Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Салықтық тексерулерді жүргізу туралы ұйғарымға қоса жазылған салық төлеушіге арналған нұсқаулық


Салық төлеушілердің құқықтары:

1. Ешкім салық қызметі органдары тарапынан шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысана, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни сеніміне, ұстанымдарына, тұрғылықты жетіне байланысты немесе басқа да кезкелген жағдайлар бойынша кемсітілуіне жол берілмейді.

2. Сіздің салық заңнамасында реттелетін қатынастарға жеке өзіңіз не заңды немесе уәкілетті өкіліңіз арқылы қатысуға құқығыңыз бар. Салық заңнамасында реттелетін қатынастарда Сіздің атыңыздан өкіліңізбен жасалған әрекеттер (әрекетсіздіктер) Сіздің әрекеттеріңіз (әрекетсіздіктеріңіз) деп танылады.

3. Салық қызметі органдары өз міндеттерін жүзеге асыру барысында Сізге құрметпен, өзара сыйластық қағидаларын басшылыққа ала отырып әрекет жасауға міндетті.

4. Салық қызметі органдарының Сізден Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген қандай-да талаптарды орындауды талап етуге құқығы жоқ.

5. Сіздің салық қызметі органдарына салық салуға байланысты емес ақпартты және құжаттарды ұсынбау құқығыңыз бар.

6. Қазақстан Республикасының да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулылырға, сондай-ақ салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқығыңыз бар.

7. Салықтық тексеруді бастамас бұрын салық қызметі органының лауазымды тұлғалары қызметтік куәлігін және салық қызметі органының бірінші басшысының немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның қолы қойылған, елтаңба мөрімен расталған, салық заңнамасы талаптарына сәйкес рәсімделген, осы тексеруді жүргізу туралы ұйғарымды ұсынуы тиіс.