Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):

Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру (қайта рәсімдеу, телнұсқаны алу)

Электронная услуга: Да
Гос. орган:
Министерство внутренних дел РК | ҚР Ішкі істер Министрлігі
Получатели услуги:
  • Юридические лица
Стоимость услуги:
бесплатно
:

Қызмет көрсету орны

«Электрондық лицензиялау» порталы

Министрлік және оның аумақтық бөлімшелері

Қызмет құны

Лицензия алу - 6 АЕК

Лицензияны қайта рәсімдеу үшін - 4 АЕК мөлшерінен артық емес

Лицензияның телнұсқасын алу - 6 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

лицензия алу– 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес;
лицензияны қайта ресімдеу– 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын алу – 2 (екі) жұмыс күні;

Қызметтің толық атауы

Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру

Қосымша

Мемлекеттік қызметінің стандарты

ЭЦҚ алу

Сіз авторизациялаудан өтпедіңіз. Қызметті алу үшін авторизациялаудан өту немесе тіркелу керек.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

1. Лицензияны алу үшін:

  • Өтініш;
  • Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған).
  • Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер мен құжаттар:
  • Мәліметтер нысаны;
    Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
    Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің медициналық анықтамасы.
  • Өз қызметінде қару мен оқ-дәрілерді пайдаланатын жеке күзет ұйымдарында оларды сақтауға арналған үй-жайлар (не белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға арналған шарт) болған кезде:
  • сақтау және/немесе жалға алу шартының көшірмесі қажет.

2. Лицензия бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияны қайта ресімдеу үшін мынадай құжаттар қажет:

  • Өтініш;
  • Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған).

3. Лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

Қызметті портал арқылы алу (қажетті құжаттар)

1. Лицензияны алу үшін:

  • Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
  • Сұрау салуға тіркелетін психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің медициналық анықтамасының электрондық көшірмесі;
  • Өз қызметінде қару мен оқ-дәрілерді пайдаланатын жеке күзет ұйымдарында оларды сақтауға арналған үй-жайлар (не белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға арналған шарт) болған кезде:
  • Сақтау және/немесе жалға алу шартының электрондық көшірмесі;
  • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген лицензия үшін ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі қажет.

2. Лицензия бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияны қайта ресімдеу үшін мынадай құжаттар қажет:

  • Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
  • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген лицензияны қайта рәсімдеу үшін ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі.

3. Лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

  • Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
  • Лицензия телнұсқасы үшін ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Күзет қызметімен айналысу құқығына заңды тұлғаларға берілген лицензия, оны қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасы не лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.

http://egov.kz/cms/kk/services/licensing/pass441_mvd

Назад