Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Салық заңнамасындағы өзгерістер


Президент міндетті медициналық сақтандыру бойынша Заңнамадағы өзгерістерге қол қойды.

Мемлекет басшысы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  туралы»   Заңына, Салық кодексіне өзгерту енгізетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Өзгерістер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Заңға сәйкес   МӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшерлемері,  салық салу объектісі және есептеу мен төлеу тәртібі өзгерді.
Халықтың әлеуметтік-қорғалмаған тобы үшін мемлекет 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4%, 2018 ж. бастап 5% , 2023 ж. бастап 6%, 2024 ж. бастап 7% аударатын болады. Жұмыс берушілер қызметкерлер үшін жарнаны 2017 жылдың 1 қаңтарында 2%-дан бастап, 2020 жылы осы көрсеткішті 5%-ға дейін жеткізеді. Қорына төленуге тиiс азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар және жеке тұлғалардың жарнасы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2%, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3%, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 5%, қаңтар 2020 жылдың 1 қаңтарынан 7% құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлерге МӘМС бойынша мәліметтерді көрсету үшін 911.00 нысаны бойынша қосымша есеп тапсыру қажет.

МӘМС жарналарының сомасына  ЖТС   шегерімі

ҚР  СҚ  155-бабында айқындалған, жеке тұлғаның  МӘМС жүйесінде медициналық көмек беру шеңберінде алатын кірісі жеке тұлғаның табысы болып есептелмейді. ҚР  СҚ  166-бабында  МӘМС  жарналарының мөлшері ЖТС  есептеу  базасын  анықтау кезінде салық шегерімі болып табылады.  Атап өту маңызды, бұл ЖТС шегерімі  тек жарналар сомасы ғана болып табылады,  жұмыс берушілердің МӘМС аударымдары жеке табыс салығын есептеу кезінде шегерімдер ретінде ескерілмейді.

МӘМС жарналарын төлеушілер тізбесін кеңейту

Заң жобасында міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлеу бойынша міндеттеме қолданылатын тұлғалардың тізбесін ұлғайту жоспарлануда.

МӘМС төлеушілердің мынадай санаттарын қосу жоспарлануда :

  • Мемлекеттік қызметшілер, оларға әскери, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдары қызметшілерін қоспағанда;
  • Дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерде, шет мемлекеттің консулдық, шет мемлекеттің аккредиттелген мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар.
  • Халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен жасалған,  сондай-ақ ҚР аумағында шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен еңбек шарттары (келісімшарттар) бойынша жұмыс істейтін тұлғалар;
  • ҚР шегінен тыс елге тұрақты тұрғылықты мекенге заңнамада белгіленген тәртіппен және т. б. көшіп кеткен азаматтарды  қоспағандағы ҚР азаматтары.

Қазіргі уақытта № 405-V Заңнын 14-бабына сәйкес жарналарды төлеушілер жеке кәсіпкерлер (өз пайдасына), мемлекеттік қызметкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары және т. б. болып табылады. 

Сондай-ақ, 2018 жылы уақытша тысқары жерлерге кеткен ҚР азаматтары үшін 1 АЕК (1 223 2017 жыл) 5% жарналар орнату жоспарлануда.


Мемлекеттік жарналар бойынша тұлғалар тізбесінің өзгеруі

 

Мемлекет “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ” Заңның 28-бабы 4-тармағына сәйкес азаматтардың 15 санатына ӘМСҚ аударымдарын жасайды:
1) балалар;
2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
3) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері;
4) мүгедектер;
5) жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
6) интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;
7) техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар;
8) бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;
9) жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;
10) зейнеткерлер;
11) ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;
12) уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар                      13) Әскери қызметшілер;                                                                                                           14) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;                                                               15) құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

МӘМС қатысушыларының барлық аударылатын қаражаттары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында (ӘМСҚ) жинақталатын болады. Қор жасалған шарттар негізінде медициналық қызмет жеткізушілеріне төлемдер жасайтын болады. ӘМСҚ мүшелері қордағы жинақ көлеміне және жеке табысқа қарамастан, қызметке тең қол жеткізуді алады. Азаматтар мен денсаулық сақтау ұйымдары қызмет көрсету сапасы мен толықтығы бойынша қорына шағым жібере алады.

