Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Марапаттар (ішкі және халықаралық, салалық)


«Алтын сапа» сыйлығы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазан ын дағы № 194 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы конкурстық негізде талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы елеулі жетістіктері, сондай-ақ тиімділігі жоғары менеджмент жүйелерін енгізгені үшін жыл сайын берiледi.

Қазақстан Республикасы Президентінің сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлық тапсыруы жылдың басты оқиғасы болып табылады. Биылғы (2013) жылы «Алтын-Сапа» сыйлығына 7 жыл толады. Дәстүр бойынша сыйлықты Қазақстан Республикасы ПрезидентіНұрсұлтан Назарбаев тапсырады, бұл еліміз үшін осы конкурстың үлкен маңыздылығын көрсетеді!

«АЛТЫН САПА» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТТАРЫ

  • кәсіпорындар мен ұйымдардың отандық өнім сапасын көтеруге бағытталған қызметтерін жандандыру;
  • Қазақстан нарығының жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдермен молықтыру;
  • халық арасында сапа идеясын дәріптеу.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» Сыйлығын алу үшін конкурсқа қатысудыңбасты талаптарыболып ө нім, жасалатын жұмыс, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етудегі елеулі жетістіктер, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сапаны басқарудағы тиімділігі жоғары тәсілдерді пайдалану, халықаралық стандарттарды енгізу, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру табылады.

«Алтын сапа» сыйлығын алу үшін конкурста сыйлықтар екі санатта үш номинация бойынша беріледі:

  1. « Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын »;
  2. «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын»;
  3. « Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын ».

Әр номинация бойынша мынадай:
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша екі сыйлық беріледі.

Сыйлық алуға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндiрумен (қару-жарақ пен әскери техника өндiрудi қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын және шығарылатын өнiмнiң немесе көрсетiлетiн қызметтiң жоғары сапасын қамтамасыз ету мен оны жүйелі түрде өзгертуде ұйымдастырушылармен расталған жақсы нәтижелері бар заңды тұлғалар үмiткер бола алады.

ТАРИХЫ

Сыйлық Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазанындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін конкурс туралы» № 94 жарлығымен Қазақстанның жаңа жэкономикасын құру, өз өндірісін дамыту, тауарлар мен қызметтердің сапасын тұрақты түрде көтеру үшін тағайындалды.

2009 жылдан бастап Сыйлық алу үшін конкурс қазіргі заманғы менеджменттің даму үрдістерін еспеке алатын және Еуропалық сапа сыйлығы үлгісімен үйлестірілген, сонымен қатар талаптары өнім және қызмет сапасы сласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығына сәйкес келетін жаңа үлгімен өткізіледі. Жаңа үлгіде басшылардың жетекші рөлін, ұйымның сапа саласындағы саясаты мен стратегиясын, тұтынушылардың өнім мен қызмет сапасына қанағаттанушылығын сипаттайтын көрсеткіштердің маңыздылығы күшейтілген. Жаңа үлгіні қолдану ұйымдардағы сапа саласындағы жұмыстарын жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

Жыл сайын «Алтын сапа» сыйлығын алуға еліміздің 200 аса кәсіпорны үміткер болады. Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын беру конкурсы жетінші рет өткізіледі. Дәстүр бойынша сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тапсырады.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi сыйлық алуға арналған конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады және жыл сайын ағымдағы жылдың ақпан айында осы конкурсты өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеудiң, ұсынудың және алдын ала бағалаудың Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен ережелерiне сәйкес материалдарды ресiмдейдi және конкурсты ұйымдастырушыға бередi. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылардың материалдарын және осы материалдарға алдын ала қорытындыны Комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия ұсынылған материалдардың және Комиссия отырысы хаттамасының негiзiнде конкурсқа қатысушыларға сыйлық лауреаты атағын беру туралы шешiм қабылдайды.

Сыйлық лауреаты атағына ие болмаған конкурсқа қатысушылар сапа саласындағы қызметiн жетiлдiру жөнiнде конкурсты ұйымдастырушыдан ұсынымдар алады.

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Құрметті кәсіпкерлер, отандық бизнес өкілдері! Егер Сіз табысқа жетіп, өз салаңызда үздік деп танылғыңыз келсе, «Алтын Сапа» сыйлығын алу үшін конкурсқа қатысыңыз!

