Алматыда Qazaq-Oner қолөнершілер орталығы ашылады

Алматыда Qazaq-Oner қолөнершілер орталығы ашылады

Орталық қалалық туризм және сыртқы байланыстар мен мәдениет басқармасының қолдауымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында сырттан келушілер туризмі және ішкі туризмді дамыту мақсатында құрылған.
Qazaq-Oner — бұл оқыту, өндірістік, сауда, мәдени-тарихи және ойын-сауық орталығы. Ол Атлетикалық ауылдағы аумағы 800 шаршы метр пирамида-ғимаратта орналасқан. Жаңа орталықта және қазақ мәдениетін қолөнер арқылы тануға ниет білдіргендер жаңа мамандықты меңгере алады және бос уақытты отбасымен өткізуге болады.
Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, Qazaq-Oner дәстүрлі қазақ қолөнерін жаңғыртуға және дамытуға, ұрпақтар сабақтастығын, жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге,  жергілікті өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.
Орталықтын ашылу салтанаты мына мекен-жайда өтеді: Ақбұлақ ықшамауданы-1, үй 5/11, Almaty Art Center, Момышұлы көшесі (Атлетикалық деревня). Іс-шараның басталуы 17:00 жоспарланған.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
5446
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.