Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

CNPC Қазақстанға 42 млрд доллар инвестициялаған

CNPC Қазақстанға 42 млрд доллар инвестициялаған

China National Petroleum Corporation (CNPC) вице-президенті Ван Дунцзинь, 2017 жылғы 8 қыркүйекте ХІ Еуразиялық Kazenergy форумына Қазақстанмен 20-жылдық жемісті ынтымақтастық қорытындысын шығарды. Белгілі болғандай, осы жылдары корпорация Республиканың мұнай-газ саласындағы жобаларына шамамен 42 миллиард доллар салған. Көптеген бастамалар жүзеге асырылып және болашақ жетістіктердің мықты іргетасы қаланған.

Корпорациясының өкілі қытайлар мен қазақтар өзара тығыз іс-қимыл орнатқанын, ол болашақта екіжақты ынтымақтастықты жеңілдететінін айтты. Атап айтқанда, ҚХР қазіргі уақытта жаңа Жібек жолы жобасын әзірлеумен айналысады, ол қазақстандық "Нұрлы жол" экономикалық даму бағдарламасымен тығыз байланысты, деп хабарлайды "Синьхуа"АА.



Айта кету керек, 1997 жылы CNPC-нің Қазақстан аумағындағы газ және мұнай өндірудегі көлемі небәрі 3,19 миллион тонна болған. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 10 есе артып отыр. Сонымен қатар, 2010 жылдан бастап 2017 жылға дейін шикі мұнайды өндіру жиынтығы 290 миллион тоннаны, ал өңделгені - 54,74 млн тоннаны құрады.

Естеріңізге сала кетейік, CNPC тиімді бағдарламаларға және өндіріске инвестициялаудан басқа сондай-ақ, әлеуметтік жобаларға да қаражат бөледі. 20 жыл ішінде осы салаға корпорация шамамен 350 миллион доллар бөлді.
CNPC Қазақстандағы болашақ жобаларға қатысты келешектегі жоспарлары туралы білуге мүмкіндік болмады. Корпорация атап көрсеткендей, корпоративтік саясат БАҚ қарым-қатынасты қарастырмайды.

Айта кетейік, CNPC 2014 жылы ресейлік "Газпром" ПАҚ мен ірі келісім-шартқа қол қойған. Келісім-шартқа сәйкес 30 жыл бойы Қытай 38 млрд. текше метр "көгілдір отын" алады.

Анықтама:
Қытайдың CNPC корпорациясы әлемдегі ең ірі корпорациялардың бірі болып саналады. Ол 1988 жылғы 17 қыркүйекте Мұнай өнеркәсібі министрлігінің ресурстары базасында құрылды. Корпорация толық мемлекеттік болып табылады.
CNPC қызметінің негізгі түрлері болып табылады: мұнай-газ кен орындарын барлау және көмірсутектерді өндіру, мұнай-газ инфрақұрылымы құрылысы, құбыржолдарды қоса алғанда, мұнай-химия өнімдерін өндіру.

Корпорация 30-дан астам елдерде серіктестік қарым-қатынас орнатты. ТМД-на қатысушы Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан мен әріптестік дамуда.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
10617
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.