Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Халықаралық стандарттар


Халықаралық стандарт- стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт (Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 9 қарашасындағы «Техникалық реттеу туралы» Заңы).

Халықаралық стандарттар құрамындағы адамдардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ақпараттың құндылығы арқасында елдер арасындағы сауданы кеңейтуге арналған негізгі құжаттар болып табылады.

Халықаралық стандарттаудың басты идеясы болып жасалып қойған ұлттық стандарттардың негізінде халықаралық стандарттар әзірлеп, оларды ұлттық деңгейде жүзеге асыру табылады. Сондықтан да халықаралық ұйымдардың техникалық комитеттері бар ұлттық стандарттарға әсер ету үшін кеңестер дайындады. Алғашқы кеңестер («Өнеркәсіптік өлшемдер үшін стандартты анықтамалық температуралар») 1951 жылы пайда болды, ал 1957 жылы ИСО-ның онжылдығында барлығы 57 кеңестер болды. Бірақ, осыған қарамастан кәсіпорындар оларға тәуелсіз халықаралық стандарттар ретінде жүгіне алмады. Осыған байланысты, халықаралық стандарттарды қабылдауға бағдар алған жұмысты қайта құру басталды.

Стандарттау саласындағы негізгі жүйе құратын беделді халықаралық ұйымдар:

- Халықаралық стандарттау ұйымы, ИСО (International Organization for Standardization, ISO) – әлемнің 169 елін[1]біріктіретін халықаралық стандарттау ұйымы. ИСО басты мақсаты – халықаралық сауданы дамыту мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін халықаралық стандарттар жасау. ИСО стандарты – ИСО мүше-комитеттері арасындағы келісім нәтижесі, оның өзін жеке қолдануға болады немесе әр түрлі елдердің ұлттық стандарттарына енгізу арқылы қолдануға болады.

- Халықаралық электро-техникалық комиссия, МЭК (International Electrotechnical Comission, IEC) – электрлік, электрондық және соған байланысты технологияларды стандарттайтын халықаралық коммерциялық емес ұйым. МЭК ұлттық стандарттау қызметтерінің өкілдерінен құралған, қазіргі кезде оның құрамына 76 аса ел[2]кіреді. Ұйымның басты мақсаты – электротехника және радиотехника саласында халықаралық стандарттар мен басқа да құжаттар әзірлеу арқылы стандарттау және соған байланысты мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу..

- Халықаралық электр байланысы одағы МСЭ (International Telecommunication Union, ITU) – телекоммуникация және радио саласындағы кеңестерді анықтайтын және радио радиожиіліктерін халықаралық пайдалану (радиожиіліктерді бағыттары боййынша және елдерге бөлу) мәселелерін реттейтін халықаралық үкіметаралық ұйым. МСЭ құрамына 193 ел[3]және салалар мен (ғылыми-өнеркәсіптік кәсіпорындар, мемлекеттік және жеке меншік байланыс операторлары, радиомен хабар беретін компаниялар, аймақтық және халықаралық ұйымдар) қауымдастықтардан 700 аса мүшелер кіреді. Стандарттар, (МСЭ анықтамасы бойынша нақтырақ айтсақ рекомендациялар,англ.Recommendations) міндетті түрде емес болып табылады, бірақ кең қолдау табады, себебі байланыс желілері арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетеді жәнепровайдерлерге дүние жүзі бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Стандарттау бойынша жұмыстарды техникалық комитеттер орындайды, сонымен қатар белгілі бір мәселелерді шешу үшін техникалық комитет аясында подкомитет немесе жұмыс топтары құрылуы мүмкін. [1].

Осы ұйымдаржың мақсаты халықаралық тауар алмасуды жеңілдету үшін, сонымен қатар интеллектуалдық, ғылыми, техникалық және экономикалық қызмет саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін әлемдік ауқымда стандарттаудың дамуына жәрдемдесу болып табылады.

