Қазақстан экономикалық дипломатияны жандандырады

Қазақстан экономикалық дипломатияны жандандырады

Нью-Йоркте 2017 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов пен солтүстікамерикалық іскер топтары өкілдерінің кездесуі өтті. Президенттің экономикалық дипломатияны жандандыру бойынша жүктеген міндетін орындай отырып, сыртқы саясат ведомствосының басшысы әлеуетті инвесторларды экономиканың басым секторларындағы бірқатар жобаларға қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, бизнесмендер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл жариялаған Қазақстанның Үшінші модернизациясын іске асыру туралы хабарланды.
Ол шетелдік инвесторлар үшін бірлескен жобаларға қатысу шарттарын жеңілдетуді көздейді. Бұл өзгертулер, бірінші кезекте экономиканың басым салаларына жатқызылған машина жасау, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жоғары технология мен туризмді қозғауы тиіс.

Кездесуге қатысқан америкалық бизнесмендер Қазақстанның ішкі дамытуда қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалап,  елдегі өте қолайлы инвестициялық климат қалыптасқанымен келісті. Қазақстандық тараппен ынтымақтастық тәжірибесі бар бизнесмендер, елдің үлкен әлеуеті бар сенімді серіктес екенін айтты. Бұл туралы SNG.Today-ге СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
7547
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.