Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Маркетингтік стратегия түрлері


Компанияның нарықтағы үлесіне қарай маркетингтік стратегиялардың түрлері — шабуыл, қорғаныс, ауытқу стратегиясы болып бөлінеді. Оларды маркетингтегі "әскери" стратегиялар деп атайды.

1. Шабуыл, жасампаз стратегия фирманың нарықтағы белсенді, агрессивті ұстанымын қолданып, нарықтық үлесін иелену және кеңейту мақсатын көздейді. Әрбір тауар нарығында немесе қызмет көрсету нарығында оңтайлы нарықтық үлесі бар деп саналады. Ол фирманың тиімді қызметі және өмір сүруі үшін пайданың қажетті нормасы мен массасын қамтамасыз етуге бағыталған.

Фирма шабуыл стратегиясын бірнеше жағдайларда таңдай алады:

Ø егер нарықтағы үлесі қажетті минимумнан төмен болса немесе бәсекелестердің іс-қимыл нәтижесінде күрт қысқарса, пайданың жеткілікті деңгейін қамтамасыз ете алмаса;

Ø нарыққа жаңа тауар шығарса;

Ø өндірістерді кеңейтуді жүзеге асырылудың шығындары тек сатудың елеулі ұлғаюы арқылы ғана ақталса;

Ø егер фирмалар-бәсекелестер өз позициясын жоғалта бастаған жағдайда аз шығынмен нарықтық үлесті кеңейтуге нақты мүмкіндігі болса.

2. Қоғаныс, немесе холдинг стратегиясы фирманың қолдағы нарықтық үлесін сақтауды және нарықтағы өзінің позициясын ұстауды көздейді. Егер фирманың нарықтық позициясы қанағаттанарлық, немесе оған белсенді басқыншылық саясатын өткізу үшін қаражат жеткіліксіз, немесе мықты бәсекелестердің қарсы шараларынан күмәнданған болса   мұндай стратегия таңдалады. Осындай саясатты нық фирмалар олар үшін белгілі нарықтарда жиі жүргізеді.

Стратегияның мұндай түрі өте қауіпті және оны жүргізетін фирма тарапынан ғылыми-техникалық даму мәселелеріне және бәсекелес фирмалардың іс-қимылдарына ерекше назар аударуды талап етеді.

3. Ауытқу стратегиясы. Бұл - таңдаулы емес, мәжбүрлі стратегия. Технологиялық және құрылымдық тұрғыдан ескірген тауарлар бар жағдайда фирма нарықтық үлесін төмендетуге саналы түрде барады. Бұл стратегияның көздейтіні:

— операцияларды бірте-бірте тоқтату, бұл ретте жай байланыс пен бизнес бойынша іскерлік байланысты бұзбау қажет, бұрынғы серіктестерге соққы жасамау, фирманың қызметкерлерін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету;

— бизнесті жылдам жою;

Ауытқу стратегиясы, әдетте, пайданы күрт ұлғайту мақсатында нарықтық үлесін мүмкіндігінше неғұрлым қысқа мерзімде қысқартуды көздейді.

Маркетингтік саясаттың басты мақсаты – сату, пайда, нарық үлесінің көлемін ұлғайту,сондай-ақ, өзі орныққан нарықтық сегментте көшбасшылыққа жету үшін.



Назад