Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Маркетингтік саясатты әзірлеу


Өз ісіңізді табысты жүргізу үшін маркетигнтік саясат әзірлеуге кеңес береміз.

1 қадам. Тауарлық саясатты әзірлеу.

Тауарлық саясаттың мақсаты – теңдестірілген және бәсекелестікке қабілетті тауарлар мен қызметтердің ассортиментіне жету .

  • Сіздің кәсіпорын сататын барлық тауар мен қызмет түрлерінің тізімін жасаңыз ;
  • Бәсекелестікке ең қабілетті тауарлар мен қызметтерді анықтаңыз . Бәсекелестік қабілет – сатып алушының қанағаттану деңгейі бойынша тауардың басқа ұқсас тауарлардан артықшылығы ;
  • Сіздің кәсіпорныңыз шығаратын тауарлар мен қызметтер жиынтығы теңдестірілген болуы тиіс. Өз кәсіпорныңыздын тауарлары мен қызметтерінің тізімін мұқият қарап шығыңыз. Ол келесі талаптарға сай ма:
    • Тізімде сатып алушының қажеттілігін толығымен қамтиты, бәсекеге қабілетті, ерекше шартсыз сатылатын, сізге басты табысты әкелетін тауар немесе тауарлар тобы болу керек;
    • Тізімде сатылуына ерекше күш салу керек болатын, бірақ жеткілікті маржасы бар, яғни өз өндірісіне кеткен қаражатты өтей алатын тауарлар да болуы мүмкін.
  • Егер сіздің тізіміңізде өзін өндіруге кеткен қараджатты өтемейтін тауар немесе қызмет бар ма? Осы тауарды/қызметті өзгертуге бола ма? Оның тұтынушылық қасиеттерін қалай жақсартуға болады? Қалай оның бәсекелестік қабілетін жоғарылатуға болады? Оның өндірісіне кететін шығындарды қалай азайтуға болады? Егер осы сұрақтарға жауап таппасаңыз, онда біртіндеп тауарды өндірістен алып тастаңыз;
  • Өндірістен алынып тасталған тауардлар мен қызметтердің орнына қандай жаңа тауар жасауды бастай аласыз, соны анықтаңыз. Мұндай шешім қабылдау үшін, өз нарығыңызды жете білуіңіз керек. Бәсекелестеріңіздің тауар/қызмет тізімдерін зерттеңіз. Олардың тауарлары мен қызметтерінің сипаттамасын, үлгілерін жинаңыз. Өз еліңіз бен әлемдегі сіздің салаңыздың тауарлары мен қызметтері сипатталатын арнайы салалық әдебиетпен танысыңыз. Салалық көрмелерге қатысыңыз.

2 қадам. Баға саясатын анықтау.

Баға саясаты – тауарлар мен қызметтерге нақты баға белгілеу, жеңілдіктер беру ережелері. Баға саясаты сату көлеміне және кіріске тікелей әсер етеді.

Тауарлар мен қызметтерге баға белгілеу кезінде келесілерді есепке алу қажет:

  • Сатып алушылардың күткені. Сатып алушылар сіз қалағаннан көп немесе аз төлей ала ма, соны анықтаңыз;
  • Кәсіпорынның зиянсыздығы. Тауарлар мен қызметтердің бағасы барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз етуі керек.;
  • Сіздің жеткізушілеріңіз бен делдалдарыңыздың саясаты;
  • Бәсекелестердің бағалары мен ұсыныстары. Бәсекелстеріңіздің бағасына қатысты сіздің бағаңыз жоғары бола ма, төмен бола ма, өз орныңызды анықтаңыз ;
  • Мемлекеттік реттеу шаралары .

Барлық есептер жүргізілген соң, өзіңізге келесі сұрақтарды қойыңыз :

  • Өнімнің бағасы оның сапасына сай ма?
  • Бағалардың өзгеру үрдістері ескерілген ба?
  • Бағалар сатып алушы үшін бәсекелестік күреске қатысуға мүмкіндік бере ме?
  • Бәсекелестердің бағаға деген ықтимал реакциясы есепке алынды ма?
  • Бәсекелестік күрес болған жағдайда бағаны тағы да түсіру мүмкіндігі бар ма?
  • Жеңілдіктер жүйесі қаншалықты дұрыс жасалған ? Ол табыстың ең аз деңгейін сақтап қалуға мүмкіндік бере ме?
  • Жылжыту/жарнама шығындары есепке алынды ма?

3 қадам. Тауарлар мен қызметтерді өткізу каналдары.

Өткізу саясаты тауардың өндірушіден түпкілікті сатып алушыға дейінгі жолын анықтайды.

