

Австрия

Австрияның Федералдық экономикалық палатасы жанында Автрияның жас экономикасы (АЖЭ) атты арнайы ұйым қызмет етеді. Ұйым 36 000 адам жұмыс істейдін 9 аймақтық ( жерлік ) филиалдардан ( Австрияның федералдық жерлері санына байланысты ) , сонымен қатар 100 муниципалдық (аудандық) және жобалық топтардан құрылған. АЖЭ мүшелік ерікті түрде жүргізіледі.

АЖЭ мүшелерін бизнес саласындағы қызықты іс-шаралар мен кездесулер туралы хабарландырады, жас кәсіпкерліктің қалауларинг қадағалау үшін маңызды саяси-экономикалық тақырыптарда сауалнама жүргізеді, әлемдегі өзекті инновациялар жайлы арнайы инновациялық хабарлама таратады. АЖЭ аясында өз бизнесін ашу үшін жасалатын әрекеттер туралы заңды немесе тәжірибелік кеңес беретін жаңа кәсіпкерлерге арналған консалтингтік орталық жұмыс істейді. Ұйым ғаламторда бизнес-портал (Businessportal) жүргізеді.
     АЖЭ қаржыландыру негізінде Австрия экономикасының федералдық палатасынан беріледі.

Германия

Германияда федералдық деңгейдегі ірі жас кәсіпкерлер бірлестігі болып Wirtschaftsjunioren Deutschland (WJD) табылады. Ол 40 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер мен басқарушы қызметкерлерді біріктіреді. WJD құрамында 10 мыңнан аса белсенді мүшелері бар. WJD алдында қойылған мақсат – кәсіпкердің қоғамдағы жоғары мәртебесін қолдау, әлеуметтік жауапкершілігі бар экономиканың дамуына жәрдемдесу, әлемде германдық кәсіпкерліктің бәсекелестігін жоғарылату. Халықаралық қызмет Junior Chamber International (JCI) шеңберінде жүзеге асырылады. Ұйым 1954 жылы құрылған, 11 жерлік (Bayern, Baden-Württemberg, Berlin-Brandenburg, Hanseraum, Hessen, Nordrhein-Westfalen, Rheinland-Pfalz, Saarland, Sachsen, Sachsen-Anhalt, Thüringen) және 210 аудандық бірлестіктерден тұрады. Аудандық бөлімшелердің қызметіне аудандық сауда-өнеркәсіп палатасы жалпы басшылық етеді. Федералдық деңгейде – Берлиндегі Германияның сауда-өнеркәсіп палаталарының бірлестігі жүргізеді.

Тағы бір жас кәсіпкерлер бірлестігі – Отбасылық кәсіпорындардың жас меншіктенушілер одағы - Die Jungen Unternehmer (BJU Verband für junge Familien- und Eigentümerunternehmer). Одақ 1950 жылы құрылған, қазіргі таңда Германия экономикасы салаларының бар түрінен 40 жасқа дейін шамамен 1500 мүшесі бар. Кем дегенде 10 қызметкері бар, жылдық айналымы 1 млн. евродан асатын кәсіпорындардың иелері одақтың мүшесі бола алады. Сонымен қатар алдағы 5 жыл ішінде дамудың қажетті сатысына жету мүмкіншілігі бар екенін дәлелдеген жаңа кәсіпкер де одақ мүшесі бола алады.

Маңыздылығы жағынан үшінші орында «Қолөнер жастары» - Junioren des Handwerks e.V бірлестігін атап өтуге болады. Бұл қолөнер мамандарының жаңа буынын дайындауға жәрдемдесетін Германиядағы ең ірі ұйым. Ұйымның құрамында 25-40 жас аралығындағы 8000 мүше бар. Ұйым 120 аймақтық бірлестіктерден құралған. Федералдық бірлестіктің ш таб- пәтері Берлин қаласында орналасқан. Ұйым 1956 жылы Нюрнберг қаласында құрылған. Ұйымның басты міндеті жас шеберлердің кәсіби маманданыуына ықпал ету.

Италия

Жас кәсіпкерлер қауымдастықтары ( ЖКҚ ) – дербес жұмыс істейтін мемлекеттік емес ұйымдар, бірақ құрылымы бойынша Бүкілитальяндық Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер конфедерациясына (ӨКК) кіріп, оның жарғысы негізінде жұмыс істейді.

