Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Бәсекелестіктің деңгейін анықтау


Бәсекелестер дегеніміз сіз пайда табатын тұтынушылардан кіріс тапқысы келетін кәсіорындар, себебі бәсекелестік – жарыс.

1 қадам . Саладағы бәсекелестік деңгейін анықтаңыз .

2 қадам . Жергілікті деңгейдегі өз бәсекелестеріңізді танып біліңіз.

3 қадам. Бәсекелестеріңізден үйреніңіз.

4 қадам. Нені бәсекелестеріңізден жақсы істейтініңізді анықтаңыз.

5 қадам. Бәсекелестер жайлы ақпаратты өз пайдаңызға жаратуды үйреніңіз.

1 қадам. Саладағы бәсекелестік деңгейін анықтаңыз.

Бәсекелестік деңгейі саладыға кәсіорындар санымен анықталады :

  • Бәсекелестіктің жоғарғы деңгейі – бәсекелес-кәсіпорындардың көп саны;
  • Бәсекелестіктің орташа деңгейі – бәсекелес-кәсіпорындардың орта саны ;
  • Бәсекелестіктің төмен деңгейі – бәсекелес-кәсіпорындардың аз саны ;
  • Монополия – бәсекелес-кәсіпорындардың жоқ болуы .

Бәсекелестік деңгейін бағалау кезінде әлеуетті сатып алышылардың санын есепке алу керек :

  • Сіздің кәсіпорныңыздың бәсекелестері халыққа арнлаған тауарлар/қызметтер шығарады. Бәсекелестердің көптігі сізді қоқытпауы керек ;
  • Сіздің кәсіпорныңыздың бәсекелестері компанияларға арналған тауарлар мен қызметтер шығарады. Бәсекелестік деңгейінінң орташа болғаны жақсы. Бәсекелестіктің жоғары деңгейде болуы сатып алушыларды тарту үшін қосымша шығындарды қажет етеді;
  • Сіздің кәсіорныңыздың тауарлары/қызметтері айрықша сипатта. Сатып алушылар саны өте аз. Сіздің кәсіпорын қандай жолмен сатып алушыларды тарта алатынын мұқият бағалау керек.

Бәсекелестік деңгейін бағалау кезінде географиялық факторды есепке алыңыз. Бәсекелес-кәсіпорындар саны көп болуы миүмкін, бірақ сіздің аймағыңызда олардың саны аз болуы мүмкін.

Әдетте, бәсекелестердің санының көптігі саланың жалпы бизнес үшін тартымды екенін көрсетеді, тек мүмкіндіктерді уақытытлы бағалап өз пайдаңызға жаратуыңыз керек.

Саладағы кәсіпорындар саны туралы дектерді келесі көздерден табуға болады:

  • Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің статистикалық есеп бюллетеньдері (басылым түрінде немесе веб-сайттан электрондық түрде ;
  • ҚР Статистика агенттігінің аймақтық органдарының есептемелері ;
  • салалық министрліктер, ведомстволар, департаменттер, администрациялар, одақтар мен қауымдастықтар есептемелері.

2 қадам. Жергілікті деңгейдегі өз бәсекелестеріңізді танып біліңіз.

Жергілікті деңгейдегі (сіздің кәсіпорныңыз орналасқан елдімекен ауданы) бәсекелестеріңізді тұрақты және ерекше зейін салып зерттеңіз:

  • Иелері/басшылары жайлы ақпарат ;
  • Қызметкерлер саны ;
  • Географиялық қамту – ел, облыс, аудан, елдімекен ;
  • Өнім/қызмет түрлері тізімі ;
  • Бағалары ;
  • Өнімнің/қызметтің бағалама көлемі;
  • Кәсіпорын жұмыс істейтін салада қажет өндірістік база/қойма/техника және басқа да өндірістік қуаттарының барлығы және олардың жағдайы ;
  • Өнімді/қызметті өткізудің тәсілдері ;
  • Сатып алушылар, олардың бағалама саны ;
  • Өнімнің/қызметтің сапасы жайлы сатып алушылардың пікірі ;
  • Өнімнің/қызметтің артықшылықтары ;
  • Сатып алушылармен қалай жұмыс жасайды –
    • жарнама немесе сатып алушыларды хабарландырудың басқа да жолдарының бар болуы;
    • арнйы жеңілдіктер, бонустар ;
    • несиеге төлеу мүмкіндігі ;
    • сатуды ынталандырудың басқа да түрлері .

