Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Тауар/қызметтердің қауіпсіздігі туралы ескерту


Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті өнімдердің, адамның өмірі мен денсулығы және қоршаған орта үшін, оның ішінде өсімдік және жануарлар дүниесі үшін процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өнімдердің, процестердің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушылардың адасуына әкеп соғатын іс-әрекеттің алдын алу мақсатында өнімдерді әзірлеу сатысында оның қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.

Техникалық регламенттің күші таралатын өнімдер техникалық регламентте белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.

Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік ұйымдарды қоса алғанда, заңды және жеке тұлғаларда жүзеге асырылады.

2005 жылғы 13 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы күшіне енуіне байланысты мемлекеттік бақылау өнімді өткізу сатысында жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда Қазақстанның кәсіпкерлігі мемлекет пен бизнестің әрекеттесуінің жаңа үлгісіне көшті.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының нормаларын іске асыру мақсатында Комитет 2009 жылы техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында қауіптерді бағалау жүйесін әзірлеп бекітті, оны Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінде сараптамалық топ (бизнес қауымдастық өкілдері) мақұлдады және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарында презентацияланды.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдірудің жалғасы болып қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңы табылады.

Аталған Заң мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін белгілейді.

Тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу мақсаты – техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз етуде тәуекелдерді артатын субъектілерді жеке анықтау арқылы тексерулерді оңтайландыру және тәртіпке салу.

Сонымен қатар, тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу келесілерді әзірлеп, бекіткенді қарастырады:

- тәуекел дәрежесін бағалаудың талаптары;

- тексеру парақтарының нысандары;

- мекемелік статистикалқ есептеме нысандары;

- жартыжылдық тексерулер жоспары, ол жоспарлы тексерулерді белгілеуге негіз болады.

Осыған байланысты, Комитет 2010 жылдан бастап облыстар мен қалалар санатында алынған аймақтық Департтаменттердің Бірыңғай тексеру жоспарын бекітеді.

Комитет мемлекет бақылайтын басым өнімдер тізілімін (қауіпті деп саналатын өнімдер) белгіледі.

Қазіргі таңда мемлекеттік бақылау саласындағы Комитеттің саясатын практикалық іске асыруды Комитеттің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы 16 аумақтық департаменті 3 бағыт бойынша жүзеге асыруда:

1. Қазақстанда өндірілетін және басқа елдерден әкелінетін өнімдердің қауіпсіздігін оларды әзірлеу сатысында мемлекеттік бақылау;

2. Мемлекеттік метрологиялық бақылау;

3. Тауардың шығарылған елі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылау.

1. Қазақстанда өндірілетін және басқа елдерден әкелінетін өнімдердің қауіпсіздігін оларды әзірлеу сатысында мемлекеттік бақылау 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады:

- Республикалық бюджет қаражаты есебінен техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттардың сәйкестігіне зертханалық сынақтар үшін өнімдердің үлгілерін іріктеу және сатып алу;

- өнімді өткізу сатысында сәйкестік сертификаты мен декларацияның бар болуын тексеру;

- тауардың затбелгісіне мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты түсіру (таңбалау) бойынша талаптардың сақталуын тексеру.

2. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес Комитет мыналарды:

1) өлшем құралдарын шығаруды, оның жай-күйін және қолданылуын, өлшеулерді орындау әдістемесін қолдануды, шама бірлігі эталонын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды;

2) сауда оперцаияларын жасау кезінде шеттетілетін тауарлардың санын бақылауды;

3) өлшеп буу, сату және импорттау кезінде өлшеп буылған тауарлардың санын бақылауды;

4) мемлекеттік рәміздерді (елтаңба, ту) және олардың бейнесі бар материалдық объектілерді жасау бойынша лицензияланатын қызметтерді бақылауды қамтитын мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатаға қатысты олардың тауарлардың шығарылуы туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуын жыл сайынғы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңында айқындалған.

Комитет бақылау субъектілерінің біртекті топтары үшін.

1) сауда қызметінің субъектілері үшін;

2) мемлекеттік метрологиялық бақылау саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын субъектілер үшін;

3) өлшем құралдарын жасап шығару және жөндеу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын субъектілер үшін;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, сондай-ақ оның бейнесі бар материалдық объектілерді жасау бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін;

5) тауарлардың шығарылуы туралы сертификатты беру бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін ҚР заңдары мен Үкімет қаулыларында көзделген бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын талаптардың егжей-тегжейлі тізбесін қамтитын тексеру парағының 5 түрін жасады.