Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):

Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру


Электронная услуга: Да
Гос. орган:
Министерство национальной экономики РК | ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Получатели услуги:
  • Юридические лица
  • Физические лица
Стоимость услуги:
бесплатно
Срок оказания услуги:
3 ай

Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

«Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
Жүйеге кіру немесе  «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
«Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің кіші түрін  таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.
Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
Қажетті деректерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар)

Жеке тұлға
Еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар  және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандар шегерілген) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтініш.
Растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын, оның ішінде акцияларды сатып үшін пайдаланылатын қаражат көздері мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, бұрын сатып алынған акцияларын сатып алудың талаптары мен тәртібі туралы мәліметтер.
Мыналар:

кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;

көрсетілетін қызметті алушының құжаттамамен расталған ақшалай жинақтары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады.
Осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген қаражат көздеріне қосымша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алатын акцияларының құнынан жиырма бес пайыздан аспайтын мөлшерде сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы және сыйға тартушыда аталған мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсетілетін қызметті алушының өкіліне (болған кезде) берілген сенімхатты.
Көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайы ықтимал нашарлаған жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үстеме капиталдандыру жоспары.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректерді.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы  мәліметтерді:

азаматтығы берілген елдің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ адамдар үшін – олардың тұрақты тұратын елі берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын (шетелдік азаматтар үшін) құжат (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша орын алып отырған берешегі туралы ақпаратты.
Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға  тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің аталған құрылтайшының мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініші.
ҚР резиденті заңды тұлға
Еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар  және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, заңды мекенжайы (орналасқан жері), қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандар шегерілген) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтінішті.
Көрсетілетін қызметті алушының жоғарғы органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімдерінің көшірмесін.
Заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына ие (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға немесе бақылауға алуға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды.
Көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алудың, оның ішінде бұрын сатып алынған растайтын құжаттарды көшірмесімен пайдаланылатын көздер мен қаражатты сипаттауды қоса бере отырып сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынуға тиісті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді.
Құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді.
Соңғы аяқталған екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанның қаржылық есептілігін.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленгеннен кейінгі көрсетілетін қызметті алушының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, ірі қатысушы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарын талдауды, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру немесе оның қызметі немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының жоспарларын және ұсыныстарын, егер олар бар болса, табыс етеді.

ҚР резиденті емес заңды тұлға
Еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар  және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, заңды мекенжайы (орналасқан жері), қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандар шегерілген) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтінішті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар.
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің  бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға қосымша көрсетілетін қызметті алушының орналасқан елінің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушы осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының мұндай рұқсат осы елдің заңнамасы бойынша талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін ұсынады.

Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды тапсырады
Осы тармақтың үшінші және төртінші тармақшасында аталған мәліметтер мен құжаттарды.
Көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауды.
Көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін.
Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесіне келісімді бір мезгілде алу үшін мынадай құжаттарды
Еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар  және банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуді алғысы келетін қаржы ұйымдарының атаулары көрсетілген өтінішті.
Растайтын құжаттармен қоса көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғаға меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен талабы туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсететін қызметті алушының өкіліне сенімхат (болған кезде).
Ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымдарын қайта қаржыландыру жоспарына сәйкес ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын және (немесе) болғысы келетін көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері есепке алына отырып жасалған қаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда әрбір қаржы ұйымы бойынша үстеме қаржыландыру жоспары.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректер.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес салық органдары немесе жеке тұлғаның тұратын еліндегі өзге уәкілетті тұлғалар куәландырған кірісі және мүлкі туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға  тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініші.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңды тұлға резиденті ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі, бірнеше қаржы ұйымы мәртебесіне келісімді бір мезгілде алу үшін мынадай құжаттарды
Тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы көрсетілетін қызметті алушының жоғары органы шешімінің көшірмесін.
Заңды тұлғалардың акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлесінің) иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растау құжаттарын.
Көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін.
Осы тармақтың алтыншы бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес басшы қызметкерлер туралы қысқаша деректерді.
Құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді.
Аудиторлық ұйым куәландырған аяқталған соңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтініш берер алдында аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін.
Көрсетілетін қызметті алушының және тиісті қаржы ұйымдарының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, тиісті қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарының талдауын, егер олар бар болса, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе тиісті қаржы ұйымдарының қызметіне немесе басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын ұсынады.
Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы немесе банк холдингінің, бірнеше қаржы ұйымының мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды
Осы тармақтың алтыншы бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және осы тармақтың жетінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды.
Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің  бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді.
Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы немесе банк холдингінің, бірнеше қаржы ұйымының мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды
Осы тармақтың сегізінші тармақшасында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды.
Көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішті.
Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін
Осы тармақтың екінші бөлігіндегі 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларындағы құжаттарды ұсынылады.

Орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды қоспағанда) акциялардың жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниетті жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниетті заңды тұлғалар Заңның 26-бабында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша қойылатын талаптарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, жақын арадағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.

ЕСКЕРТУ

Бизнес-жоспарда төмендегілермен шектелмей, мынадай ақпарат қамтылады:

қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерінің және көрсетілетін қызметтер түрлерінің сипаты;
қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);
қаржы ұйымы қызметінің жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған даму стратегиясы және масштабтары;
жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған толық жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есебі, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда және зиян туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);
жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипаты және оларды басқару тәсілдері);
жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған еңбек ресурстарын тарту жоспары.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайлардағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үстеме капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болады:

қаржы ұйымының ағымдағы жай-күйін бағалау;
қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі
іс-шаралардың (шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар (ақша салымының сомаларын және көздерін көрсете отырып), қосымша кірістер алу жөніндегі
іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;
қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;
сауықтыру іс-шараларының болжанған экономикалық әсері (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге де көрсеткіштерінің өзгеруі).

Назад