ОҚО-дық мақта талшығы Чехияға мен Үндістанға экспортталады

ОҚО-дық мақта талшығы Чехияға мен Үндістанға экспортталады

Биылғы жылы «Мырзакент» мақта тазалау зауыты мақта талшығын дайындауда рекордттық көрсеткішке қол жеткізуі мүмкін. Кәсіпорынға бұл көрсеткішке жету үшін АҚШ-тың «Люмус Корпорайшн» компаниясынан сатып алып орнатқан қондырғысы көмектеседі. Аймақтағы басқа мақта зауыттарымен салыстырғанда бұл өндірістің еңбек өнімділігі 30 пайызға жоғары.
Айта кетейік, бұл қондырғының арқасында, талшықтың шығуы 30 пайызға артық әрі сапасы жоғары, электр қуатының шығыны 25-30 пайызға үнемделеді және мақтаны өңдеу мерзімі 30 пайызға қысқарды.  Жобада пайдаланылған инновациялық технологиялар ТМД елдерінде теңдесі жоқ өндіріс болып табылады.

«Мақта зауытымыздағы инвестициялық жоба 2013 жылы өңірлік үйлестіру кеңесінде мақұлданып, индустриалды картаға еңгізілген. Осылайша, 2014 жылы аталмыш жоба іске қосылды. Бүгінде зауыттың жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайды. Мұнда 120 адам мерзімді жұмыс орнымен қамтылған», - дейді зауыттың бас инженері Асылбек Жамалов.  





2014 жылы Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған «Мырзакент» кәсіпорыны биылғы жылы 60 мың тонна мақта талшығын өңдеуді жоспарлап отыр. Мұнда тәулігіне 40 тонна мақта өнімін алады. Күнделікті алынған мақта өнімдері Шымкенттегі тоқыма зауытына жіберіліп отырады. Ал мақта талшықтарының артығыҮндістан мен Чехияға экспортталады.

Осылайша «Мырзакент» ЖШС-гі мақтаны өсіріп қана қоймай оны қайта өңдеу ісімен де айналысып отыр. Сондай-ақ, бұл кәсіпорын өңір мақташыларынан тиімді бағада ақ алтын қабылдап, осылайша қоймасын шикізатпен толтыруда.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
4917
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.