ӨКК жанында құрамына ЖКҚ-ң 20 аймақтық комитеті, 104 шет аймақтық/аумақтық тобы кіретін орталық ЖКҚ жұмыс істейді. ЖКҚ-ң жұмысына қатысу еріктілік негізінде, жыл сайынғы мүшелік салымды төлеумен жүзеге асырылады. Белгілі бір шығындарды ӨКК өтейді. ЖКҚ-ң жалпы мүшелер саны – 12 500 адам.

ЖКҚ Италияның қазіргі заманғы азаматтық қоғамында кәсіпкерлік құндылықтар мен мәдениетті насихаттауға, экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқарушылық-қолданбалы сипаттағы білімді жетілдіруге жәрдемдеседі.

Ломбардия облысының сауда палаталары (Мантуя, Лоди, Кремона) жастардың кәсіпкерлік рухын дамытып, жас кәсіпкерлердің компанияларын қолдауға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған жа кәсіпкерлер форумдарын өткізеді. Форумдар барысында «идеялар конкурсы», жобалар көрмесі өткізіледі, тәжірибелі кәсіпкерлер кәсіби институттардың болашақ түлектері үшін кеңестер өткізеді.

ЖКҚ аймақтық топтарынының жұмысын ЖКҚ Ұлттық кеңесі және Орталық кеңесі жүргізеді.

Канада

Жас кәсіпкерлік қоры ( ЖКҚ ) – федералдық деңгейдегі ұйым болып табылады. Оның басты міндеттер жас канадалық кәсіпкерлерге жеке кәсіпорындар мен ұйымдар құруда барынша қолдау мен көмек көрсету.

Қордың басты мақсаттары: жастар кәсіпкерлігі көмегімен ел аумағында жаңа жұмыс орындарын құру, инновациялар мен жаңа идеялар енгізу.

ЖКҚ құрамына аумақтық бөлімдер (филиалдар) кіреді. ЖКҚ жұмысына қатысушылар саны волонтерларды қоса алғанда 4 мыңға жуық адам.

Қызығушылық танытушы жас кәсіпкерлерге ЖКҚ бірқатар кешенді бағдарламалар ұсынады және олар өтініш берушілерге тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қолдау федералдық деңгейдегі екі министрлікпен жүзеге асырылады – Канаданың Шағын кәсіпкерлік пен туризм министрлігі, Канаданың Өнеркәсіп министрлігі. Жастар кәсіпкерлігіне байланысты бірқатар сұрақтарды шешуде Жастар министрлігі белгілі роль атқарады.

Бірінші деңгей – федерал дық . Канадада жастар кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуда негізгі жүктеме бүкіл ел аумағында аймақтық бөлімшелерінің тармақты жүйесі бар ЖКҚ-ға артылады.

Екінші деңгей – шет аймақтық . ЖКҚ аймақтық бөлімдерімен бірге шет аймақтардың көбінде бизнес саласында жергілікті нарықтың ерекшеліктерін, халықтың ұлттық құрамын, қалыптасқан дәстүрлерді есепке ала отырып жастарды қолдауға бағытталған басқа да коммерциялық емес ұйымдар жұмыс істейді.

Үшінші деңгей – университеттік. Іс жүзінде кез келген университетте жас кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығы (немесе клубы) бар, оның қызметі ішкі жарғымен және жұмыс тәртібімен реттеледі. Бірқатар университеттерде кәсіби факултеттермен қатар, жоғарға оқу орнына кейін берілетін білім беретін бизнес-мектептер бар. Осындай бизнес-мектептерді бітіргенне кейін түлектер өз ісін жүргізу туралы барлық қажетті және практикалық қабілеттерге ие болады, оларда нақты жасалған және сараптамадан өткен бизнес-жоспар мен телімгерлерінің кеңестері болады, бұлардың бәрі мемлекеттік қаржылық қолдау алуға өтінім беру кезінде қойылатын талаптардың бірі.

ЖКҚ қызметі Канаданың өнеркәсіп министрлігінен, Онтарио шет аймағының үкіметінен, канадалық 5 ірі банктерден – CIBC, Montreal Bank, RBC, Scotiabank, TD Canada Trust, 6 компаниядан – Bombardie, EnCana, Canam Group, Shaw, Axor, Clearwater, 3 қордан – Alberta Lottery Fund, RBC Foundation, The Jonh Dobson Foundation қаржыландырады. Тағы 13 ұйым ЖКҚ кейбір бағдарламаларын тұрақты түрде қолдайды.