Өткізу каналын таңдау үшін , келесі сұрақтарға жауап беру керек :

  • Сіздің кәсіпорныңыз тауарлар мен қызметтерді өткізу қызметін қаншалықты тиімді орындай алады :
    • Нарық туралы ақпарат жинау;
    • Сату қызметкерлерін ұстау ;
    • Тапсырыстарды өңдеу ;
    • Сатып алушыға тауарларды жеткізу ;
    • Қоймалау ;
    • Сорттау ;
    • Тауар қорларын сақтау ;
    • Ассортименттің кеңдігін қамтамасыз ету ;
    • Сатып алушыларға қызмет көрсету ;
    • Сатып алушыларды несиелеу ;
    • Сатып алушыларға кеңес беру және техникалық қолдау .
  • Сіздің кәсіпорныңыз өткізумен өзі айналыса ма, жоқ әлде делдалдарды тарта ма?

Өнімнің ерекшеліктері мен кәсіпорынның мүкіндіктерін есепке ала отыры, сіз өткізудің тікелей немесе жанамалы түрімен жұмыс істентініңізді анықтауыңыз қажет.

  • Тікелей өткізу каналы – тауарлар мен қызметтерді сатып алушыға тікелей сату ;
  • Жанама өткізу каналы – делдалдың қатысуымен сату .

К анал түрі

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Тікелей канал

  • Бағаларды қадағалаудың жоғары деңгейі ;
  • Пайданы бөлісудің керегі жоқ ;
  • Өз өніміңізді сатуға зейін қою ;
  • Сатып алушылар мен тікелей қатынас мүмкіндігі ;
  • Нарық пен сатып алушылар туралы ақпаратқа тікелей қол жеткізу .
  • Ұйымдастырудың қаржылық, басқарушылық қиындықтары ;
  • Өз өткізу желісін ұйымдастырып, қолдау үшін бос қаражаттың керектігі ;
  • Өнімді сақтауға кетеін көп шығын ;
  • Мамандандырылған сауда қызметкерлерін ұстау керектігі .

Жанама канал

  • Нарықты қамтудың кеңеюі ;
  • Айналым мен кірістің өсуі ;
  • Тізбектің әр мүшесі өз қызметін атқарып, бөлінген шығындар мен тәуекелдерді көтереді ;
  • Сатуға орынды шығынның жұмсалуы .
  • Бағалар мен сату шарттарын қадағалаудың әлсіз мүмкіндігі ;
  • Өндірушінің сатып алушылармен тікелей байланысының жоқтығы ;
  • Тұтыну көлемін шектейтін түпкілікті сатып алушы үшін бағалардың көтерілуі .

4 қадам. Тауарлар мен қызметтерді жылжыту жүйесін жасау.

Тауарлар мен қызметтерді жылжыту – әлеуетті сатып алушыларға тауардың/қызметтің артықшылықтары туралы ақпаратты жеткізу бойынша шаралар кешені . Жылжыту мақсаты – сатып алушының тауарды сатып алу ықыласын шақыру .

Мақсат

Сатып алушыларды сіздің тауарыңызды алуға көндіру

Тәсілдері

Тауардың тегін үлгілерін тарату;

Жеңілдік купондарын тарату;

Сатып алушыға сыйлық беру;

Жүлделер ойнату;

Уақыты шектелген арнайы жеңілдіктер ұсыну;

Арнайы шаралар – бір тауардың құнына екі тауар беру.

Жылжыту шараларын әзірлей кезінде мақсатты аудиторияны есепке алу керек. Мақсатты аудитория – жылжыту шаралары бағытталған сіздің қазіргі және әлеуетті сатып алушыларыңыздың тобы.

Жылжыту шараларының сипаты сіздің мақсатты аудиторияңызға маңызды пайдаға бағытталуы керек. Шағын кафе мысалында қарастырайық :

Мақсатты аудитория

Студент тер

Қызметкерлер

Отбасылық жұптар

Маңызды пайды

Төмен бағалар, мәзірде газдалған сусындар мен тез тағайындалатын астардың бар болуы

Жақсы сапа мен бағалардың орташа болуы, тез қызмет көрсету

Жайлы жағдай, тағамдарды сапалы тағайындау және сапалы қызмет көрсету

Кафенің қызметтерін жылжыту науқаның мазмұны

Студенттерге арналған түске дейін арзан таңғы ас ұсынатын арнайы мәзір

Түскі ас уақытында 5 минут ішінде дайын болатын 2-3 кешенді түскі ас түрі бар б изнес ланч

Үстелді шырақтармен жабдықтау, романтикалық жұптарға арнайы ұсынысы бар жақсы рәсімделген мәзір