Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Ішкі стандарттар


Стандарт - көп мәрте және ерiктi түрде пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат (2004 жылдың 9 қарашасындағы Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу туралы заңы)

Қазақстанс Республикасының аумағында қолданылатын стандартизация бойынша құжаттарға келесілер жатады:

1) халықаралық стандарттар;

2) өңірлік стандарт та р мен техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiш тер i, стандарттау бойынша ережелер мен кеңестер;

3) ұлттық стандарттар мен Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiш тер i;

4) ұйым стандарты;

5) Қазақстан Республикасын стандарттау туралы кеңестер;

6) шет елдердің стандарттары, ұйым стандарттары, техникалық-экономикалық ақпараттың жiктеуiш терін, шет елдерді стандарттау бойынша ережелер, нормалар, кеңестер;

7) үкіметтік емес стандарт;

8) консорциум стандарты;

9) алдын-ала ұлттық стандарт.

Стандарттар қызметтері:

· азаматтардың өмірі мен денсаулығы, жеке және заңды тұлғалардың мүліктері, мемлекеттік жіне муниципалды мүліктер, нысаналар қауіпсіздігі деңгейін табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туындауы мүмкін тәуекелдерді есепке ала отырып жоғарылату, экологиялық қауіпсіздікті, өсімдіктер мен жануарлар өмірінің қауіпсіздігін жоғарылату;

· өнімнің (жұмыстар мен қызметтердің) бәсекеге қабілеттілігін арттыру ды, өлшемнің бірыңғайлығын, ресурстарды үнемдеу ді, техникалық құралдардың (машинара мен жабдықтар, олардың құрамдас бөліктері мен материалдар) бірін-бірі алмастырушылығын, техникалық және ақпараттақ сәйкестікті, зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер нәтижелерінің, техникалық және экономикалық-статистикалық деректердің салыстырымдылығын, өнім (жұмыс, қызмет) сипаттамасына талдау жүргізуді, мемлекеттік тапсырыстарды орындауды, өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сәйкестігін ерікті растауды қамтамасыз ету;

· техникалық регламенттер талаптарын орындауға жәрдемдесу;

· техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесін, өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) каталогтау жүйесін, өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сапасын қамтамасыз ету жүйесін, деректерді іздеу және табыстау жүйесін жасау, бірегейлендіру жұмысын жүргізуге жәрдемдесу.

Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет болып, экономикадағы старатегиялық бағыт ретінде нарықтық қарым-қатынастарды құруды таңдап, өзгеріс жолына түсті. Осы стратегияны таңдау әділ түрде совет экономикасының мұрасы толығымен өзгертіліп, нарықтық қатынастар шарттарына шынайы бейімделетін ауыспалы кезеңнің болуын талап етті.

Қазақстанда жұмыс істеп тұрған техникалық реттеу жүйесін реформалаудың және бірегейлендірудің барлық алғышарттары болды:

біріншіден, өнімдердің қауіпсіздігі мен оның тұтынушылық сипаттамасына қойылатын талаптар бар стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттар (СаНПиН, СНиП және т.б. ) негізінде мықты нормативтік негіз құрылды;

адам және қоршаған орта саулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін міндетті техникалық нормаларды белгілеуге болатын заңдар қабылданды.

Техникалық реттеудің халықаралық жүйесіне көшудің алғашқы қадамдары 1999 жылы «Стандарттау туралы» Заңға Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімнің басты талаптары енгізілгенде, «техникалық регламент» ұғымы енгізілгенде, «стандарт» ұғымы осы ұғымның халықаралық анықтамасымен үйлестірілгенде, техникалық регламенттерге қатысты құжаттар категориясы анқталғанда жасалды.

Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік құжаттарға белгіленген түрде қолданылатын халықаралық стандарттар мен шет елдердің ұлттық стандарттары кіргізілген.

Сонымен қатар заңға әлемнің барлық дамыған мемлекеттерінде нормативтік құжаттар әзірлеу жұмыстары кезінде қолданылатын халықаралық стандарттаудың басты принциптері енгізілген.:

- келісім (стандарттарды әзірлеу барысында шешім қабылдау кезінде);

- айқындық (стандарттау жұмыстарының;

- еріктілік (стандарттау жұмыстарын қатысу, қызметті жүзеге асыру кезінде нормативтік құжат категориясын таңдау);

- дискриминацияламау (стандарттау субъектілерінің меншік нысанына қарамай тепе-тең міндеттер мен құқықтар беру);

- экономи калық мақсаттылығы.

2004 жылдың 9 қарашасында Қазақсатн Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Техникалық реттеу туралы» Заңға қол қойды. Заң 2005 жылдың мамыр айында күшіне енді.

Заңды әзірлеу барысында Батыс және Шығыс Еуропаның техникалық реттеу жөніндегі тәжірибесі,Стандарттау, метрологияжәне сертификаттау жөнiндегi Мемлекетаралық Кеңес пен ынтымақтастықтың үрдістеріесепке алынған. Заңның кіріспе сөзінде осы заң техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің құқықтық негіздерін қалайды деп жазылған.

Қазіргі таңда Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорында Қазақстан Республикасының 4000 аса ұлттық стандарттары бар.