Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Стандарттар және олардың артықшылықтары


Техникалық регламент – өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт ( Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» Заңы ).

Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімінің анықтамасы бойынша техникалық регламент – тауардың сипаттамасы немесе онымен байланысты процестер мен өндіріс тәсілдері, оның ішінде міндетті түрде ұстануы қажет қолдануға жарамды административтік баптар бар құжат. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, техникалық регламентерді қабылдау үкіметтің құзыретіне кіреді..

Қазақстан Республикасынынң Заңына және Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ-ң келсіміне сәйкес техникалық регламенттер келесілерді қамтамасыз ету үшін жасалып, қабылдануы керек:

- адамның, жануарлардың, өсімдіктердің, қоршаған ортаның саулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін;

- ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін;

- тұтынушыларды өнімнің қауіпсіздігі және функционалдық қолданылуы туралы жалған адастыратын әрекеттердің алдын алу алдын алу үшін.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 90 техникалық регламент және кедендік одақ аясында істейтін 24 техникалық регламент бар.