Жастар кәсіпкерлік қорының көмегімен 17 500 аса жаңа жұмы орындары құрылып, 400 аса жас кәсіпкерлер жобаларына инвестициялар салынды.

Жапония

Жас кәсіпкерлер федерациясы ( ЖКФ ) – көптеген жергілікті СӨП-ң құрылымдық бөлімдері болып келеді. ЖКФ-ң жұмысының ұйымдық түрі – жалпы жиналыстар, директорлар, презмиденттер, вице-президенттер конференциясы, комиссиялар мен комитеттер жиналыстары және аймақтық өкілдердің кездесуі сияқты шараларды ұйымдастыру. ЖКФ белсенділерінің саны басшыларды қоса алғанда 5500 адамға жетеді.

ЖКФ қызметі (негізінде әрқайсысында 5 адамға дейін жұмыс істейтін олардың секретариаттарының) федерация құрамына кіретін компаниялардың мүшелік салымдары есебінен төленеді. Салымдар көлемі кәсіпорынның орналасқан аймағына және кәсіпорынның көлеміне байланысты әр түрлі болады. Әдетте, салымдар көлемі айына 2 мың иенді (шамамен 25 долл.) және жылына 24 мың иенді (шамамен 300 долл.) құрайды. Қосымша қаражат (бюджеттерінің 10 пайызы) ЖКФ қай СӨП құрамында жұмыс істесе, тікелей сол СӨП-н келіп түседі. ЖКФ мүшелерінің жасы 45 жасқа дейін, бірақ бұл шектеу қатал сипатта емес.

ЖКФ СӨП-ның аймақтарды дамыту, кәсіпкерлік мәдениетін жетілдіру, қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына жәрдемдеседі. СӨП жанындағы ЖКФ ең перспективті идеяларды анықтау үшін жалпы ұлттық бизнес-жоспарлар байқауын өткізеді, жеңімпаздарға зерттемелерін коммерциализациялау бойынша және басқару тәсілдерін жақсарту туралы кеңестер беріледі.

1983 жылы құрылған Жапонияның СӨП-сы жанындағы ЖКФ-ң мүшелері – 27 мың адамды бірлестірген 400 ЖКФ.

Ресей

Бизнес көшбасшыларының халықаралық форумы

 Бизнес-көшбасшылар халықаралық форумы (IBLF Russia) – бұл 2007 жылдан бері Ресейде жұмыс істеп келе жатқан коммерциялық емес ұйым. Басты мақсаты – салааралық серіктестік пен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді кеңейтілген шеңберде іс-қимыл жасау.

 2008 жылдан бері IBLF Russia «Ресейдің жастар кәсіпкерлігі» бағдарламасын әске асырып келеді. Ол өз ісін ашқысы келетін жас кәсіпкерлерге кешенді қызмет түрлерін ұсынады.

 Бағдарламаның негізгі компоненттері: бизнесті жүргізу мен ұйымдастыру бойынша оқыту әрі кеңес беру, стартты капиталға қол жеткізу және тәлімгер көмегі. Қазіргі уақытта РЖК Ресейдің сегіз аймағында өз қызметін атқаруда – Калужск, Воронежск, Новосибирск, Ростовск және Кировск областарында, Приморск  және Краснодарск аймақтары мен  Мәскеу қаласында.

РЖК бағдарламасы Youth Business Internationa халықаралық жастар бизнесін қолдау желілік бағдарламасының мүшелерімен аккредиттелген.

 Бағдарлама механизмі

«Ресей жастар кәсіпкерлігі» бағдарламасы жастар кәсіпкерлігін дамытуға ықпал етуге бағытталған, жұмыс орындарын іздеудің альтернативті әдісін іздеу және жастарды аймақтағы әлеуметтік-экономикалық үрдіске жұмылдыру.

«АГАТ» қорының шағын бизнесті қолдау бағдарламасы жаңа бастаушы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бұл өз ісін жолға қою үшін тиімді және игілікті алаң. Қор жас кәсіпкерлерге олардың бизнес жобаларын іске асыруға көмектеседі. Оның үстіне бизнес идеяны бағалауда, бизнес-жоспарды талдау және даярлауда көмек береді. Қор жастардың жанында тәжірибелі және сенімді тәлімгер-кәсіпқойдың болуына және кепілсіз жеңілдікті несие түрінде бастапқы капитал алуға мүмкіндік жасайды. «АГАТ» қоры, шағын бизнеске көмек көрсету орталығы бола отырып, өндіріс, сауда және қызметтер саласындағы кәсіпкерлік жобаларды қолдайды.

