Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Сапаны жоғарылату бағдарламалары


Республикамызда соңғы бірнеше жыл ішінде кәсіпорындар мен ұйымдарға менеджмент жүйелерін ендіру жұмысы белсенді жүргізіліп келе жатыр. Табысты халықаралық компаниялардың тәжірибесі мен біліміне негізделген қазіргі заманғы менеджмент жүйелері қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін нарықты реттеу механизмі мәселелерін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді.

ISO 9000 сериясының халықаралық стандарттарына сайкес жасалған сапаны басқару жүйесі құқықтарды тұрақты түрде сақтау және тұтынушылардың сапалы өнім (қызмет) алу саласындағы қанағаттанушылығын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Өз қызметкерлерінің денсаулығын қорғау үшін сенімді жағдайларды қамтамасыз етуге OHSAS 18000 халықаралық стандарттарына сәйкес кәсіби қауіпсіздік менеджменті жүйесі жәрдемдеседі. Компанияның жағымсыз әсерінен қоршаған ортаны ретті және мақсатты қорғау үшін жағдайды ISO 14000 стандарттарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесі жасайды.

Кәсіпорындарда жаңа менеджмент жүйелерін дамытып, енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К. Мәсімов «Техникалық реттеу және сапаинфрақұрылымын құру жөніндегі бағдарламаны» 2010 жылдың 22 қазанындағы №1100 Үкімет қаулысымен бекітті. Жоғарыда аталған Бағдарламаға сәйкес менеджмент жүйелерін енгізіп, сертификаттаған кәсіпорындардың (оның ішінде экспортқа бағытталған) мониторингі жүргізілуде.

Облыстар, Астана және алматы қалаларыны Әкімдіктерінің деректері бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республиканың 5409 кәсіпорны менеджмент жүйелерін енгізіп, халықаралық стандарттарға сәйкестікке сертификаттаған (2012 жылғы 4678 кәсіпорынға қарсы). Олардың ішінде 5112 – ИСО 9001 сериясы (4629 қарсы), 624 - ИСО 14001 (298 қарсы), 532 - OHSAS 18001(311 қарсы), 82 - ИСО 22000 (68 қарсы), 6 - SA 8000 (3 қарсы). Тағы 202 кәсіпорын менеджмент жүйелерін енгізу үстінде.

Қазақстандағы менеджмент жүйесін енгізген экспортқа бағытталған кәсіпорындар саны 238, ол республиканың барлық экспортқа бағытталған кәсіпорындарының 12,22 % және менеджмент жүйелерін енгізіп, сертификаттаған барлық кәсіпорындар санының (5409) 4,4% құрады.