Конкурсқа «Қазақстанда жасалған» белгісімен өнім шығаратын немесе қызмет көрсететін кез келген кәсіпорындар қатыса алады. Бірақ қатысушыларды іріктеудің басты талабы – жетекші технологияларды енгізу мен халықаралық сапа стандарттарына көшу болып табылады.

Келесі жылға дейін «Алтын сапа» сыйлығында үздік деп танылуға асығыңыз. Ол үшін Сіз 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін ұйымдастырушыға өтінім мен құжаттар жинақтамасын тапсыруыңыз қажет. Қажетті құжаттар тізімімен Сіз ҚР ИЖТМ-ң Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтындағы «Нормативтік құжаттар» бөлімінде таныса аласыз.

«Алтын сапа» сыйлығы отандық тауарлар мен қызметтерді елдің ішінде ғана емес, сонымен қатар әлемдік нарықта жылжытуға үшін итермеші күш береді.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ-КОНКУРСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазанындағы №194 Жарлығына сәйкес, сонымен қатар отандық тауар өндірушілерді қолдау, отандық нарықты сапалаы және бәсекеге қабілетті тауарлармен толықтыру үшін республикамызда жыл сайын республикалық және өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурстары өткізіледі.

КӨРМЕ- КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ:

  • жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру;
  • Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу;
  • отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару мен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;
  • сапа проблемаларын шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;
  • халық арасында сапа идеясын кеңінен таныту болып табылады.

Конкурстың басты міндеттері – өндірілетін өнімнің сапасын дәріптеу, отандық тауар өндірушілерді бәсекелестік ортаға тарту, халықаралалық сапа стандарттарына көшу, сапалы бәсекеге қабілетті өнімді шығару.

КӨРМЕ-КОНКУРСТЫҢ ТАРИХЫ

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының тарихы 2006 жылдан басталады. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» с ыйлығын алу үшін конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын жыл сайын өткізу белгіленген Президенттің 2006 жылғы 9 қазанындағы №194 Жарлығымен байланысты. Биылғы жылы конкурс жетінші рет өткізіледі.

Әдетте «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы мынадай үш номинация бойынша жүргізіледі:
1) «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
2) «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;
3) «Үздік азық-түлік тауарлары».

Конкурс дипломанттары «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының эмблемасымен және әр номинацияда I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» КӨРМЕ-КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Өңірлік конкурсқа:

  1. Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді (қару-жарақ пен әскери техника өндiрудi қоспағанда) өндіруді жүзеге асыратын;
  2. өнім сапасының орнықты жоғары деңгейін және оны жүйелі түрде жақсартуды қамтамасыз ету жөнінде конкурсты ұйымдастырушы растаған оң нәтижелері бар дара кәсіпкер немесе заңды тұлға конкурсқа қатысушы бола алады.
  • Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережелеріне сәйкес материалдарды ресімдеуді және конкурсты ұйымдастырушыға береді.
  • Өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар өңірлік конкурс жеңімпаздарының қажетті құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.

Конкурс дипломанттары «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының эмблемасымен және әр номинацияда I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Конкурс дипломанттарының тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Конкурс дипломанттары конкурстың эмблемасын жарнамалық мақсатта екі жыл бойы пайдалану құқығына ие болады..

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, өңірлік көрме-конкурстардың ұйымдастырушылары болып Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері және келесі облыстар әкімдіктері табылады:

  • А қмола облысы
  • А қтөбе облысы
  • Алмат ы облысы
  • Атырау обл ысы
  • Шығыс Қазақстан облысы
  • Жамбыл облысы
  • Батыс Қазақстан облысы
  • Кара ғанды обл ысы
  • Қостанай облысы
  • Қ ызылор да облысы
  • Ма ңғыстау о бл ысы
  • Павлодар обл ысы
  • Солтүстік Қазақстан облысы
  • Оңтүстік Қазақстан облысы.

К онкурс ұйымдастырушы сы өңірлік конкурс жеңімпаздарының қажетті құжаттарын және алдын-ала қорытындыны Комиссияға жібереді.

Комиссия материалдардың негізінде конкурсқа қатысушыларға «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атағын беру туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін конкурсқа қатысушыларға арналған әдістемелік кеңестер

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-корнкурсы туралы 2006 жылғы 9 қазанындағы N 194 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін конкурсқа қатысатын заңды тұлға қызметінің мүмкіндіктері мен нәтижелерін сипаттайтый талаптар

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлыған алу үшін конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын-ала бағалау ережесін және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және аладын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы

«Қазақстанның үздік тауары» 2016 республикалық көрме-байқауы