«АГАТ» шағын бизнесті қолдау қоры жоғары технологиялар және ғылыми әзірлемелер саласындағы жобаларды, 750 мың рубль сомада несие талап ететін бизнестерді, өңір өзгешелігіне орай жоғары қатерге ие қызмет түрлерін қарамайды.

«АГАТ» Қоры Бағдарламасының шағын бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларынан басты айырмашылығы болып бастаушы кәсіпкердің бизнесін тәжірибелі бизнес тәлімгермен жеке түрде кеңестік сүйемелдеу табылады. Екі жыл бойы жас бизнесмен өзін толғандыратын кез келген сұрақтар бойынша өз тәлімгеріне жүгінеді және өз бизнесін ұйымдастыру және дамытуда құнды көмекті тегін алады.

Несие түріндегі бастапқы капитал алу үшін кәсіпкерге, әдетте, банктерде талап етілетіндей, кепілзат берудің керегі жоқ, несиелеу мөлшерлемесі төмен, ал Қордың қызметкерлері құрастыруға көмектескен бизнес-жоспар көп жағдайда бизнес-идеяның табыстылығының кепілі бола алады. Бұған кәсіпкерлік қабілет пен өз стартапын іске асыруға деген нақты шешім қосылса болғаны!

Молдова 

Молдова жастарын экономикалық қолдаудың ұлттық бағдарламасы жас молдовалық кәсіпкерлерге оқытудан өтуге және өз бизнес-идеяларын енгізу үшін мемлекеттен қаржыландыру алуға мүмкіндік береді.

Жастарды экономикалық қолдаудың ұлттық бағдарламасы Молдова Республикасында жаңа бизнесті дамытуда жастардың қатысуын қолдаудың тиімді үлгісі ретінде орнықты. Кәсіпкерлік қызметке оқыту курстары ұйымдастырылды, оны 4 мыңнан аса адам аяқтады. Шамамен 1,7 мың бизнес идеялар 477,8 млн. лей сомаға қаржыландыру алды, оның ішінде қарыз көлемінен 40% мөлшерде 189 млн. лей өтеусіз гранттар бар. Жасалған инвестициялардың арқасында шамамен 2,5 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. 2017 жылға 20 миллион лей бөлу көзделген, бұл жас кәсіпкерлермен ашылған шамамен 170 кәсіпорынды қоса қаржыландыруға мүмкіндік жасайтын ресурстар.

Бағдарламаның мақсаты: жастардың бойында білім және ресурстарды (қаржылық, адами, материалдық, уақытша және т.б.) оңтайлы пайдалануға негізделген кәсіпкерлік қабілеттерді дамыту, жас кәсіпкерлердің өз бизнесін ашу және дамытуы үшін қажетті қаржылық ресурстарға қол жеткізуін жеңілдету, жастарды жаңа кәсіпорындар құруға және дамытуға ынталандыру.

Бағдарлама:

    өзінің іскери қабілеттілігін дамытуға;

    ауылдық жерде өз ісін ашуға;

    жаңа жұмыс орындарын құра отырып, ауылдық өңірлердегі қолданыстағы өз ісін дамытуға ниет білдірген, 18-30 жас арасындағы   жастарға арналған.

Бағдарлама үш компоненттен тұрады:

-    I-компонент: кәсіпкерлік қызмет жөнінде оқыту және кеңес беру

-    II-компонент: грант үлесімен (40%) 300.000 лейға дейін сомаға несиелер беру (5 жылға)

-    III-компонент: Постқаржылық мониторинг

Сингапурдағы стартап жобаларды қаржыландыру

Сингапурдың стартап-индустриясы қаржыландырудың қолжетімділігімен ерекшеленеді. Сингапурда бастапқы инвестициялардың орташа мөлшері — 500-550 мың сингапурлық доллар, бұл мысалы, Кремний алқабынан ($900-950 мың) әлдеқайда аз.

Ірі инвесторлар арасында — 500 Startups, August Capital, East Ventures, NSI Ventures және Pix Vine Capital бар. Сонымен қатар, Сингапурде стартапшыларға бизнес-қолдаушылар және венчурлік қорлар өкілдерімен танысуға көмектесетін бірнеше делдалдық фирмалар бар. Мұндай ұйымдардың арасында — Angel Investment Network (бизнес-періштелердің сингапурлық ең ірі деректер базасына қол жеткізуін қамтамасыз етеді) және BANSEA (Business Angel Network Southeast Asia). BANSEA нақты бизнес-жоспарлары бар және 72-720 мың доллар көлеміндегі капиталға мұқтаж компаниялармен жұмыс істейді.

