Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Бизнес-инкубаторларды дамыту бағдарламалары


Инкубация: Бұл не?

Инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың жарқын мысалдарының бірі бизнесті инкубациялау болып табылады. Инкубация шарттары шағын кәсіпорындар құру және дамыту барысындағы кедергілерді жоюға жағдай жасайды.

Бизнес-инкубатор ісін жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлерге өндірістік, кеңсе және т.б. шаруашылық жүргізу алаңдарын береді, кеңседе қызмет көрсетеді және тиімді шартпен қосалқы қызметтер ұсынады.

Бизнес инкубацияның артықшылықтары

Бизнес-инкубатор бизнесті дамыту үшін қаржы және техникалық құралдар іздеуде көмекке келеді.

Инкубатордың кеңсе және консультациялық қызметтерді ұсынуы қызметкерлер санының артуына және негізгі қаражатта тартуға жол бермейді, осы арқылы шағын фирма қызметінің шығындарын тиімді етеді. Бұдан басқа, консультациялық қызметтер, ақпараттық орта және оқыту шаралары кәсіпкерге заманауи ортада тұрақтап қалуға жағдай жасайды.

Инкубацияның даму тарихы

Инкубаторлардың кәсіпкерлікке және экономикалық дамуға әсері және серіктестікке ықпалы аталған кәсіпорындарды жалпы мойындалған аймақтық даму құралына айналдырды. Ресми деректерге сәйкес, дүние жүзіндегі алғашқы бизнес-инкубатор Батавия (АҚШ) қаласында 1959 жылы пайда болған. 80-жылдардың соңынан бастап кәсіпкерлік инкубациясы экономикалық дамуды ынталандыру үшін кеңінен қолданыла бастады. Қазіргі кезде әлемде 4000 астам бизнес-инкубатор бар.

Қазақстандағы бизнес-инкубаторлар

Қазақстанда қазіргі кезде 40 бизнес-инкубатор жұмыс жасап отыр. 2000 жылы Қазақтандық бизнес-инкубаторлар және инновациялық орталықтар ассоциациясы құрылған (ҚБИОА), ол 14 бизнес-инкубатор мен республиканың әр түрлі қалаларындағы технологиялық парктерді біріктірген. 2002 жылы қараша айында Орталық Азия бизнес-инкубаторлар және инновациялық орталықтар желісі құрылды, оның координаторы шымкенттік СодБи Бизнес-инкубаторы.

Инкубация: Фактілер*

  • Бизнес-инкубаторлар шағын бизнес субъектілерінің банкроттық қаупін төмендетеді. АҚШ Бизнес-инкубаторлар ассоциациясы құрамындағы инкубаторлар (NBIA) есебіне сәйкес барлық инкубатор түлектері фирмалардың 87% қазірге дейін жұмыс жасап келеді.
  • Әрбір ұсынылған 1$ мемлекеттік жоспарлы субсидияның тұтынушы немесе инкубатор түлегі шамамен жергілікті бюджетке шамамен 45$ кіріс салығын төлейді.
  • Инкубаторлар түлектерінің 84% өз қауымдастығында жұмысын жалғастырады және инвесторлар қаражатымен қамтамасыз етеді.
  • Жергілікті мемлекеттік билік тарапынан қолдау алатын инкубаторлар жұмыс орындарын 1,100 $ шығындарымен қалыптастырады, ал жұмыс орнын құруды балама механизмдері әр жұмыс орнына 10,000 $ талап етеді.
  • 1980 жылдан бастап Солтүстік Американың инкубаторларының тұтынушылары мен түлектері шамамен 500 000 жұмыс орнын ашқан.
  • Инкубатордың әр тұтынушысы құрған әр 2 жұмыс орны тағы бір жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.


Бизнес-инкубатор – шағын кәсіпорындарды қолдау құралы, ол шағын кәсіпорындарға ресурстар мен қызметтерін кешенін ұсыну арқылы олардың қалыптасып, табысты дамуына бағытталған.

