Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Табысқа жеткен кәсіпкер әйелдер туралы


«Дамудан» бөлінген қаржы макарон өндіруші компанияның өндірісін 30% арттырды

Макарон өнімін татпаған адам жоқ шығар , сірә .
Әдемі, әр түрлі түстегі полиэтиллен орамалармен қапталған бұл тағам жердің түкпір- түкпірінде тонналап өндіріледі. Алайда ол қаншама көп өндірілсе де, адам баласы одан жалығар емес. Демек, оған сұраныс мол.

Макаронды дайындаудың жүздеген түрі бар. Жай суға пісірілген макарон, флоттық үлгідегі макарон, лазанья, итальяндық рецептпен жасалған спагетти, миландық үлгідегі кеспе және тағысын тағылар боп кете береді.
Алайда ұннан жасалған бұл тағам сіздің ас бөлмеңіздің сөресіне қалай келеді екен? «Дүкеннен мен сатып әкелдім ғой!»,- дейтініңіз даусыз.Бұл да дұрыс жауап. Ал ол дүкенге қалай келді? Қалай өндірілді? 


Макарон өнімдерін өндірумен айналысатын «Злак Плюс М» ЖШС өндіріс орны өз жұмысын 2001 жылы Қостанай облысында бастаған. Нарықтық сараптама, бизнес-жоспарды жасау, жабдықтаушылардың арасынан ең үздігін таңдау, өндіріс үшін керекті құрал-жабдықтарды қамтамасыз ету және ең бастысы, өнімді өндіру мен оның сапасын қадағалау оңай шаруа емес. Алайда жетекшілердің өз ісіне деген сенімі мен кәсіби біліктілігі көп күттірмей өзінің оң нәтижелерін бере бастады. 


«Алғашқы қадамдарымыз қиын болғанымен, іс бірте-бірте түзеле бастады.Ал Италиядан алынған жаңа құрал-жабдықтар— ісіміздің өнімділігі мен бәсекелестік қабілетімізді одан ары арттыруға мүмкіндік беретініне көз жеткіздік те ескірген құрал-жабдықтарды жаңасына ауыстыруға шешім қабылдадық. Алайда, бүкіл қаржы айналымда болғандықтан, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан несие алуға бел будық. Қордың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын қолдауға бағытталған «Даму Қолдау» бағдарламасы бойынша алынған несиеге Италиядан макарон өнімдерін өндіруге арналған жаңа құрал-жабдықтар сатып алдық. Енді оларды жинау және іске қосу процесі ғана қалды. Әрине, қазір алдын-ала болжам жасау қиындау, бірақ бұл өзгерістер өнім көлемін 30% өсіруге көмектеседі деп жоспарлап отырмыз»,- дейді «Злак Плюс М» ЖШС директоры Деменева Александра Петровна. 


Яғни, жақын арада нарықтағы макарондық өсім тағы да артпақ. Пайызбен айтқанда бұл онша сезіле қоймайтын шығар, сондықтан біз оны тоннамен есптеп көрейік. «Злак Плюс М» ЖШС-ның берген мәліметі бойынша, 2009 жылы кәсіпорынның өнім көлемі 133 тонна құрапты.133-ке 30% пайызды қосқанда 172,9 деген санға қол жеткіземіз. Демек, 39,9 тоннаға артады. Қуануға тұратын жайт емес пе?! 


Бүгінде «Злак Плюс М» ЖШС кәсіпорны 49 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
«Болашақта жұмыс орындарын көбейтіп, өнімімізді шет елдердің нарығына шығаруды жоспарлап отырмыз. Алғашқы экпорт Қырғызстанға бағытталатын болар»,-дейді «Злак Плюс М» ЖШС директоры