  Сингапурде бизнес дамуының ерте сатысында көмектесетін акселератор мен инкубаторлар көп. Міне, олардың кейбіреулері:

Clearbridge Accelerator – венчурлық қор және инкубатор, ол биотехнологиялар және ақпараттық қауіпсіздікте маманданған стартаптарды инвестициялайды. Инвестициялар көлемі —720 мың сингапурлық долларға дейін.

 InspirAsia –сияқты мобильді төлемдер, кредит беру, мобильді банкинг, ақша аударымдары   сияқты салалардағы жұмыс істеп жатқан жобаларға бағытталған  үдеткіш. Жобалар 5-15 % капитал үлесінің орнына 50 мыңнан 300 мың АҚШ долларына дейін алады.

 JFDI (Joyful Frog Digital Incubator) – қарқынды менторлық бағдарламаны және 36 мың сингапурлық долларды стартап капиталының үлесіне (8,9%) алмастыруды ұсынады.

 Startupbootcamp FinTech –қаржы технологияларда маманданған стартапға көмектесетін үдеткіш. 17,6 мың сингапурлық доллар мөлшерінде қаржыландыруды, 4 ай бойы тегін жұмыс орнын,     сонымен қатар, капиталдың 6% үлесін  бизнес-қолдаушылар  және менторлармен байланысқа айырбастауды ұсынады.

Кремний алқабының азиялық аналогын құруға ұмтылған  сингапур үкіметі,  гранттар мен бизнес бастамаларды қолдауға ақша аямайды. Мемлекеттік бағдарламалар  арасында мынадайларды атап өтуге болады:

·        Accreditation@IDA – ақпараттық қоғамды дамыту жөніндегі Агенттіктің бастамасы (Infocomm Development Authority, IDA) стартаптарға ірі компаниялармен келісім-шарттар жасасуға көмектеседі.

·        ACE стартаптар  үшін гранттары (Action Community for Entrepreneurship) –36 мың сингапурлық долларға дейінгі мөлшерде гранттар. Шарттары: жеке қаражатын салу және кәсіпкерлік тәжірибенің болмауы (үміткер жаңа бастаған кәсіпкер болуы тиіс,  бұрын Сингапурде тіркелген фирмалары болмауы тиіс).

·        I. JAM (IDM Jump-start and Mentor) – бюджеттік қаражат үкіметте  аккредиттелген жеке бизнес-инкубаторлар желісі арқылы стартаптар арасында бөлінеді. Екі транш бөлінеді: бірінші —   36 мың сингапурлық долларға дейін, екінші —144 мың.

Технологияларды инкубациялау бағдарламасы TIS (Technology Incubation Scheme) – бағдарлама Сингапур Ұлттық зерттеу қорының (National Research Foundation) бастамасы бойынша іске қосылған. Венчурлік капиталды тарта отырып, жобаларды қоса қаржыландыруды ұсынады —венчурлық инвестордың 85% дейін капитал салымын немесе 360 мың сингапурлық долларға дейін.


Ирландиядағы стартаптарды қолдау

Ирландия –өз бизнес-жобаларын іске асырам деушілер үшін тамаша ел. Әр түрлі қолдау бағдарламалары, төмен салықтар, стартап-визалар алудың қарапайым процедурасы – мұның барлығы  Ирландияны жыл сайын кәсіпкерлік үшін ең тартымды елдердің рейтингісінде болуына мүмкіндік береді. Мұнда келуге тілек білдірушілердің саны көрші Ұлыбританияға қарағанда әлдеқайда аз, сондықтан бизнес-идеяларды жүзеге асыру мүмкіндігі едәуір ұлғаяды.

Өз жолын Ирландияда бастаған бизнеске, халықаралық нарыққа шығу қиынға соқпайды. Жаңа кәсіпкерлер стартап дамуының барлық деңгейінде қаржыландыру және қолдау бағдарламаларының кең аясына қол жеткізе алады. Елде корпоративтік салық салу жүйесі  ыңғайлы: кәсіпкерлік қызметтің көптеген салалары үшін пайдаға салынатын салық– 12,5%. Ал өндіріс, қаржылық қызметтер және инжиниринг салалардағы жеңілдетілген бизнес үшін салық – 10%. Бұл Еуропадағы  ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Сондықтан Ирландия тәжірибелі де, бастаушы кәсіпкерлер үшін де тартымды ел.