    Жақын бәсекелестер туралы ақпарат жинау үшін кез келген мүмкін ақпарат көздерін пайдаланыңыз :

    • бәсекелестердің қызметкерлері мен сатып алушыларымен әңгімелесу ;
    • ғаламтор ;
    • бәсекелестердің жарнамасы ;
    • жергілікті басқару органдары өкілдерімен әңгімелесу .

    Бәсекелетер туралы ақпарат алудың ең тиімді жолы – оның әлеуетті тұтынушысы болып көру :

    • алдын-ала сұрақтар тізімін жасаңыз ;
    • сатып алу/шарт жасасу ниетімен кәсіпорынға барыңыз немесе қоңырау шалыңыз;
    • сатып алу шарттарын талқылау кезінде барлық сұрақтарыңызды қойыңыз ;
    • бағалар тізімін, коммерциялық ұсыныс, шарт үлгісін сұрап алыңыз ;
    • бәсекелестердің өнімі басқа ұқсас өнімдерден несімен ерекшеленетіні сұраңыз – төмен баға, жақсы сапа немес басқа да жағдайлар ;
    • мүмкіндік туса, осы кәсіпорын кімді өзінің бас бәсекелесі деп санайтынын сұраңыз .

3 қадам. Бәсекелестеріңізден үйреніңіз.

Жақын бәсекелестеріңіздің, өз салаңыздың ірі кәсіпорындарының «жаңа идеяларын» қадағалап отырыңыз. Егер Сіз бәсекелесіңізді табысты еткен артықшылықтарды айқындасаңыз, оны өз кәсіпорныңызға енгізіңіз. Бұл сізге уақыт пен қаржы үнемдеуге көмектеседі.

4 қадам. Нені бәсекелестеріңізден жақсы істейтініңізді анықтаңыз.

Бәсекелес-кәсіпорындармен салытырғанда сізідң кәсіпорныңыздың бәсекелестік деңгейін анықтаңыз :

  • өз кәсіпорныңыздың күшті және әлсіз жақтарына әділ баға беріңіз ;
  • сатумен айналысатын және тұтынушылармен тығыз байланыстағы қызметкерлерге сауалнама жүргізіңіз ;
  • өз кәсіпорныңыздың өніміне/қызметіне тұтынушылардың көзімен қарап көріңіз ;
  • сіз өз кәсіпорныңыздың ба жоқ әлде бәсекелес-кәсіпорынның өнімін алатын ба едіңіз ;
  • сіздің өніміңіз/қызметіңіз сіздің бәсекелестеріңіздің өнімінен несімен ерекшеленетіні тұжырымдаңыз.

Сіздің кәсіпорныңыздың өнімінің/қызметінің барлық анықталған артықшылықтарын сатумен айналысатын қызметкерлерге айтыңыз. Олар сіздедің басқа бәсекелес-кәсіпорындаддан немен тиімді ерекшеленетіндеріңізді әлеуетті сатып алушыларға түсіндіре алулары керек.

5 қадам. Бәсекелестер жайлы ақпаратты өз пайдаңызға жаратуды үйреніңіз.

  • Бәсекелестеріңіздің әрекеттерін ешқашан назарсыз қалдырмаңыз;
  • Бәсекелестеріңізге ұзақ уақыт артықшылық жағдайында болуға мүмкіндік бермеңіз;
  • Олардың табыстарын тез жедел көшіріп отырыңыз;
  • Жауап әрекеттер ойлап табыңыз :
    • Неге сатып алушылар сіздің бәсекелестеріңізге емес, сізге келу керек деп ойлаңыз? Оларды неме қызықтырасыз ?
    • Жақсырақ сапа мен ассортимент?
    • Жақсы қызмет көрсету?
    • Өніміңіздің, кәсіпорныңыздың жағымды беделімен?
    • Төмен бағамен?
    • Жеңілдіктер, бонустар, сыйлықтармен?
    • Кәсіпорныңыздың жақсы сырт келбетімен?


 

Кәсіпорынның бәсекелестік ортасын талдау

Кез-келген заманауи компания ауқымына қарамастан бәсекелестік ортада әрекет етеді.

 

 Бәсекелестік ортаны зерттеуде жұмысты бастау алдында–бизнес-идеяларды әзірлеуді , кәсіпорынды құру сатысында - жүргізген абзал  және онымен үздіксіз айналықсан жөн. Тек осы жағдайда ғана нарықта өз орныңды тауып, онда сәтті дамытуға мүмкіндік аласыз.

