Маркетингтің негізгі функциялары
Маркетинг тәсілдерін пайдалану сіздің кәсіпорныңызды табысты етіп, кірісті өсіруге мүмкіндік береді. Маркетингтің неден тұратынын анықтайық.
Маркетингтің басты ҚЫЗМЕТТЕРІ:
Талдамалық – нарықты, сатып алушыларды зерттеу
НАРЫҚ
- Сіздің кәсіпорныңыз кіретін салада не болып жатыр
- салада неше кәсіпорын бар ;
- олардың нешесі сіздің облысыңызда/ауданыңызда/елдімекеніңізде жұмыс істейді ;
- салада қанша өнім шығарылады/қызмет көрсетіледі ;
- өнімнің/қызметтің орташа бағасы;
- саланың ортақ кірісі ;
- былтырғы жылмен салыстырғанда өндірілетін өнімнің көлемі мен кіріс қанша өсті/азайды ;
- былтырғы жылмен салыстырғанда кіріс қанша өсті/азайды ;
- салаға салынған инвестициялар көлемі .
- Сіздің кәсіпорныңыз саланың ортақ көрсеткіштерімен салыстырғанда қалай жұмыс істейді
- сату көлемінің өсуі/төмендеуі (сатылған өнім/қызмет көлемі) бойынша ;
- кіріс мөлшерінің өсуі/төмендеуі бойынша ;
- сатып алушылар/тұтынушылар саны бойынша ;
- өнімнің/қызметтің құны бойынша .
- Шағын бизнесті дамытуға саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық факторлар қалай әсер етеді
- Сіздің бәсекелестеріңіз қалай жұмыс істейді
Өнім/қызмет |
не сатады |
Өткізу каналдары |
қай жерде, қалай және кімге сатады |
Бағасы |
қаншаға сатады |
Жылжыту жолдары |
өз тауарларын/қызметтерін қандай құралдардың көмегімен және қай жерде жарнамалайды, стаып алушылар үшін жеңілдіктер, бонустар және арнайы шарттармен қандай шаралар ұйымдастырады, жарнамаға қанша қаражат жұмсайды |
Қызмет нәтижесі |
Шамамен қанша табыс табады, қанша сатып алушылары бар, бәсекелестің өнімдерінің сатып алушылар арасында танымалдылығы |
- Бәсекелестермен салыстырғанда сіздің өніміңіз/қызметініңізнесімен жақсырақ?
- Сіздің кәсіпорныңыздың күшті және әлсіз жақтары
САТЫП АЛУШЫЛАР
- Қандай сатып алушылар сіздің өніміңізді сатып алады – халық, мемлекеттік мекемелер, коммерциялық компаниялар;
- Олар нені сатып алғысы келеді/сатып алғысы келмейді ;
- Сіздің сатып алуышларыңызға саланың қанша өнімі/қызметі қажет;
- Олардың өнім/қызмет сапасына қоятын талаптары қандай;
- Сіздің сатып алушыларыңыздың қандай тұтынушылық ерекшеліктері бар ;
- Олар сіздің өніміңіз/қызметіңіз қанша ақша төлеуге дайын, және оларда ақша бар ма ;
- Сіздің сатып алушыларыңыз сізің өніміңіздің/қызметіңіздің сапасына, қызмет көрсету сапасына қаншалықты разы ;
- Сіздің сатып алушыларыңыз сізбен тұрақты жұмыс істегісі келе ме немесе басқа жеткізушелерлді іздестіре ме .
Өндірістік – өнімді жасау, өткізу каналдарын анықтау
- Қандай өнімдер мен қызметтер шығару керек ;
- Сіздің кәсіпорныңыз үшін өнімнің/қызметтің қандай жаңа түрін шығаруды бастауға болады . Ол үшін қандай салымдар қажет болуы мүмкін . Оларды кім және қандай бағаға сатып алады ;
- Өнімдерді/қызметтерді қай жерде және қалай сату керек –
- түпкілікті тұтынушылға тікелей сату ;
- делдалдарға көтерме сату ;
- дистрибуция желісі арқылы сату .
- Кәсіпорын өнімінің/қызметінің өзіндік құнын (шығындар+салықтар) анықтау;
- Нарықтық баға мен сатып алушының болжалдарын есепке ала отырып өнімнің/қызметтің бағасын анықтау ;
- Жеңілдіктер мен бонустар жүйесін жасау ;
- Жылжыту – әлеуетті сатып алушыларды сіздің кәсіпорныңыз және ол шығаратын өнімдер/қызметтер жайлы хабарландыру ;
- Компанияның қалаған беделін жасау .
- Кәсіпорынның коммерциялық мақсаттарын жасау -
- өнімді/қызметті шығаруды қанша көбейту/азайту керек ;
- кәсіпорын жылына қанша табыс табуы қажет ;
- Сату жоспарын жасау, түзету және оның орындалуын бақылау .
Өткізу – тауарларды жылжыту, баға белгілеу
Басқару және бақылау – коммерциялық мақсаттарды анықтау, жоспарлау, сатылым деңгейіне талдау жасау