Перспективалы салалар

Ирландияда өз жобаларын дамытуға бел буғандар, бірінші кезекте, ұсынылып отырған жоба "жоғары потенциалды" санатына кіретінін дәлелдеу керек, яғни  бизнес-идея біртума және инновациялық болғаны абзал.

 Жергілікті және халықаралық инвесторлар тұрғысынан Ирландияда стартаптар үшін ең тартымды салалар:

- Электроника және инжиниринг

- Компьютерлік жүйелер, софт және мобильді қосымшаларды әзірлеу, гейм- дизайн

- Фармацевтика

- Косметика  өндіру

- Қауіпсіздік жүйелерін, автомобиль компоненттерін өндіру

- медициналық жабдықтарды әзірлеу,

- Биотехнология

- Азық-түлік тауарларын өндіру  

Boston Scientific және Medtronic сияқты медициналық технологиялар саласындағы көшбасшы  он компаниялардың ішінде тоғызы Ирландияда орналасқан. Сондықтан, бұл   нарықта бәсекелестік өте жоғары екенін түсіну маңызды. IT-индустрияда да сондай көрініс орын алуда.

Қаржыландыру және инвестициялар

Жас компанияларға ирландық венчурлық қорлар, мемлекеттік агенттіктер, бизнес-инкубаторлар және акселераторлар қаржылық қолдау беруге дайын. Шамамен 10 жыл бойы стартапшылар арасында сайыстар өткізіледі. Оның жеңімпаздары үлкен көлемдегі инвестицияларды алып, көшкен кезде ақпараттық және визалық қолдауға, Ирландияда өз ісін дамытуға көмектесетін тағы да басқа көмекке ие болады.

Competitive Start Up Fund

Enterprise Ireland ірі мемлекеттік агенттігі ел үкіметімен бірлесіп, жылына екі рет стартаптар үшін "Competitive Start Up Fund" байқауын ұйымдастырады.

Қатысу шарттары:

Стартап жасы 3 жылдан аспауы керек.

Алдыңғы инвестициялар 100 мың еуродан аспау керек.

Компания  айналымы жылына 60 мың еуродан аспау керек.

10 жеңімпаз 50 мың евро көлемінде инвестиция, визалық қолдау және кейіннен көші-қон және инкорпорация мәселелері бойынша әртарапты көмек алады. Айта кетерлігі, байқау және жеңімпаздар үшін көмек бағдарламасы тек шетелдік (ирландық емес) стартаптар мен қалыптасудың ерте кезеңіндегі компанияларға арналған.

NDRC және Pulsar Venture Capital бағдарламасы

Enterprise Ireland  агенттігі NDRC акселераторымен бірлесіп, Pulsar Venture Capital венчурлік қордың ресейлік филиалымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы жариялады.

Мұнда технология салаларында стартап жобалардың негізін қалаушыларға басымдық беріледі: IT және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, болашақ медицинасы және биотехнология. Міндетті шарт: үміткер толық прототипке немесе дайын жобаға ие болу керек.

Шетелдік стартаптарды дамытуға көмектесетін Ирландияның басқа да венчурлық қорлары, акселераторы және бизнес-инкубаторлары:

Propeller Venture Accelerator Fund –Еуропадағы ең ірі стартап-инкубаторлардың бірі. Дублиннің Қалалық университеті жетекшілік етеді. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге Дублиннің "Кремнийлі доктарында" (Facebook. LinkedIn, Google сияқты әлемдік компаниялардың кеңселері дәл сол жерде орналасқан) бес айлық үдеткіш бағдарламаны өту және компания акцияларының 7,5% 30 мың еуро мөлшерінде инвестициялға айырбастауға ұсынылады. Инкубатор бірінші кезекте  технологиялық салалардағы бизнесті қолдайды.

Startupbootcamp үдеткіші стартапшыларға үш айлық дайындау бағдарламасын ұсынады, 15 мың еуро көлемінде инвестицияны, 6 айға кеңсені және жүздеген әлеуетті инвесторлармен түрлі конференцияларда танысу. Басым салалар: IT, биотехнология.

Медицина саласындағы компаниялардың негізін қалаушыларға HealthXL қорына назар аудару қажет. Ол инвесторларды табуға көмектесіп,   денсаулық сақтау саласымен байланысты мәселелер бойынша кеңес береді.