Нидерланд – Қазақстан үшін ірі инвесторлардың бірі

Нидерланд – Қазақстан үшін ірі инвесторлардың бірі

Нидерланд Корольдігімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25-жылдығына қатысты Қазақстанның СІМ жариялаған коммюникеде ширек ғасырдағы екіжақты байланыстардың қарқынды өсуі атап өтілген. Сыртқы саяси ведомствоның пікірі бойынша, қатынастардың іргетасы ретінде сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық  белсенді кеңеюде, бұны ЕО мемлекетінің республиканың экономикасына инвестицияланған қаражат көлемі бойынша бірінші орынға ие болуы куәландырады.
Бүгінгі күні Қазақстанда экономикасында голландиялықтардың қатысуымен 900-ден астам компания жұмыс істеуде, олардың көпшілігі мұнай және газ, геологиялық барлау, аэроғарыштық, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын жеткізу, фармацевтика мен медицина, халық тұтынатын тауарлар өндірісі саласында белсенді жұмыс істеуде. Мұндай белсенді әріптестік мемлекеттердің саяси қалаулы тобы ұйымдастырған сындарлы диалогтары арқасында мүмкін болды.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тек қана экономикалық қана емес сондай-ақ, саяси салада да кеңейту жоспарлануда.
2018 жылы Қазақстан мен Нидерланд БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшесі ретінде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері бойынша тығыз өзара бірлесіп іс-қимыл жасасу, сондай-ақ екі елдің халықаралық бастамаларын алға жылжытуда өзара қолдау көрсетуге ниеттенуде.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
3522
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.