«Еңбектен қашпа,ырысыңды шашпа».
«Даму» қорының бағдарламалары кәсіпті кеңейтуге жол ашады.
Бүгінде елімізде жеңіл өнеркәсіпті дамытуға басымдық берілуде. Өзге елдерге алақан жаймай, отандық киім өндірісіне қан жүгіртуге бағытталған бастамалар бір төбе.
Жеті мәрте пішіп, бір рет кесу. Бұл Гүлсім Оразоваға тән қасиет. Оның арқасында бүгінде маңғыстаулық нәзік жанның асығы алшысынан түсіп отыр.
«Ізденген мұратқа жетер». Қомақты көлемдегі несиенің арқасында Қызылжар қаласында өз ісін кеңейткен кәсіпкерлердің қарасы көбейді. Солтүстікқазақстандық Юлия Редькина тынымсыз еңбегінің жемісін сезінді. 20 жылдық тәжірибесі бар тіс дәрігері бүгінде өзінің отбасылық стоматологиялық клиникасына бас-көз болып отыр. Нәзік жан асқақ арманына «Даму» Қоры арқылы қол жеткізді.
«Дамудың» игі бастамалары алтын бесік ауылдарда кәсіп көзін табуға мүмкіндік береді. Оның арқасында елдімекендер түлеп, жаңа жұмыс орындары ашылады. 2015 жылы Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында балаларға арналған тұңғыш ойын-сауық орталығы есігін айқара ашты. Оның тізгінін ұстаған Күнсұлу Құдайбергенованың таңдауына кішкентай тұрғындарға арналған алаңның жоқтығы түрткі болған. Нәзік жанның көкейдегі арманы «Даму» Қорының қолдауымен өмірге жолдама алған.
«Ерінбей еңбек етсең, ерінің асқа тиеді». Аталы сөздің өміршеңдігіне оңтүстік қазақстандық нәзік жан көз жеткізді. Табысты кәсіпорынның тізгінін ұстаған Дана Жұмабаева отандық жеңіл өнеркәсіпті қанат жаюына атсалысуда. «KAZPLAST» ЖШС еліміздегі барлық дерлік тігін фабрикаларын алуан тігін фурнитуларымен қамтып отыр. Түрлі түстегі және үлгідегі түймелердің, бекіткіштер мен карабиндердің өндірісі оң жолға қойылды. Мемлекеттің жылы алақаны кәсіпорынның тынысын кеңейтуге және қуаттылықты арттыруға жол ашты. «Даму-Өндіріс» және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары «KAZPLAST» ЖШС асығын алшысынан түсірді.
Тасы өрге домалаған «Гофротара зауыты» ЖШС өнімін бүгінде еліміздегі өндіріс орындары кеңінен кәдеге жаратады. Жоғары сапаға негізделген цехтың күрделі және ауыр жұмысын нәзік жан ұршықтай иіріп отыр. Гүлнәр Қайдарова өндірісті аяғынан тұрғызу әйелдер қауымының да қолынан келетінін дәлелдеді. Қаржылық қысылтаяңдарға қарамастан, зауыттың жұмысы алға басты. 11 жыл ішінде өндірістің тынысы кеңейіп, жаңа желілер іске қосылды. Енді ішкі нарық өнеркәсіптің қажеттілігіне арналған үш қабатты қатты қағаздан, орамалардан, гофриленген картоннан жасалған қораптардан қағажу көрмейді. Қуаттылықты күшейтуге «Даму» Қорының бағдарламалары жол ашқан. Кәсіпкер қаржы көзімен қатар арнайы курста қосымша біліммен қаруланған.
Күрделі әрі қиын кәсіпті аяққа нық тұрғызу нәзік жандардың да қолынан келеді. Оны Салика Наурзалеева дәлелдеді. Бүгінде кәсіпкер техникалық қарап-тексеру орталығының тізгінін ұстап отыр. 6 адам жұмыспен қамтылған. Заманауи орталықта жүгінетін жүргізушілері аз емес. Бірі талапқа сәйкес жылына бір мәрте темір тұлпарларын тексеруден өткізсе, екіншілері көлікті жуу қызметін пайдаланады.
Жаны жомарт Тамара Соколова жанашырлығымен көпшілікке мәшһүр. Әлеуметтік жауапкершілікті сезінген кәсіпкер мұқтаж жандарға қол созып, қайырымдылық шараларға бастамашылдық танытады. Беделді және белсенді зейнеттегі нәзік жан бүгінде қос супермаркеттің жұмысын үйлестіріп отыр. Оның екіншісін ашуға «Даму» қоры демеу көрсеткен. Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының игілігін сезінді.

1 2 3 4 5 ... 11 >