Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Салық төлеушіні тіркеулік есепке тұрғызу


Егер адамға өз ісін бастау туралы ой келсе, әрине оны тіркеу қажеттілігі туындайды.

Құзырлы орган салық төлеушілердің мемлекеттік мәліметтер базасын қалыптастыру жолымен салық төлеушілердің есебін жүргізеді. Салық төлеушілердің мемлекеттік мәліметтер базасы бұл салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.

Салық төлеушілердің мемлекеттік мәліметтер базасын қалыптастырудағы мақсат:

1) салық төлеуші ретінде жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық органдарында тіркеу;

2-тармақшаға өзгерістер енгізу көзделген - ҚР 2010.04.02N 262-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) (бұрынғы редакцияны қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)( бұрынғы редакцияны қараңыз);2014.11.28№ 257-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2) салық төлеушінің тіркеу есебіне тұруы:

жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде;

қосылған құнға салынған салық бойынша;

электронды салық төлеуші ретінде;

қызметтің жеке түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде;

салық салынумен байланысты  салық төленетін нысан және/немесе нысанның орналасқан орны бойынша;

Салық кодексінің 197 бабының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушы ретінде резидент-заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша.

Бұл бөлімді біз қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға қатысты қойылатын сұраққа арнағымыз келеді.Қосылған құн салығын төлеушілер тіркеу есебі міндетті және ерікті тіркеуге тұру болып бөлінеді.

 

2017 жылғы 1 мамырдан бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою және есептен шығару тәртібі өзгереді

ҚР 2017 жылдың 27 ақпандағы № 49-VI заңымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, оның ішінде Салық кодексіне, азаматтық, банктік заңнама бойынша және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Салық Кодексінің 568, 569, 571 баптарының ҚҚС тіркеу есебіне қою және есептен шығару тәртібіне қатысты енгізілген өзгерістер ерекше назарға лайық.

Осылайша, ҚҚС бойынша есепке қою үшін, өтініш өзі келу тәртібімен қағаз тасығышта немесе электрондық түрде беріледі. Бұл ретте бірінші басшысын суретке түсіру бұрынғыдай талап етілмейді.

Салық органы берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алады. Бұл ретте өтініш берген тұлғалар тіркеу есебіне қою үшін  салықтық өтінішті берген күннен бастап ҚҚС төлеушісіне айналады.

Осындай тіркеу мерзімі ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою кезінде де көзделген.

Бұл ретте, ҚҚС бойынша ерікті түрде тіркеу есебіне қою мынадай тәсілдердің бірімен жүргізіледі:

 1) ҚҚС бойынша есепке қою үшін, өтініш өзі келу тәртібімен қағаз тасығышта немесе электрондық түрде;

2) Заңды тұлға- резидентті Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінде мемлекеттік тіркеу кезінде.

Қосылған құн салығы бойынша ерікті түрде тіркеу есебіне қойылмайды:

ü жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар;

ü мемлекеттік мекемелер;

ü Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы қызметін жүргізбейтін бейрезиденттер;

ü заңды тұлғалар-резиденттердің құрылымдық бөлімшелері;

 - Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық  салуға жататын қызмет бойынша Салық кодексінің 411, 420 баптарында көрсетілген тұлғалар.

Ерекше атап өткен жөн,ерікті түрде ҚҚС бойынша есепке қою шарттар алынып тасталды.

 Тұлғаның айналым мөлшері ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұрған күнтізбелік жылы белгіленген ең төмен айналымнан асып кету болмаған жағдайда салық органының шешімі негізінде ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару туралы  ережелері алынып тасталды.


Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою.

Егер Салық кодексінің 568 бабының 1 тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу есебіне көрсетілген баптың 2 тармағымен белгіленген тәртіпте бөлімшелер, өкілдіктер, жеке кәсіпкерлер арқылы тұру резидент-заңды тұлғалар, бейрезиденттер жатады.

қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу есебіне қоюға жатпайды:

мемлекеттік мекемелер;

резиденттер-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлмшелері;

қызметі бойынша салық кодексінің 411, 420 баптарында 442көрсетілген тұлғалар,ойын бизнесі, тіркелген салықты және бірыңғай жер салығын төлеушілер сәйкесінше салық салуға жатады.

Осылай, Салық кодексінің 568 бабының 2 тармағына сәйкес, егер қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кетсе (айлық есептік көрсеткіштің 30 000 есе мөлшері), 568 баптың 1-тармағында аталған,қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар, ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жеріндегі салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті келу тәртібімен беруге міндетті.