Бизнес-инкубаторлардың құрылу мақсаттары :

- шағын кәсіпорындардың қалыптасып дамуына қолайлы жағдайлар жасау;

- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін көтеруге көмек көрсету;

- шағын кәсіпорындардың санының өсуі, олардың тіршілік қабілетін жоғарылату ;

Бизнес-инкубаторлардың қызметтері:

- шағын кәсіпкерлік субъектілерін конкурстық негізде тарту;

- бизнес-инкубаторда орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін сүрыптау және олармен өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісім-шарттар жасасу ;

- жаңа шағын кәсіпорындардың консалтингтік алып жүру ;

- қаржылық құрылымдармен, халықаралық ұйымдармен, оның ішінде жобаларды тәуекелді қаржыландыру институттарымен қарым-қатынас жасау арқылы әлеуетті инвесторларды іздеу ;

- ақпараттық және сарапшылық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету ;

- табысты компаниялардағы стажировкаларды қоса алғанда оқу семинарларын, әр түрлі тақырыптардағы тренингтер, тәжірибе алмасу үшін форумдар ұйымдастыру ;

- шағын кәсіпорындар үшін мамандарды іздеуде және жалдауда көмек көрсету ;

- бизнес-инкубатордағы шағын кәсіпорындардың дамуы туралы ақпараттық-талдаулық базаны жасау .

Бизнес-инкубаторларды жасау шарттары

Бизнес-инкубаторды жасау оператор – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (ӘКК) табылады. Оператордың қызметіне келесілер кіреді:

- бизнес-инкубаторлардың жұмыс істеуі жөніндегі сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасау;

- жер телімдерін екінші падалануға (субарендаға), инфрақұрылым объектілерін жалға (арендаға) қосымша қызмет түрлерін іске асырушы тұлғаларға беру;

- қызмет жасау туралы келісім-шарттарды жасасу және бұзу;

- өкілетті органмен бекітілген түрде бизнес-инкубатордың қатысушыларының жылдық есептемелеріне негізделген бизнес-инкубатордың қызметі жөніндегі есептемені өкілетті органға ұсыну;

- бизнес-инкубаторға қатысушылар тарту ;

- инфрақұрылым объектілерін салуға, бизнес-инкубатордың басқа да қызметтерін жүзеге асыруға инвестициялар тарту ;

- бизнес-инкубаторға қатысушыларға берілмеген жер телімдерінде техникалық—экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салу бойынша сұрақтарды үйлестіру ;

- қызмет жасаукелісім-шарттарының міндеттерінің орындалуына мониторинг жүргізу .

Бизнес-инкубатор лар ӘКК, жергілікті атқару органдары немесе ірі кәсіпорындар берген алаңдары негізінде құрылады.

Бизнесті жүргізу бойынша тәжірибенің, жұмыс алаңының, деректер базасының, қажетті таныстар және қолдаудың болмауы — бұл стартапшылардың жолында тұратын бірнеше себептер. Олар бизнес-инкубаторлар көмегімен шешіледі. Идеяны әзірлеуден оны коммерцияландыруға дейін - бизнес-инкубаторлар жас кәсіпкерлерді дамудың барлық кезеңдерінде қолдайды. Бірақ жақсы бизнес-инкубатордың ең басты бергені—байланыс.  

Әрине, қазақстандық инкубаторлар санын ресейлік немесе американдық   санымен салыстыруға келмейді, бірақ бұлар да стартаптың дамуына көмектесе алады.

1. Бизнес-инкубатор nFactorial, Астана

Үшінші жыл қатарынан nFactorial бизнес-инкубаторы қатысушыларды кез-келген сатыдағы өнімдерімен (идея, дизайнның нобайы, прототип, іске қосылған қосымша, дайын бизнес) жаздық бағдарламасына қабылдайды.  2015-16 жылдары 200-ден астам әзірлеушілер мен дизайнерлер (1,000+ өтінімдерді) дайындалды, 110-нан астам мобильді қосымшалар іске қосылды.