Жарналар және аударымдар мөлшерлемесін өзгерту

МӘМС мемлекеттік жарналардың мөлшерлемесін мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылады:

Жыл

Мөлшерлеме көлемі (ағымдағы)

Мөлшерлеме көлемі (жоспарланған)

2018

 4%

 3,75%

2019

 5%

 4%

2022

 5%

 От 4 до 5%

2023

 5%

 От 4 до 5%

2024

 6%

 От 4 до 5%

2025

 7%

 От 4 до 5%

 
Жұмыс берушілерге қызметкерлер үшін мынадай жарна мөлшерлемесін орнату жоспарланып отыр:

Жыл

Мөлшерлеме көлемі (ағымдағы)

Мөлшерлеме көлемі (жоспарланған)

Шілде 2017

 2%

 1%

2018

 3%

 1,5%

2019

 4%

 2%

2020

 5%

 3%

 

ЖК өз пайдасына жарна мөлшерлемесін, қолданылатын салық салу режимінің түріне қарамастан, сондай-ақ жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттары бойынша жарна мөлшерлемесін мынадай мөлшерде орнату жоспарланып отыр:   

Жыл

Мөлшерлеме көлемі (ағымдағы)

Мөлшерлеме көлемі (жоспарланған)

Шілде 2017

 2%

 5%

2018

 3%

 5%

2019

 5%

 5%

2020

 7%

 5%


Сондай-ақ, осы санат үшін есептеу объектісін өзгерту  және оны 2 АЕК (48 918 2017 жылы) мөлшерінде орнату жоспарлануда.

Қазіргі уақытта жарналар есептеу объектісі  болып табылады:

·        ЖБР ЖК үшін  -  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде салық заңнамасында белгіленген шегерімдерді  ескере отырып алынған табыстар.  

·        АСР қолданатын ЖК, ШҚ және ФҚ үшін АСР қолданатын ШҚ немесе ФШ басшысы мен мүшесі - 1 АЕК (24 459 2017 жылы).

МӘМС  жүйесінде медициналық көмек көрсету құқығы бойынша жаңа ережелер

Шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері, халықаралық шарттың талаптарына сәйкес ҚР аумағында уақытша тұратын және болатын, МӘМС жүйесінде ҚР азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Бұл ретте отбасы мүшелері ретінде бірге тұратын жұбайы (зайыбы), балалары болып саналады. Осылайша, осы санаттар үшін МӘМС жүйесіне қатысу жоспарлануда.

Егер салық жарналары  мен аударымдар тұлғалар  бойынша қорға  түспесе, онда МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығын  сатып алу үшін, төленбеген кезеңге (12 айдан аспайтын) төлеу қажет, ағымдағы жылғы АТА 5%  мөлшерінде   ( 2017 жылы әр ай үшін 1 223 теңге).

Жарналар мен аударымдарды төлемеген жағдайда, тұлға төлеу тоқтатылған сәттен бастап 3 айдан аспайтын мерзімде МӘМС жүйесінде  медициналық көмек алады.

МӘМС жарналарын ЖТС бойынша шегерімге жатқызады

Заң жобасымен ҚР Салық Кодексіне өзгертулер енгізу жоспарланған.

Жоспарланған түзетулерге сәйкес, ҚР  СҚ  155-бабында айқындалған, жеке тұлғаның  МӘМС жүйесінде медициналық көмек беру шеңберінде алатын кірісі жеке тұлғаның табысы болып есептелмейді.

МӘМС  жарналарының сомасы ЖТС шегерімі болып табылады және оның мөлшері ҚР  СҚ  166-бабы 1 тармағының «Салықтар шегірімі» 7 тармақшасында  белгіленген.   Ал  жұмыс берушілердің МӘМС аударымдары жеке табыс салығын есептеу кезінде шегерімдер ретінде ескерілмейді.

Қазақстанда 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық заңнамада бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енді.

1. Салық кодексінің 155-бабының 3-тармағында 29-3) тармақша пайда болды, оған сәйкес ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде:

-сыйақыны, комиссияны, тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұл) бұрын капиталдандыру сомасы бөлігіндегі негізгі қарызды кешіру;

-сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;

-2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ресми бағамын қолданумен осындай соманы қайта есептеу нәтижесінде шетелдік валютада алған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыз) негізгі қарыз сомалары бойынша қарыз алушыға қойылатын талаптардың мөлшерін азайту;

- Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы алған табысты, осындай адамға қаржы ұйымдарының сотқа берілетін талап-арыз берумен мемлекеттік баж түріндегі төлеуге байланысты алынған кіріс түріндегі жеке тұлғаның кірістеріне ЖТС салудан босату белгіленген;

2. Бұрын қолданыста болған жоспардың орнына декларациялау мерзімін 2020 жылдан бастап бір кезеңде көшіру көзделген:

Бірінші кезең 2017 жылдан бастап – мемлекеттік қызметкерлер, судьялар, басқарушылық және әкімшілік бейіндегі ұлттық компанияның қызметкерлері, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;

екінші кезең 2020 жылдан бастап– барлық қалған жеке тұлғалар.

