Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Нарық ортасын және нарық тенденцияларын маркенитнгтік талдау


Нарық шарттарын бақылау, талдау және есепке алу – кез келген шағын кәсіорынның табысының кепілі.

Нарықты зерттеуге сала, осы саладағы бәсекелестік деңгейі туралы ақпаратты жинау, тауладу және сақтау кіреді.

1 қадам . Сіздің кәсіпорныңыз қай салаға жататынын анықтаңыз .

2 қадам . Сіздің кәсіпорныңыз жататын сала туралы ақпарат жинаңыз.

3 қадам . Сала туралы жиналған ақпаратты кестелер жасап, талдаудан өткізіңіз .

4 қадам . Сіздің салаңыздағы шағын кәсіпорынның табысқа жету шарттарын анықтаңыз .

1 қадам . Сіздің кәсіпорныңыз қай салаға жататынын анықтаңыз.

Кәсіорын қызметінің саласы Қазақстан Республикасының Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші арқылы ( ЭҚЖЖ ) арқылы анықталады. Оны Қазақстан Республикасы статистика агеттігінен (Астана қ.), ҚР Статистика агенттігінің әр облыста жұмыс істейтін аймақтық бөлімдерінен, ҚР Статистика агенттігінің www.stat.kz сайтында, Әдістеме-ҚРСА жіктеуіштері бөлімінен, ҚР аймақтық департаменттрінен ала аласыз.

2 қадам. Сіздің кәсіпорныңыз жататын сала туралы ақпарат жинаңыз.

Басты ереже – сала және оның көрсеткіштері туралы ақпаратты тұрақты түрде, кемінді жарты жылда бір рет жинау. Географиялық факторды есепке алу – сіздің кәсіпорныңыз жұмыс істейтін аймақтың көрсеткіштерін жинау.

Саланың дамуына әсерін тигізуі ықтимал факторлар туралы ақпаратты да бақылап отыруға кеңес береміз:

Саяси – елдің саяи климаты, саланың заңдық реттелуі, саланы мемлекеттік қолдау бағдарламалары, экономиканың монополиялық салаларын мемлекеттік реттеу

Экономи калық – Қазақстан экономикасының дамуының жалпы деңгейі ( ЖІӨ, инфляция деңгейі, халықтың сатып алушылық қабілеті және т.б. ), елдің несие-қаржылық жүйесінің ахуалы

Әлеуметтік – жұмысқа қабілетті халықтың жұмыспен қамтылу үлесі, жұмыссыздық деңгейі

Технологи ялық – инноваци ляр мен жаңа технологиялар, саланы техникалық қайта жабдықтандыру .

3 қадам . Сала туралы жиналған ақпаратты кестелер жасап, талдаудан өткізіңіз.

Саланың басты көрсеткіштері кестеге енгізіледі. Кестелер мерзімдік ретпен арнайы папкада сақталады. Кестеде бір жыл келесі жылмен толықтырылады. Осылайша Сізде саланың даму (өсу, стагнация немесе құлдырау) кестесін жасау мүмкіндігі болады. Осындай бағалау бизнестің саладағы коммерциялық тартымдылығын түсінуге мүмкіндік береді:

  • Салада соңғы 2-3 жыл бойы тұрақты өсу байқалса – сала бизнесті дамыту үшін тартымды болып табылады ;
  • Сала көрсеткіштері бірқалыпты – сала өзінің тұрақтылығымен тартымды. Осындай саладағы бизнес кәсіпорынға тұрақты табыс әкеледі. ;
  • Сала теріс көрсеткіштерді ( құлдырау ) көрсетеді – осындай салада бизнес бастамай тұрып, жақсылап ойлану керек. Осы саланың жаңа кәсіпорны сатып алушыларға бәсекелестердің тауарынан жақсырақ тауар, төменірек баға, жақсы сапа, сервистік қызмет көрсетуге ұзағарық кепілдік ұсынуы керек. Кірістің тиімдді деңгейін қамтамасыз ету үшін кәсіпорын өнімді өндіру және өткізу шығындары азайту керек.

4 қадам. Сіздің салаңыздағы шағын кәсіпорынның табысқа жету шарттарын анықтаңыз.

Кәсіпорынның табысты болу шарттары нарық жағдайына, сала ерекшелігіне, бизнес климатқа, кәсіпорын қызметінің ішкі шарттары және т.б.-ға тәуелді. Тіпті бір кәсіорынның ішінде әр түрлі өнімнің табысты болу шарттары әр түрлі болуы мүмкін.