Бастамашылары: Арман Сүлейменов, Алмас Тұяқбаев пен Бақытжан Байжикенов.

Не ұсынады? 4 апта CS, Android, iOS, React Native, Unity, Blockchain, AI, UI/UX негіздерін және App Store / Google Play-да қосымшаларды жылжыту тәсілдерін оқыту. Қазақстан мен Кремний алқабының жетекші мамандарының дәрістері, 15 ментордан астам (Принстон, CMU, Y Combinator, ACM ICPC World Finals).

Қазіргі бағыттар:

1. Бастаушы – бағдарламалауда нөлдік тәжірибе.

2. iPhone қосымшаларын құру.

3. Android қосымшаларын құру.

4.  React Native-те мобильді қосымшаларды құру.

5. Unity ұялы ойындарды  жасау.

6. Blockchain үстінен қосымшаларды құру.

7. AI мен машиналық оқыту көмегімен қосымшаларды құру.

Бағасы: 12 апта (600 сағат) үшін 2000$. Гранттар қарастырылмаған.

Бонус: бағдарламасын аяқтағаннан кейін үздік қатысушыларға Қазақстан мен АҚШ жетекші компанияларында жұмыс ұсынылады.

Сәтті жобалар: Kelin, Doctor Stars, Kanji Ninja, Being Beethoven.

 2. Бизнес-инкубатор MOST, Алматы

2011 жылдың сәуір айында қаланған бизнес-инкубатор MOST дамуға және алға жылжуға ұмтылатын стартаптарды және кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Дайын MVP командасы және клиенттік базамен байланысы бар стартаптарды қабылдайды. Дамудың ерте кезеңіндегі стартаптар үшін акселерациялық бағдарламасы бар.

Бастаушы: Павел Коктышев.

Негізгі бағыттар: edtech және fintech жобалар, сақтандыру технологиялары, travel, machine learning және мобильді қосымшалар.

 Нені ұсынады?  Табысты кәсіпкерлер және жетекші сарапшылармен мастер-класстар және воркшоп арқылы екі ай бизнеске  оқыту, тәлімгерлер қолдауы, бизнесті дамыту қадамдары бойынша ұсынымдар беретін менторлармен кездесу. Сондай-ақ:

- MOST- тан  5000$ дейін инвестициялар алу мүмкіндігі;

- өз жобасын 15-тен астам инвесторларға, бизнес-періштелерге ұсыну мүмкіндігі;

- нетворкинг бойынша 15-тен астам іс-шаралар;

- EdTech саласындағы жобаға $25 000 дейін инвестициялау дайындығы.

Құны: 6 апта үшін 500 000 теңге. Startup Weekend конкурсында 20 іріктелген команда  акселерация бағдарламасын тегін өтеді.

Бонус: барлық қатысушылар "MOST бизнес-инкубатор түлектері" мәртебесін алады, ал үздік командаларға қаржыландыру ұсынылады, co-working орны және одан әрі даму үшін қолдау алады.

opencolleges.edu.au     

3. "Бизнес-инкубатор СодБи" Корпоративтік Қоры, Шымкент

СодБи бизнес-инкубаторы жас және ісін жаңа бастаған жаңашыл жобаларға көмектесу, оларды нығайту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сыртқы экономикалық ортаның жағдайына бейімдеу  мақсатында 2000 жылдың сәуірінде құрылды.

Функциялары:

- ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қолайлы бағамен алаңдарды  құру және жалға тапсыру;

- қолдау, шағын және орта бизнес субъектілерінің қол жеткізу кезінде қаржылық, материалдық және интеллектуалдық ресурстарға жеңілдікті жағдайларда;

- оқыту жүргізу, консультациялар мен ақпарат беру арқылы ісін жаңа бастаған кәсіпорындарға дамытуға жәрдемдесу, жаңа жұмыс орындарын құру;

- инновациялық жобаларды енгізу бойынша жәрдемдесу.

