Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Промоушн және өтімді ынталандыру


Қазіргі кезде нарық түрлі тауарлар және қызметтерге толы. Сондықтан кез келген кәсіпкер түсінеді – тауар немесе қызметті табысты сату үшін біршама күш жұмсау қажет. Тауарды нарыққа енгізу өз алдына, оны жарнамалау да керек. Бұл үшін сату, маркетинг, қоғамдық байланыс, жарнама бөлімдері құрылады, олар өз кезегінде, бірқатар құралдарды пайдаланады: БАҚ-да жарнама, «суық» қоңыраулар, акциялар, жаппай сатылымдар.

Тауар немесе қызметті жарнама, PR, жеке сату көмегімен алға жылжыту,– бұл промоушн. Оның көмегімен тұтынушы тек қана тауар, оның қасиеттері туралы біліп-үйреніп қоймай, сонымен қатар оның дәмін татып, қолмен ұстап және қызықтыратын сұрақтар қоя алады. Әлбетте, бұл жарнаманың басқа түрлеріне қарағанда үлкен басымдыққа ие. Промоушн – өтімді ынталандыруға арналған жақсы құрал.

Өтімді ынталандыру – әлеуетті клиенттерді тауарды сипаттамасы үшін емес, басқа пайда ұсыну есебінен (жеңілдіктер, акциялар және т.б.) сатып алуға тарту.

Бүгінде, ТА, радиодағы жарнама, жарнамалық тақталар, пошта жәшіктеріндегі үнпарақтар мен брошюралар – бұл көпшілік назар аудара қоймайтын жарнама. Сондықтан өтімді ынталандыру үшін көбіне Интернет-технологияларды қолдануда.

Интернетті жарнама құралы ретінде пайдаланудың кейбір артықшылықтарын айта кетейік: бағаның төмендігі, әсер етудің жоғары нәтижелілігі, сапалы және айрықша жарнама жасау мүмкіндігі, іздестіру жүйелерімен тұтынушылар туралы ақпаратты жинақтау, бұл өз кезегінде нысаналы аудиторияны нақтырақ бөлуге мүмкіндік береді, жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы ақпаратты жинаудың қарапайым тәсілі.

Кемшілігі – нысаналы аудиторияның бейінділігі. Негізінен бұл жастар және жұмыс істейтін адамдар, егда жастағылардың бірен-сараны болмаса, көпшілігі компьютер және Интернетті пайдалануды білмейді

Дегенмен, тауарды алға жылжытудың үздік нәтижелеріне қол жеткізу үшін өтімді ынталандырудың барлық түрлері мен тәсілдерін үйлестірген жөн. Және де, бұл жақында құрылған компанияларға ғана емес, әйгілі брендтерге де қатысты. Қазіргі күнде Интернет-жарнама бұны жүзеге асыруға жақсы мүмкіндік береді. Мысалы, промоушн-сайт, яғни, уақытша сайт жасау, әлеуетті сатып алушыларға тауармен немесе қызметпен танысуға мүмкіндік береді. Оны жасаған кезде келушілердің назарын аудару үшін түрлі flash-технологиялар, суреттер, бейнелер қолданады. Мәтін тауар, оның қасиеттері, басымдықтары туралы ақпаратты барынша ашуы және оны сатып алушыларға мәжбүрлеп таңуы тиіс. Нысаналы аудиторияның анағұрлым көп санын тарту үшін интернет-жарнама түрлерінің бірін қолданған дұрыс – бұл іздестіруді оңтайландыру. Іздестіруді оңтайландыру – сайтты іздестіру жүйелерінің бастапқы позицияларына шығару. Сапалы промо-сайт шамамен 30% нысаналы аудиторияны қаратуы мүмкін.

Сатып алушылардың назарын: екі тауар бір тауардың бағасымен, маусымдық жеңілдіктер, тауардың белгілі бір санын сатып алғаны үшін сыйлық және т.б. сияқты арнайы ұсыныстарға аударту үшін мәнмәтіндік жарнаманы қолданған жөн. Бұл іздестіру бетінде орналастырылатын, кішкене мәтіндік хабарландырулар. Мәнмәтіндік жарнама өтімді ынталандырудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады, бірақ ол промо-сайттың орнын баса алмайды. Бұл бар болғаны мақсатқа жетудің бір ғана жолы.

Осындай қадамдардың тағы бірі болып медиалық жарнама табылады – бұл баннерлерді орналастыру. Баннер – сайт бетінің төменгі немесе жоғарғы бөлігінде орналасатын графикалық бейне, және ол өзінің ашықтығымен назар аудартады. Кейде баннердің орнын дыбыстық сүйемелдеуі бар видеролик басады. Медиалық жарнаманы өтімді ынталандыруға бағытталған кешенді стратегияда пайдалану керек. Ол кең аудиторияны жеткілікті төмен бағаға қамтуға мүмкіндік береді.

Аудиторияны белгілі бір параметрлері: жынысы, жас, тұрғылықты жері, қызығушылықтары және т.б. бойынша таңдап алу үшін Интернет PR қолданылады. Бұл дегеніміз түрлі форумдарға қатысу, әлеуметтік желілердегі белсенділік (топтар құру), блогтар жүргізу және с.с. Интернет PR ұсынылатын тауар немесе қызмет туралы оң пікір қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен, Интернетте тиімді жарнамалық кампания өткізу үшін жоғарыда санамаланған шаралардың тұтас кешенін пайдалану керек. Бұл әлеуетті клиенттердің ең көп санын тартуға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде, сатылым көлемдеріне оң әсер ететіні сөзсіз.



Назад