Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Кәсіпкер әйелдерді қолдау бағдарламалары


Қаражатты кейіннен әйелдер кәсіпкерлігіне микрокредит беру үшін екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 05.03.2009 ж. Қазақстан әйелдерінің V Форумында берген тапсырмасына сәйкес іске асырылады. Бағдарламаның мақсаты кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін жұмыс істеп жүрген және кәсібін жаңадан бастайтын әйелдер кәсіпкерлігі субъектілерінің жобаларына жеңілдікпен кредит беру арқылы ынталандыру болып табылады.

Тіркелген және өз қызметін ҚР заңына сәйкес жүзеге асырып жүрген жеке кәсіпкер әйелдер бағдарлама аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландырылады.

Бағдарламаға мынадай банктер қатысады:

1.     «Банк ЦентрКредит» АҚ;

2.     «Цеснабанк» АҚ;

3.     «Еуразиялық Банк» АҚ;

4.     «Delta Bank» АҚ;

5.     «AsiaCredit Bank» АҚ.

ШОКС-н Бағдарлама аясында негізгі несиелендіру талаптары:

  • қаражатты мақсатты пайдалану – қолданыстағы кредиттерді қайтақаржыландыру, инвестициялық мақсат, айналым қаражатын толықтыру;
  • соңғы қарыз алушы үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдығы 14,0% пайыздан көп емес;
  • қарыз бойынша кредит беру мерзімі:
    • айналым қаражатын толықтыру - 36 айға дейін;
    • негізгі қаражат сатып алуға және жаңалауға - 60 айға дейін;
  • қарыз валютасы – теңге;
  • бір қарыз алушыға берілетін қаржыландыру лимиті – 8 000 айлық есепті көрсеткішке дейін;
  • жобаларды салалық бағыттылығына қарай қаржыландыруға шектеу жоқ;
  • ШКС Бағдарлама қаражаты есебінен әртүрлі банктерден, қаржы ұйымдарынан бір уақытта Қарыз ала алмайды;
  • Қарыз алушы Қарызды Банктік қарыз шартын / Кредит желісін ашу туралы келісім жасасқан күннен бастап, Қор қаражаты есебінен 2 ай ішінде игеруді бастауға міндетті;
  • өзге талаптарды Әріптес банктердің өздері белгілейді.

Бағдарлама бойынша:

  • салық бойынша берешегі бар және Әріптес банкке қарыз алуға өтініммен барған күні бюджетке 10 АЕК асатын міндетті өзге төлемдері бар ШКС-н;
  • Қордың өзі тікелей қаржыландырған ШОКС жобаларынан бөлек, қаржыландыру көзі Қор болып табылатын ШОКС-ң қолданыстағы қарыздарын қайтақаржыландыру мақсаты үшін ШОКС-не қарыз беруге тыйым салынады.