Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Компанияның табысын арттыру әдістері


Сіз қалыптастырған компания белгілі нарықта жұмыстардың, тауарлардың және қызметтердің орнын алғаннан кейін және өзінің позициясын бекіткеннен соң, онымен алынатын табыстың көлемін қалай арттыруға және таза табысты көбейтуге болатыны туралы ойлануға мүмкіндік туады.

Ол үшін ең алдымен өзінің бизнесін одан әрі жетілдіру, сонымен қатар бұл процесске алынған табыстың жартысын салу жолы арқылы, яғни оны капитализациялау қажет екені түсінікті. Алайда – өзіңнің кәсіпорыныңның табысын арттыруға қалай қол жеткізуге болады?

Ең алдымен, шығарылатын өнімдердің немесе тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сатылу көлемін арттыруға тырысудың қажет екені айқын. Ол үшін жазуға маманданған фирмалар жасайтын арнайы скрипттерді (жоспарларды, сценарийлерді) қолдануға болады.

Алайда сатуды арттыру үшін ең алдымен, өндіріс көлемін көбейту қажет, және тек бұны ғана емес. Тапсырыстарды орындауды жылдамдатудан басқа, компания «нақты» тауарды өндіруші болып табылған жағдайда бұл тауар соңғы тұтынушыға жеткізуін қажет етеді, бұл тағыда қаржылық шығындарды қажет етеді. Өндірілетін тауарлардың көп бөлігі оны жасау үшін көп материалды қажет етеді, кейде – оны өңдеу үшін жаңа жабдықты сатып алуды қажет етеді.

Алайда компанияның алатын табысын біршама арттыру үшін бұл амалдар да аз болуы мүмкін. Ең басты назарды жарнамаға бөлу қажет, және тек күнделікті газеттерде ғана емес, радио және ТД каналдарында. Көшелерде жарнамалық плакаттарды, визиткаларды және үндеухаттарды тарататын адамдарды жалдауға, жарнамалық хаттарды жіберу, сонымен қатар электрондық поштаға да, тегін каталогтарда, және тағысын тағылар, соған ұқсас өзінің өнімін жарнамалауға болады. Егер сіздің компанияңыз жарнамалық мониторлармен жабдықталған ірі дүкендермен серіктес болса, онда ол жерде сіздің өніміңізді жарнамалаушы «роликтерді» көрсетуге болады, а егер болмаса – онда оларды Ғаламтор желісіне орналастыруға болады.

Әрине, бұл қымбатқа түсуі мүмкін, алайда компанияның табыстылығын одан әрі арттыру үші – бұл тұрарлық.

Сонымен қатар, «клиенттерді мақсатты іздеу» деп аталатын әдісті қолдануға болады. Сіздің тауарларыңыз барлығын толықтай қызықтыруы мүмкін еместігі айқын. Демек, оған қызығушылық танытушыларды мақсатты іздеу және өзінің жарнамалық компанияларын дәл осы топтарды арасында өткізу қажет. Сіздің компанияңыз су астында жүзуді ұнатушылар үшін тауар өндіреді делік. Демек, сіздің мақсатыңыз, ең алдымен – аквалангшылар клубы.

Алдында айтылғандай, тауар –аз өндіру, оны сондай ақ сату қажет. Тауардың сіздің қоймаңызда шаң басып жатқанынан не пайда?

Ал егер адамдар дәл сіздің тауарларыңыз тез және табысты таратылып жатқанын білсе, онда оларды көп көлемде сатып алатын болады, тым болмаса «неліктен басқалары дәл осы өнімді сатып алуда?» деген қызығушылықтан, Бұндай амал сіздің компанияңыздың табыстылығын арттыруы мүмкін екені айқын.

Тұрақты клиенттерді оларға бонустарды, тауар жеңілдіктерін, дисконттық карталарды беру, сіздің компанияңыз өндіретін тауарларға құнын төмендету арқылы кезеңді жеңілдіктер жасау жолы арқылы сіздің тауарларыңызды мейлінше көп сатып алуға себеп беру керек.



Назад