Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Арнаулы салық тәртіптемесінің өзгешеліктері


Бүгінгі таңда Қазақстанда бизнесті дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған, бастысы шағын бизнесті дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Бұл үшін жыл сайын салықтық заңнаманың нормалары жетілдіріледі.  Салық төлеушілердің салықтық есептілікті құастыру және оңайлату мақсатында салық төлеушілердің әртүрлі категориялары үшін арнайы салықтық режимдердің бірнеше түрлері қарастырылған.

Салық кодексіне сәйкес арнаулы салықтық режимдер келесі түрлерге бөлінеді:

1) төмендегілерден тұратын, шағын бизнес субъектiлерi үшін арнаулы салық режимі:

патент негізінде арнаулы салық режиміа;

оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі;

2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;

3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.

Арнаулы салықтық режимдерді шағын бизнес субъектілері үшін қолдану бойынша сұрақтар жиірек туындағандықтан, олар жөнінде нақтырақ айтып өтейік.

Арнаулы салық режімi шағын бизнес субъектiлерi үшiн төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi.

Салық Кодексінің 427 бабының 8-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасында және одан тыс жерде алынған (алынуға жататын), осы баптың 4-тармағында көрсетілген кірістердің барлық түрлерінен тұратын, салық кезеңіндегі кіріс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылады.

Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудің төменде санамаланған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
     1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
     2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
     3) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.

Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтiзбелiк бір жыл қолданылғаннан кейiн ғана келесі арнаулы салық режимiне ауысуға болатынын білу қажет.

 

Патент негізіндегі арнаулы салық режимі.

Патент негізінде арнаулы салық режімін осы Кодекстің 428-бабы және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын, жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын,  салық кезеңіндегі шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есеп-қисабын (осы тараудың мақсатында бұдан әрі – Есеп-қисап) ұсынады.

Есеп-қисапты қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады. Әкімшілік айыппұлдарды болдырмау үшін Есеп-қисапты ұсыну мерзімі туралы білу қажет.

 жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер  (бұдан әрі ДК)– дара кәсіпкерді салық органдарында ДК ретінде мемлекеттік тіркеу күні туралы салықтық арызымен бір уақытта Есеп-қисапты ұсынады. 

Жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер – патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану айының 1 күніне дейін ұсынады.

Кезекті патентті алу үшін патент негізінде арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер – алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынады.

Есеп-қисап патент құнын есептеу үшін салық есептілігі болып табылады. Салық төлеуші патент құнын төлеуді есеп-қисапты табыс еткенге дейін жүргізеді.

Патент құнына жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың төленуге жататын сомалары қосылады.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың патент құнына қосылатын сомаларын есептеу салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі, есептелген соманың  ½ бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы және әлеуметтік аударымдар шегеріліп, есептелген соманың  ½ бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады. Патент құнына қосылатын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеу "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі. Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

 

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.

Салық Кодекстің 428-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынадай шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады және келесі талаптарға сәйкес келеді:

1) дара кәсіпкерлер үшін:

дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болады;
      салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құрайды;

2) заңды тұлғалар үшін:

қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;
      салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімін қолданады

Жартыжылдық салық кезеңі болып табылады.

Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3 пайыз мөлшерiндегi мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі

Ал Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi.

Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы - оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге жатады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 272 бабына сәйкес Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін ұсынбауы –
      әкімшілік айыппұлға әкеп соғатынын шағын бизнес субъектілері білулері тиіс.