Бұған қоса қолма қол ақша, дебиторлық, кредиторлық берешектердің, сондай-ақ  активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін басқа да мүліктердің шегін 160-еселенген ЕТЖ-дан (3 900 000 теңге) 500-еселенген ЕТЖ-ға (12 000 000 теңге) дейін көтеруді көздейтін өзгерістер енгізілді. Декларацияны уақытылы табыс етпегені үшін 30 АЕК емес, 3 АЕК айыппұл төленеді.

3. Халықаралық салық салу нормаларын қолдану мақсаттары үшін ендігі уақытта резиденттік сертификат шетелдік уәкілетті органның интернет-порталында орналастырылған электрондық құжаттың (!) басып шығарылуы ретінде қағаз жеткізгіште ұсыныла алады.

4. Ендігі уақытта қандай да бір зат сатып алғанда, және чекті БКМ арқылы өткізгенде, шот-фактура өткізілмейді. Оны осы уақытқа дейін де әр уақытта өткізбеген еді, ал қазір бұл нақты бекітілді. POS-терминал арқылы төлем жасағанда – тура солай, шот-фактура өткізілмейді.

5. Электрондық темекілер акциздер салынатын заттар ретінде енгізілді.

6. Мүлік бағалауды бағалаушыларда жүргізетін салық төлеушілер, мүлік салығы бойынша салық базасын қайта бағаланған (нарықтық) құны мөлшерінде, бірақ оның ҚЕХС сәйкес белгіленетін орташа жылдық баланстық құнынан төмен емес мөлшерде белгілеуі тиіс болатын норманы енгізу 2019 жылға қалдырылды.

7. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 661-1-бап күшіне енеді, оған сәйкес салық органдары жеке тұлғаларға мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша борыш сомалары туралы мәліметтерді:

1) салық органдарының интернет-ресурстарында орналастыру;

2) жеткізуші коммуналдық қызмет көрсету үшін нұсқау құжаттарда қолданылатын есеп айырысу;

3) салық төлеушінің электрондық пошта мекенжайына жіберу;

4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефон нөмірлеріне СМС-хабарламаны жіберу арқылы береді.

Бұл үшін МКБ-на өзінің телефон нөмірі және email беру керек.

8. ЖК тіркеу 2017 жылдан бастап хабарлама тәртібіне ауысты. Кәсіпкерлік кодекстен 37-бап алып тасталды және ендігі уақытта жеке кәсіпкерде ЖК ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі болуы міндетті емес. ЖК қайта тіркеу де хабарлама тәртібінде жүзеге асады. Хабарламаны мемлекеттік кіріс органдарына және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына тіркеу деректері өзгергеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде жолдау қажет. Өз кезегінде салық органдары қайта тіркеуді бір жұмыс күні ішінде жүргізуі керек.

9. Заңның жеке бабымен ҚҚС төлеуші ретінде міндетті түрде тіркеу үшін шегін кезең-кезеңмен төмендету енгізілген:

- 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін - ең төменгі айналым 30 000-еселік АЕК - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және қолданыстағы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында;

- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарына дейін - 25000 еселенген мөлшері;

- 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін - 20000-еселік АЕК;

- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 15000 еселенген мөлшері;

10. 37-2 б. 1 т. 1 тш. түзету енгізе отырып, жойылатын ЖК және заңды тұлғаларды салықтық тексеру бойынша функциялардың бір бөлігі аудиторларға берілді, жойылатын объектінің жиынтық жылдық кірісінің деңгейі 2 есеге 60 000-нан 120 000 АЕК дейін көтерілді.

11. «Алдын ала салықтық тексеру актісі» енгізілді, оған салық төлеуші келіспеген кезде шағым түсіре алады. Бұл – салықтық тексерудің ең соңғы актісін алғанға дейін мемлекеттік кіріс органы алдында өз мүдделерін қорғау бойынша тамаша мүмкіндік.

12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанынан тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) уәкілетті органның бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау үшін Апелляциялық комиссия құрылды. Апелляциялық комиссия білім ұйымдарының Аккредитациялық Кеңес қабылдайтын институционалдық немесе мамандандырылған аккредитациясы туралы шешімге апелляциясын қарайды. Апелляциялық комиссия апелляция туралы шешімді ережеге сәйкес қабылдайды.