Стандарттаудың әлемдік ауқымда дамуын айқындайтын негізгі факторлар болып табылатындар:

- нарықтың жаһандануы;

- өнеркәсіптік техникалық интеграцияның күшеюі;

- техникалық прогрестің жылдамдауы;

- әлемдік сауда көлемдерінің өсуі;

- бәсекелестіктің өсуі;

- өнімнің жаңалану циклының қысқаруы;

- қызмет саласында жалпы ұлттық өнімнің өсуі;

- қоршаған ортаны қорғаумен байланысты аспектілердің көбеюі;

- өнімді қолданудан зиян шегу тәуекелінің төмендеуі.

Сонымен қатар, стандарттауды дамытудың басты стартегиялық бағыттарына келесілер жатқызылды:

- экономиканың әр түрлі салаларында стандарттардың қажеттілігіне талдау жасау;

- басым бағыттарды анықтау;

- тұтынушыларды тиімдірек қанағаттандыру;

- жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындармен байланыстарды кеңейту;

- қызмет саласындағы стандарттаудың дамуы;

- ақпараттық технологияларды қолданудың кеңеюі.

Қазіргі таңда «ғасырдың жаһандық мәселелерін» шешудегі ИСО/МЭК -ң маңыздылығын артық бағалау қиын. Көптеген елдердің гылыми-техникалық тәжірибесін жинақтаған стандарттар халықаралық тауар алмасудың нысаны болып табылатын өнімге құрамдас бөліктердің алмастырушылығын қоса алғанда қойылатын талаптардың талаптардың бірегейлігін, өнім сапасынын сынау және бағалаудың бірегей тәсілдерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Халықаралық стандарттар ұлттық деңгейде кең таралған және оны өнім дайындаушылар, сауда ұйымдары, сынақ зертханалары, мемлекеттік органдар басқа да мүдделі тараптар қолданады. Бұл стандарттар әдетте жетекші өнеркәсіптік мекемелердің, тұтынушылардың, ғылыми-зерттеу мекемелердің және реттеуші органдардың озық тәжірибесін әлемдік ауқымда қамтып көрсетеді және көптеген елдердегі жалпы талаптарды қамтиды, олар саудадағы техникалық кедергілерді жоюдағы маңызды талаптардың бірі болып табылады.

Халықаралық стандарттарды әзірлеудің қажеттігі айқын болып келеді, себебі әлемдік нарықтағы бір өнімге арналған ұлттық стандарттардың әр түрлілігі халықаралық саудынң дамуына кедергі келтіреді.

Көптеген салаларда бірыңғай әлемдік стандарттардың жоқтығы халықаралық экономикалық байланыстардың дамуын қиындатып, өнімнің қымбаттауына алып келеді.

Стандарттарды халықаралық үйлестіру саласындағы жұмыс техникалық талаптар мен ережелердегі айырмашылықтардан туындайтын кедергілерді жоюға мүмкіндік береді және бүкіл әлемдегі ғылыми-техникалық прогрестің міндетті шарты болып табылады.

Халықаралық стандарттардың жаһандық нарықтың техникалық негізі ретінде алатын орны Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) келісімінде айрықша аталып көрсетілген. Келісім сауданың даму жолында қажетсіз кедергілердің пайда болуының алдын алу үшін үкіметтерді барынша халықаралық стандарттарды қолдануға міндеттейді.

Әлемдік тәжірибе, соның ішінде АҚШ тәжірибесі, бәсекеге қабілетті және жоғары сапалы өнімді шығаруды қамтамасыз ететін тиімді ұйымдық-әдістемелік амалдар болып стандарттау және сертификаттау принциптарын қолданатын амалдар табылады. Өнім сапасының жоғарылауы оның бәсекеге қабілеттілігінің және өндірістің үдемелі дамуының негізі болып табылады.


[1]– Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен ИСО-ның толық құқықты мүшесі болып табылады;

[2]– Қазақстан Республикасы 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен МЭК-ң қауымдасқан мүшесі болып табылады;

[3]– Қазақстан Республикасы 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен МСЭ -ң толық құқықты мүшесі болып табылады.