Қазіргі таңда инкубатор жобалары кең спектрді қамтиды: бизнес-ортаны,  агротехнологияларды,  туристік бағытты және тағы басқаларын.

 4. Назарбаев Университетінің инновациялық кластер жанындағы "Astana Business Campus" бизнес-инкубаторы, Астана

Жаңа прогрессивті идеяларды ілгерілету және іске асыру үшін Назарбаев Университетінде  Astana Business Campus инновациялық кластеры құрылды. Негізгі идея  —шетелдік және қазақстандық компанияларды, шағын және орта бизнесті, венчурлық қорларды, ғалымдарды, бизнесмендерді, студенттерді, өнертапқыштарды – прогрессивті ойлайтын адамдардың бәрін бір жерде біріктіру және олардың армандарын жүзеге асыруға көмектесу. Инновациялық ортаны дамыту үшін Astana Business Campus-ында коммерцияландыру кеңсесі, технопарк, ғылыми-зерттеу орталықтары мен бизнес-инкубатор жұмыс істейді.

Бизнес-инкубатордың мақсаты – жас бастаушы мамандарға және кәсіпкерлерге серпінді бизнес-үлгілерді іздеуге көмектесу, сондай-ақ, жобаны жан-жақты қолдау– түпнұсқалық идеядан оны  өмірде іске асыруға дейін.

Негізгі қызметтер:

- Назарбаев Университеті базасында іске асырып жатқан инновациялық жобаларды бизнес-инкубациялау мәселелері бойынша консультациялар өткізу;

- Жобаларды іске асыру үшін сыртқы мемлекеттік емес қаржыландыру көздерін  тартуға көмек көрсету;

- стартап-компанияларды құруға және дамытуға жәрдемдесу;

- маркетингтік сараптаманы жүргізу; 

- жобалық командалар үшін  бизнес-менторлар мен бизнес-періштелерді (инвесторларды) іздеу және тарту;

 5. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Ғылыми-технологиялық парктің Бизнес-инкубаторы, Алматы 

2012 жылы құрылған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Ғылыми-технологиялық парктің студенттік бизнес-инкубаторы жас кәсіпкерлердің стартап жобаларын дамуынын барлық кезеңдерінде қолдаумен айналысады. Қазіргі таңда Технопарк базасында 4 жоба жұмыс істейді.

Негізгі қызметтері:

- Жас өнертапқыштар мен студенттерді қолдау;

- Заң кеңестері;

- Сүйемелдеу;

- Гранттық қаржыландыру;

- Бизнесті ұйымдастыру;

- Тегін тренингтер.

Бизнес-инкубаторда орын алу үшін не керек? Инновациялық идея, жобаны сипаттайтын өтінім, комиссияның мақұлдауы.

Сәтті жобалары: 23 Academy, Mars.Studio, MetrX Studio.

 2016 жылы қазан айында "Тұран" университеті студенттер өздерінің бизнес-идеяларын іске асыра алатын өзінің бизнес-инкубаторын таныстырды. Мұнда медиалингвистика мәселесінің зертханасы "Turan-Lingua", бейнеөнімдерді, 3D-форматта өндіретін "digital Silence Turan" орталығы, " Turan Consulting" заң клиникасы, "Turan ProHouse" студенттеріне арналған хостел, "Turan Spro" сублимациялық өнімнің өндірісі, "Turan Nomads" туристік фирмасы және "Action" ойын режиссурасы шеберханасы жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысында студенттік жастарды нақты еңбек нарығы жағдайына бейімдеуге, білім беру сапасын және болашақ кәсіби қызметінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған 5 студенттік бизнес-инкубаторлар бар.

 

 

Что такое «старт-ап»?

Стартап — компания с короткой историей операционной деятельности. Как правило, такие компании созданы недавно, находятся в стадии развития или исследования перспективных рынков. Также нужно отметить что хотя этот термин можно применять ко всем сферам деятельности, однако преимущественно он получил распространение в сфере IT и интернет проектов.

Жаңа инвесторлар
Кең тараған инвесторлар