Қазақстанда Okko онлайн-кинотеатры жұмыс істей бастады

Қазақстанда Okko онлайн-кинотеатры жұмыс істей бастады

Қазақстанда Ресейдің заңды, онлайн-кинотеатрының бірі — Okko жұмыс істей бастады. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығына компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Okko онлайн-кинотеатры 20th Century Fox, Warner Brothers, Paramount Pictures, Sony Pictures Entertainment, Universal Studios, Walt Disney Pictures студияларының серіктесі болып табылады. "Қазақфильмнен" ұлттық кино өнімдерге құқықтар сатып алу туралы келіссөздер жүргізілуде. Онлайн-кинотеатр жоспарында, қазақ киносы коллекциясына жеке жазылуды енгізу.

Сервистің фильмдері, сериалдары мен мультфильмдері Smart TV(Samsung, LG, Sony Bravia), Android TV mobile (iOS және Android), web (ДК) негізгі платформаларынды қол жетімді.
Қазақстанда okko.kz клиенттер бейнені сатып алуға, пайдалануға немесе 8 кең таңдаулы тақырыптық жазылымдармен пайдалана алады. Таяу уақытта HBO контентінің құқықтарына ие Amediateka бейнесервисінің фильмдері мен телехикаялары қол жетімді болады. Қазақстандағы сатып алу, жалға беру және жазылымдар құны Ресейдегі сияқты болады.



Қазақстанда сервис техникалық жағынан Ресейге тәуелсіз, сондықтан мұнда контент, жазылымды, арнайы ұсыныстар бойынша бірегей функционалдығы іске асырылатын болады. Қазақ абоненттері үшін барлық контентті жеткізу оңтайландырылды, CDN Қазақстанда орналасқан. HDR және Ultra HD контентін қоса алғанда Okko-ның барлық өнімдерін іске қосуды жоспарлап отырмыз", — деді Okko техникалық директоры Игорь Соколов.

Okko-ны Қазақстанда іске қосу үшін техникалық жұмыстарға 4 ай уақыт кетті.
Okko бас директоры Иван Гродецкий атап өткендей, компания b2b сатуды дамытуға көңіл бөлуде және телеком-операторлар мен сандық ретейлдар арасында серіктестер іздеуді жоспарлап отыр.

"Менің пікірімше, алдағы уақытта Okko қызықты серіктестік келісімдер туралы айта алады. Қазақстан — біздің бірінші шетелдік нарығымыз, орта мерзімді келешекте біз ТМД елдерінің және басқа да алыс шет елдер нарығына шығу мүмкіндігін қарастырудамыз. Әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізілуде", — деді ол.

Okko онлайн-кинотеатры 2011 жылы іске қосылды. Okko-ның ай сайынғы аудиториясы — 1,5 млн. адам. Өткен жылдың қорытындысы бойынша компанияның ақшалай түсімі 775 млн рубльді құрады, 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша— 536 млн рубль болды.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
9936
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.