Chocofamily инвесторлары салым үшін тартымды салалар туралы

Chocofamily инвесторлары салым үшін тартымды салалар туралы

Chocofamily инвесторлары қандай бизнес саласының салымдар үшін неғұрлым перспективалы екенін, сондай-ақ, олар қазір қандай жобаларды  іздеп жүргенін айтып берді.

Үдемелі өсу жетістіктерін көрсетекен бизнесті дамыту үшін, әрқашан қосымша капитал салымдары қажет, өйткені көбінесе бизнестің өзі маркетинг, логистика және өзге де компанияның өсуі үшін қажетті барлық қажетті шығындарды бірден қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар, капиталды сауатты жұмсау компанияның қарқынды дамуына ғана емес сондай-ақ, инвесторларға да дивидендтер әкелуіне мүмкіндік береді.
Chocofamily келісімдері бұл классикалық батыс жолымен келе жатқан жалғыз қазақстандық стартап, ол қазірдің өзінде инвестициялардың үшінші кезеңін тартуда. Әрбір келісім бұл алдағы өткен келісімнің инвесторлардың сенімін ақтағанын көрсетеді. Сондықтан Әділ Нұрғожин өзінің қаражатын Chocofamily-ге салған болатын.
Электрондық коммерциядан басқа Әділ Нұрғожинның биотехнология және фармацевтикаға салған инвестициялары бар. Қазір, неғұрлым перспективалы салалардың арасында, ол индустриялық кәсіпорындар үшін шығыстарды оңтайландыруға байланысты технологияларды қарастыруда, соның ішінде тау шаңғысы кәсіпорындарын.

"Оңтайландыруға ешқашан ақша салмаған компаниялар бар. Оңтайландыруға ақша салса келешекте пайда ұлғаятын болады. Бұған ықпал ететін технологиялардың айналасында пайда болған барлық шешімдер инвестициялау үшін қызықты болмақ" — деді Әділ Нұрғожин.
Сұхбаттасушы FinTech-ке баса көңіл аударады. Оның пікірінше, бұл сала жақсы дамуда және агрессиялы болып келеді, оның ішінде Қазақстанда да.
"Бұл салада көп жұмыс ойластырылған. Осыдан үлгі алу және жұмыс істеу керек. Қазірдің өзінде біз жаңадан ештеңе ойлап таппаймыз, бірақ біз Қазақстанда сауатты бейімдей аламыз. Бұл сала маған өте қызықты, мен осындай стартапты іздеп жүрмін" — дейді Әділ Нұрғожин.
Оның айтуынша, стартап ол еңбекқор студент деген стереотип бар. Алайда, қазіргі стартаптар, бұл —бизнесті жүргізу тәжірибесі және жоғары табысы бар ересек адамдар. Және бұл тәжірибе оларға ресурстарды дұрыс бөлуге және сапалы стартаптарды құруға мүмкіндік береді. Әділ Нұрғожиннің пікірінше, қазір инвесторларға кішкентай сомалармен жұмыс істеу қызықты емес, оларда бірден үлкен қаражат салуға қызығушылық және мүмкіндіктер бар.  
Сонымен қатар, Әділ Нұрғожин сияқты, Chocofamily капиталына Тимур Турловта қаржы салған.
Тимур Турлов —Freedom Finance инвестициялық тобының негізін қалаушы, Ресей, Қазақстан және Кипрде бизнесі бар.
Тимур Турлов, IT бұл қазір стратегиялық бағыт болып қалуда деген пікірімен бөлісті. Электрондық коммерциядан басқа бұл технологиялық компаниялар "бұлттық" шешімдер ұсынумен, it-өнімдердің аутсорсингі, қаржылық қызметті автоматтандыру қызметтерін ұсынумен айналысады.
"Менің құрылымдарым қаржылық технологияларды жасаумен белсенді түрде айналысады және өздері әзірлеген жаңа өнімдерге инвестиция салады" — дейді ол.
Тимур Турлов әлеуеті бар келесі сектор бұл - жаһандық ойын-сауық индустриясы деген ойын айтты.

"Менің бұл іске үмітім өте үлкен: еңбек өнімділігі артуда, адамдардың бос уақыты көп, сонымен қатар адамдар зерігуде. Және біз ақпарат құралдары контентіне, ойын-сауық контентіне, компьютерлік ойындарға, виртуалды шындық технологиясына үлкен инвестициялардың ағымын көрудеміз, осының артында зор болашақ бар" — дейді Тимур Турлов.
Тимур Турлов атап өткендей, Қазақстанда кәсіпкерлік рухы бар. Стартаптар көп, бірақ, оның ішінде сыртқы инвестицияларды тарту деңгейіне дейін жететіндері аз. Бірақ сапалы стартаптар пайда болуы үрдісі жақсы.

