Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Сатуларды жоспарлау және коммерциялық мақсаттарды қою


Бизнестің коммерциялық мақсаттарына жататындар:

Сатулар көлемі – заттау және ақшалай көріністе

Маржинал дық кіріс – өнімді/қызметті шығару үшін кеткен шығындарды санамағандағы сату көлемі

Сатып алушылардың кету деңгейі – биылғы жылғы сатып алушылардың былтырғы жылғы сатып алушылар санына пайыздық қатынасы

Коммерциялық мақсаттарда анықтау кезеінде келесілерді есепке алу керек:

· Шығарылатын өнім көлемі мен саладығы алдыңғы жылдың кірісінің серпіні;

· Шығарылатын өнім көлемі мен сіздің көсіпорныңыздың алдыңғы жылдық кірісінің серпіні;

· Сала жағдайы, мемлекеттің мүмкін қолдауы, салаға инвестициялар бойынша ағымдағы жылға болжал жасау;

· Сіздің сатып алушыларыңыздың төлем қабілетіне әсер ететін елдегі экономикалық жағдай;

· Бәсекелестеріңіздің жоспары;

· Сіздің өніміңіздің/қызметіңіздің бәсекеге қабілеті;

· Кәсіпорынның мүмкіндіктері мен қорлары – қандай қорлар есебінен сіздің кәсіпорныңыз мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізеді.

Барлық мақсатты коммерциялық көрсеткіштер сату жоспарында көрсетілуі керек. Сату жоспары айларға және өнім түріне бөлінген кесте түрінде жасалады:

1 қадам. Әр өнім бойынша жеке өндіру көлемін заттық көріністе анықтаңыз. Өндіріске әсер ететән барлық факторларды: маусымдық, жеткізушілер әсерін және т.б. есепке алу керек.

2 қадам. Өнімнің келесі жылға арналған бағасын анықтаңыз.

3 қадам. Прейскуранттағы бағаны өнім көлеміне көбейту арқылы сату көлемінің ақшалай көрінісін анықтаңыз.

4 қадам. Ақша қаражатының түсу көлемін анықтаңыз. Бұл көрсеткіш әрқашан сату көлеміне тең келе бермейді, себебі оған алғытөлемдер мен дебиторлық қарыздар әсер етеді.

5 қадам. Құрастырылған сату жоспарын оны орындауға қатысатын барлық қызметкерлерге беріңіз. Оның негізінде әр қызметкер өзінің жеке жоспарын жасау керек.

Сату жоспарының үлгісі:

Өнім/қызмет атауы

Стау көлемі

Қаңтар

Желтоқсан

2013 ж. жиыны

А өнімі

Заттай көріністе (дана, кг, тонна…)

Ақшалай көріністе (теңге)

Ақша түсуінің жоспарланған көлемі (теңге)

В өнімі

Заттай көріністе (дана, кг, тонна…)

Ақшалай көріністе (теңге)

Ақша түсуінің жоспарланған көлемі (теңге)