 

Ұйымның бәсекелестерін талдау процесін мынадай негізгі топқа бөлуге болады:

1. Бәсекелестерді анықтау және олардың ресурстарын зерделеу;

2. Олардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

3. Мақсаттарына қол жеткізу және тактикалық іс-қимылдар стратегияларын зерттеу;

4. Әлсіз және күшті тұстарын анықтау;

5. Бәсекелестердің қысқа мерзімді (бір жылға арналған) және ұзақ мерзімді кезеңде даму перспективаларын айқындау.

6. Жеке мүдделеріне пайдалану мақсатында алынған ақпаратты талдау.

Бәсекелестерді талдауда корпоративтік мәдениеттің және түйін лауазымдарды атқаратын адамдардың ұстанымдарын зерделеу елеулі орын алады. Талдаудың маңызды бағыты бәсекелестердің іс-әрекеттері туралы клиенттердің пікірлері және сараптамалық бағалауы болып табылады.

Алынған ақпаратты сандық (формальды) және сапалыға бөледі. Сандық ақпаратқа жататыны: кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны, кәсіпорынның қызмет түрлері, персонал саны, компанияның активтері, сату көлемі, нарық үлесі, пайдалылығы және басқа да сандық көрсеткіштері. Сандық ақпарат – объективті, нақты деректерді көрсетеді.

Негізгі сапалық көрсеткіштер – бұл компанияның беделі, оның танымалдығы, персоналдың біліктілігі және басшылығының тәжірибесі, бағалық стратегиясы мен маркетингтік стратегиясының икемділігі. Сапалық және сандық көрсеткіштердің кешенді талдауы бәсекелестердің қызметін тұтас бағалауға мүмкіндік береді.

Осылайша, кәсіпорынның бәсекелестік ортасын талдау барысында анықталады:

1. талданып отырған саланың басты экономикалық ерекшеліктері;

2. саланың басты қозғаушы күші және олардың болашақтағы әсерін бағалауы;

3. саладағы бәсекелестік деңгейі;

4. бәсекеге ең жоғары және ең төмен қабілеттілігіне ие компаниялар;

5. бәсекелестердің одан арғы іс-қимылдар мүмкіндігі және олардың бағыттарын болжау;

6. бәсекелестік күрестің табысқа немесе сәтсіздікке әкелетін факторлар;

7. рентабельділіктің қолайлы деңгейі тұрғысынан саланың тартымдылық дәрежесі;

Бәсекелестердің қызметі туралы білім нарықтық жетістіктің перспективаларын бағалауға, басымдылығын анықтауға және бәсекелестер әрекетіне тез көңіл аударуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның бәсекелестік ортасын талдау қызметкерлерді ақпаратпен қамтамасыз етуге, персоналды оқыту және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруге және белгілі бір дәрежеде олардың қызметін ынталандыруға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда кәсіпорын үшін талдаудың маңызды нәтижесі, бәсекелестердің күшті жақтарын бейтараптандыру стратегиясын әзірлеу және өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мүмкіндігі болып табылады.

Соңғы кезең -  бәсекелестердің салыстырмалы талдауы. Оның негізгі мақсаты – ең күшті және әлсіз бәсекелестерді анықтау және белгілі бір бәсекелестерге қатысты оларды бейтараптандыру мақсатында стратегияны таңдау.

Салыстырмалы талдау жүргізу үшін баллдық жүйе көмегімен бірнеше параметрлер бойынша бағалау әдістемесі жиірек қолданылады. Іс жүзінде ол осылай көрінеді: белгілі бір көрсеткіштер бес баллдық  шкала бойынша сұрыпталады.

Салыстырмалы талдау кезінде әдетте бөлінетін негізгі факторлар:

• кәсіпорынның имиджі;

• негізгі өнім/қызмет көрсету тұжырымдамасы;

• өнім сапасы;

• бизнес түрлерін әртараптандыру деңгейі;

• негізгі бизнес түрлерінің жиынтық нарықтық үлесі;

• өндірістік базасының қуаты, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны, негізгі қорлармен жабдықталуы, олардың деңгейі және пайдалану тиімділігі, шығындар құрылымы және т. б.

• қаржылық көрсеткіштер;

• ықтимал жеңілдіктер немесе үстемелерін ескеруімен құрылған өнімдердің/қызметтердің нарықтық бағасы

• тауар қозғалысында пайдаланылатын арналар тұрғысынан тауарларды/көрсетілетін қызметтерді өткізу және жылжыту бойынша іс-шаралардың тиімділігі;

• компанияның сыртқы кәсіпкерлік ортадағы  саясаты және т. б.