2016 жылы Chocofamily холдингіне белгілі бизнесмен Мұрат Әбдірахманов инвестиция салды. Оның салымы медициналық салаға тиесілі. Медицина саласындағы бизнесте кейбір "кедергілер" болады, ол туралы бізге кәсіпкер әңгімелеп берді.



"Медициналық жобалар — олар қиын-технологиялық жобалар. Медицина саласында кәсіби біліктіліктің жоғары деңгейі сөзсіз қажет. Бірақ бұл жерде тек медициналық білім жеткіліксіз, сонымен қатар, дұрыс менеджмент жүйесін қалау қажет. Ал екі салада құзыретті адамдар аз" — дейді Мұрат Әбдірахманов.
Мұрат көптеген инвесторларды біріктіретін ойымен бөлісті. Ол өзінің еселік өсу әлеуеті бар саланы — кеңейтілетін нарықты іздегенін айтты. Осы нарықтардың барлығы жаңа қызметтің онлайн нұсқасын ұсынумен байланысты.
"Қазақстанда әлемде теңдесі жоқ және табысты жүзеге асырылған стартап туындауын болжау мүмкін емес. Біздің нарықта көбіне шетел стартаптарының тәжірибесін бейімдейді. Және бұл пессимистік көзқарас емес, жай ғана шынайы. Өйткені венчурлік облыста бар ақшаның көлемі біздің нарықта және дамыған елдерде соншалықты салыстырмалық  болмайды, тіпті бұл туралы айтуға да тұрмайды. Сондықтан, біз Ресейде бейімделген әр түрлі кейстерді қолданамыз. Ал Ресей нарығы біздің нарыққа өте ұқсас" — дейді Мұрат.

Chocofamily тобының бірінші инвесторы DEMUS Capital жеке қоры болды. Оның негізін қалаушылардың бірі Евгений Усатов, ұзақ уақыт бойы банктердегі тәуекел-менеджмент саласында, несиелеу және инвестициялар, операциялық қызмет саласында жұмыс істеді және елеулі басқару тәжірибесі бар. Оған және халықаралық аудиторлық ұйымдарда 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар оның әріптесі Николай Демидовке e-commerce саласындағы, әсіресе қызмет көрсету саласында компаниялар әрқашан қызықты болатын.
Евгений атап өткендей, оффлайн қызметтердің онлайнға ауысу үрдісі өзекті болып қалуда. Қазақстанда қызметтер нарығы дамымаған, ал онлайн қызметтердің деңгейі басқа да дамыған елдерді айтпағанда, тіпті көрші Ресеймен салыстырғанда төмен. Қазақстанда интернетті дамытудың арқасында онымен байланысты бизнес те шырақ дамиды және дәстүрлі (оффлайн) бағыттарға қарағанда оның айтарлықтай үлкен болашағы бар.  
Евгений, жақсы игерілген және регламенттелген процестері бар ірі дәстүрлі компанияларда серпінді даму үшін "стартап жеңілдігі" жетіспейіндігі бүгінгі күннің ерекшелігі болып табылады деп санайды, сол уақытта стартаптарға олардың икемділігі мен жылдамдығымен қоас қолдайтын функцияларда реттелген рәсімдер жетпейді. Инвесторлар үшін тамаша бизнес көрсеткіштерден басқа, бизнестің операциялық бөлігі, есепке алу және есеп беру, процестерді сүйемелдеу, корпоративтік басқару жақсы жолға қойылған және сенімді болуы маңызды.






Евгений тек осы құрамдас бөлімнің теңгерімді үйлесімі компанияның нарықтағы сапалы өсуі мен тұрақтылығына әкелетініне сенімді.
Бүгінгі күні, Chocofamily холдингінің Қадағалау Кеңесінің мүшесі ретінде  Евгений Усатов бэк-офис процестерін құру және Chocofamily жобаларында корпоративтік басқару мәселесі бойынша жұмыс істейді.
Евгений, оның әріптестері атап өткендей бүгінгі таңда өз ісін ұйымдастыру үшін ең бастысы капитал ғана емес екенін айтады.
"Өз бизнесін қабілетті ұйымдастыра білетін адамдар — бұл сирек кездесетін категория. Өзінің бизнес идеясын өндірген адамнан оны жүзеге асырған адамға дейінгі жол —ол  үлкен жол, және көптеген стартаптар одан өтпейді. Сондықтан, әңгіме капиталда емес, ойлағанын іске асыруда жұмыс жасаған командада" — дейді Евгений.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
23852
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.