Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру


Электронная услуга: Да
Гос. орган:
Министерство юстиции РК | ҚР Әділет министрлігі
Получатели услуги:
  • Юридические лица
  • Физические лица
Стоимость услуги:
бесплатно
:

Қызмет көрсету орны

ҚР Әділет министрлігі

«Электрондық лицензиялау» порталы

«Электрондық үкімет» порталы

Қызмет құны

Лицензия - 6 АЕК. Қайта рәсімдеу 4 АЕК көп емес. Телнұсқасы - 6 АЕК.

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия - 15 жұмыс күні. Қайта рәсімдеу - 15 жұмыс күні. Телнұсқасы - 2 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру

Қосымша

Мемлекеттік қызметінің стандарты

ЭЦҚ алу

Сіз авторизациялаудан өтпедіңіз. Қызметті алу үшін авторизациялаудан өту немесе тіркелу керек.

Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

  1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіру немесе  «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
  3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің кіші түрін  таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.
  4. Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  5. Қажетті деректерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
  6. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады

Лицензия алу үшін

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-ші қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз.
  2. Жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (идентификациялау үшін).
  3. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
  4. 2-қосымшаға сәйкес төмендегі ақпараты бар мәліметтер формасы:
  •   дипломның болуы туралы;
  •   еңбек өтілі туралы;
  •   аттестаттауды тапсыру туралы, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 142-бабының 5-тармағында көрсетілген тұлғалардан басқа;
  1. Шетел білім беру мекемелерімен берілген дипломдар үшін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар көшірмелері.
  2. Уәкілетті органға ұсынылғанға дейін бір айдан ерте емес наркологиялық және психиатриялық ұйымнан берілген медициналық анықтамалар.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз.
  2. Жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (идентификациялау үшін).
  3. Лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
  4. Лицензияны немесе лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараттары бар құжаттар көшірмесі.

Лицензияның телнұсқасын алу үшін

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз.
  2. Телнұсқаны беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру

http://egov.kz/cms/kk/services/licensing/pass050_mu

Назад