Айналым мөлшері өсу қорытындысы бойынша:

1) жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, бейрезидент солар арқылы қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын филиалдар, өкілдіктер – әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;

2) салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар –салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап;

3) ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған салық төлеушiлер – салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған күннен кейiнгi күннен бастап;

4) өзге де салық төлеушілер ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айқындалады.

Бірмезгілде назарларыңызды 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап Салық кодексінің 568 бабының 6 тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша олар тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш Қазақстан Республикасы резидент-заңды тұлға, Қазақстан Республикасында бөлімше, өкілділік, жеке кәсіпке арқылы өз қызметін жүзеге асыратын бейрезидент орналасқан орны бойынша салық органына бірінші басшының жеке келуімен берілетініне аударамыз.

Бұл ретте қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру кезінде салық органы Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының бірінші басшысын, дара кәсіпкерді суретке түсіруді жүзеге асырады.

Салық кодексінің 568 бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың бірінші күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.

Салық органы салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

Осы жерде Салық кодексінің 568 бабының 7 тармағына сәйкес, Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін табыс етілген салықтық өтінішке төмендегілерді қоса беретінін еске сала кеткім келеді:

1) салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін міндетті түрде қоса береді.      Мынадай құжаттардың бірі:

жылжымайтын мүлікке меншік (оны пайдалану) құқығын растайтын құжат;

орналасқан жер ретінде мәлімделген жылжымайтын мүлік өзінің меншік құқығында тұрған жеке

тұлғаның жазбаша келісімі салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.

Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат көшірмесін нотариат куәландырған күн мен

оны салық органына табыс ету күнінің арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс;

2) салық төлеушінің салық салынатын ең төмен айналымынан асып кеткендігін растайтын құжаттар көшірмелері міндетті түрде қоса береді.

Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілері және Салық кодексінің 568 бабының 2-тармағында

көрсетілген айналымның жасалу фактісі туралы куәландыратын өзге де құжаттар салық төлеушінің еңтөмен айналымынан асып кеткендігін растайтын құжаттар.

 

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою.

Егер Салық кодексінің 569 бабының 1 тармағынан өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 568-бабы 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша міндетті есепке қоюға жатпайтын тұлға, орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтiнiш беруге құқылы.

Салық органдары салық төлеушіге қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюға қосылған құн салығы бойынша тіркеу есепке қою туралы салық өтініші берілген күнге төменде көрсетілген бір немесе бірнеше шарттар болған жағдайда қарастырмайтынын білу қажет:

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:

дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;

мемлекеттік мекемелердің;

Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын

бейрезиденттердің;

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың екінші бөлігінің бесінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 №

412-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

1) салық төлеушi Салық кодексінің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық есептілігін тапсыру бойынша салық міндеттемелерін орындамағанда; 2 тармақша ҚР 2010.06.30. № 297-IV (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енген) (бұрынғы ред. қараңыз) Заңының редакциясында жазылған.

2) Салық кодексінің 571-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен аталған салық төлеуші салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап екі жыл өтпесе;

3) Салық кодексінің 568-бабы 7-тармағында белгiленген құжаттар тапсырылмаса;

3-1) салық төлеуші әрекетсіз заңды тұлға болып табылса;

4) заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы):

әрекетсіз заңды тұлға;

әрекетсіз дара кәсіпкер;

әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы);

әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) жеке тұлға;

1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192 192-1 216 217және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;

2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215 216 238 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға

іздеу салынған жеке тұлға болып табылса;

5) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер:

әрекетсіз дара кәсіпкер;

әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы);

әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) жеке тұлға;

1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192 192-1 216 217 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;

2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215 216 238 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;

іздеу салынған жеке тұлға;

болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасының аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі аяқталған шетелдік жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам болып табылса;

6) резидент заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы

жүзеге асыратын бейрезиденттің бірінші басшысының сәйкестендіру нөмірі болмаса, салық төлеушіні

қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартады.

Қосылған құн салығын төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім салық төлеушiге қолын қойғызып немесе жіберу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.

Баяндалғандардың негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне салық төлеушілерді ерікті түрде қою кезінде жоғарыда көрсетілген шарттарға заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мердігерлерін (басшыларын) сәйкестігіне назар аудару қажет.

Салық өтінішін берген салық төлеушілер қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салық өтінішін берген айдың келесі айының бірінші күнінен бастап қосымша құн салығын төлеуші болып есептеледі.

Бизнес субъектілеріне мемлекеттік кіріс органдарына тіркеу есебіне қою туралы, дара кәсіпкерді, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебі туралы, сонымен қатар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін берген мерзімнен бастап Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген мерзімдерді бұзу Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 269 бабына сәйкес әкімшілік айыппұл төлеуге әкелетінін білу қажет.