"Газпром нефть" ОҚО-да битум өндіретін зауытты жаңғыртуда

"Газпром нефть" ОҚО-да битум өндіретін зауытты жаңғыртуда

"Газпромнефть" компаниясының Қазақстан Республикасы аумағындағы битум өнімдерін шығару және сату бойынша еншілес мекемесі "Газпромнефть - Битум Қазақстан" мекемесі Төлеби ауданында қоспаларды металл бөшкелерге құюдың жаңа автоматты желісін іске қосады. Бұл еліміздегі және жақын мемлекеттердің жол-құрылыс компаниялары үшін ең қолайлы ыдыс. Бұл - Қазақстандағы битум зауытының технологиялық процесін жаңартудағы бағдарламасының маңызды кезеңі. Оның жүзеге асуы Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа да елдердегі контрагенге деген сұранысты қамту үшін жылына 15 мың тонна өнімді құюға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда өндіріс алаңында нарықта қажет БНД 60/90 және 70/100 маркалы базалық битум шығарылады, олардың сапасы ресей мен қазақстандық стандарттарға сай келеді. Дайын өнімді жөнелту құйылған, сондай-ақ металл бөшкелерге құйылған күйінде іске асырылатын болады. "Газпромнефть" битумын қолдана отырып, Оңтүстік Қазақстан жолдарының үштен бірі, оның ішінде "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" ірі жол жобасының трансқұрылықтық дәлізінің автомобиль жолдары салынды.
"Битумдық материалдардың жоғары сапасы және логистикалық артықшылықтарына сай, "Газпромнефть" ЖШС жұмыс істеген 5 жыл ішінде Қазақстан нарығында танымал ойыншыға айналды. Өзіміздің Ресей алаңдарында битумдық материалдардың технологияларын әзірлеу мен өндіруде көпжылдық табысты тәжірибеге ие бола отырып, біз Қазақстанда активтерді тиімді басқару үшін үздік жетістіктерді белсенді қолданудамыз. Жоғары сапалы битумды өндірумен қатар, тоғанақтау торабын дамыту бізге шалғай орналасуына қарамастан Қазақстан және жақын орналасқан елдердегі тұтынушыларымызды қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде", - дейді "Газпром нефть" ЖШС коммерциялық дирекциясының директоры Леван Кадагидзе.
Зауыт 2016 жылмен салыстырғандағы тәуліктік өнімділігін 30 пайызға ұлғайтып көлемін 700 тонна тұтқыр затқа жеткізгенін атап өткен жөн. 2017 жылдың қорытындысы бойынша зауыт 200 мың тонна битумдық материал өндіруді жоспарлауда. Ал Қазақстанда жыл сайын 550-650 мың тоннаға жуық битумдық өнім тұтынады.
"Бұл Қазақстанда битумдық зауыттың технологиялық процестерін жаңғырту бағдарламасының маңызды кезеңі, оны іске асыру Қазақстанда, Тәжікстанда, Қырғызстанда және өзге елдердегі контрагенттерді қамтамасыз ету үшін жылына қосымша 15 мың тонна өнімді орап-түюді жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Зауыттың географиялық орналасуы қазақстандық жол-құрылысы саласына, сондай-ақ шетелдік тұтынушыларға битумды материалдарды жөнелтуге мүмкіндік беретін болады",-деді ОҚО Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқарма басшысының орынбасары Қанат Сыдықов.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
9747
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.