Комиссия білім ұйымдарының агенттік президентінің атына: 010000, Астана қ., Достық к-сі, 20, 801-кеңсе мекенжайына жіберілген жазбаша нысандағы ресми бланктегі білім ұйымы басшысының қолы қойылған апелляцияларын қарайды, ол кіріс ақпарат журналында тіркеледі және Апелляциялық комиссия төрағасына беріледі. Ауызша өтініштер қабылданбайды.

Егер апелляциялық өтініште шағымдарды қарау процедурасына жататын сұрақтар болатын болса, Апелляциялық комиссия бұл сұрақтарды шағымдар жөніндегі Комиссияның қарауына жібереді.

Апелляция берудің барлық жағдайлары Апелляциялық комиссиямен мұқият қаралады, олар бойынша жедел шешімдер қабылданады.

Салық саласының ашықтығын және салықтық басқару тиімділігін жоғарлату, сонымен қатар шағын бизнесті қолдау және дамыту үшін лайықты жағдайлар құру мен салық заңнамасын жетілдіру мақсатында Салық кодексіне 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Олардың кейбіреулерімен біз сіздерді таныстыра кетейік.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қосылған құн салығын төлеушілер шот-фактураны электронды нысанда жазып отырады. Мысалы, Салық кодексінің 35 бөлімі «Шот - фактурасына» өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес 263 баптың 2 тармағы келесі редакцияда жазылады (2015 жылдың 3 желтоқсанындағы №432-V ҚР заңы):

Қосылған құн салығын төлеуші шот-фактураны электронды нысанда жазуға міндетті, тек 263 бабының 2-1 тармағында қарастырылған негіздерден басқа.

Сонымен қатар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа 263 баптың 2-2 және 2-3 тармақтары енгізіледі, олар келесі редакцияда жазылады (2015 жылдың 3 желтоқсанындағы №432-V ҚР заңы):

2-2. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Уәкілетті орган электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда:

шот-фактураның нысаны;

шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;

шот-фактураларды куәландыру тәртібі;

түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшеліктері;

шот-фактураларды сақтау тәртібі;

бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібі көрсетіледі.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:

электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;

электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің анықтығы;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауапты болады.

2-3. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактурадан басқа шот-фактураның нысанын салық төлеуші 263 баптың ережелерін ескере отырып, дербес айқындайды.

263 баптың 14-3 тармағының екінші бөлігі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі, оған сәйкес электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактуралар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтіндігін көрсетуге құқылы.

Өзгерістер 263 баптың 15 тармағының 4) тармақшасын да қамтыды, ол келесі редакцияда жазылады:

4) Салық кодексінің 276-бабының 1-тармағында аталған тұлғаларға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді өткізу жағдайларын қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер қолма-қол есеп айырысу арқылы өткiзілген кезде сатып алушыға осы Кодекстiң 90-тарауында көрсетілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаның чегi ұсынылған;»;

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 265 бабы 4 тармағының екінші бөлігі қолданысқа енгізіледі, оған сәйкес электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай қосымша шот-фактураны алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтіндігін көрсетуге құқылы.

Енді Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының резиденттілік сертификатына апостиль қою керек емес

 Президент 2016 жылдың 14 қарашасындағы № 21-VI «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы  келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң ресми түрде 2016 жылдың 15 қарашасында жарияланды.

Келісімге сәйкес, бір Тарап мемлекетінің уәкілетті органы берген және оның елтаңбалы мөрімен бекемделген құжаттар екінші Тарап мемлекетінің аумағында қандай да бір арнайы куәландырусыз, оның ішінде апостиль қойылмай немесе консулдық заңдастырусыз қабылданады. Бір Тарап мемлекетінің аумағында ресми ретінде қаралатын мұндай құжаттар екінші Тарап мемлекетінің аумағында ресми құжаттардың дәлелдемелік күшіне ие болады. Танудың осы тәртібі 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары берген ресми құжаттарға қолданылады.

Берілген Келісімнің күшіне енуінен кейін, резиденттікті растайтын 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап екі тараптың да уәкілетті органдарымен берген құжаттары салық органдарымен апостиль қойылмай немесе консулдық заңдастырусыз қабылдана береді (Қазақстан тарапынан бекіту 2016 жылдың 14 қарашасындағы Заңымен келтірілген, ал Ресей тарапынан бүгінгі күні ешқандай мемлекет ішілік процедуралар болған жоқ).