Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Қаржылық менеджменттің басты құрамдауышы


Қаржылық менеджменттің басты құрамдауышы

Қаржылық менеджменттің басты құрамдауышы

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кірісі аз болады, ол жеке қаржы қызметін ұстауға мүмкіндік бермейді. Сол себепті қаржылық стратегияны кәсіби тұрғыда қалыптастыру осы саланың маманы болмаған жағдайда қиынға түседі. Сыртқы бухгалтерлік есеп қызметін кәсіпорынның қаржылық жағдайын дәл сипаттауға қабілетсіз болады. Орта бизнесте өзінің кәсіби экономистер тобына жұмсалатын шығындар қолайлы болады. Ауқымды ірі бизнесте бірден бірнеше арнайы бөлімдер құруға болады. Олар толық есептер дайындап, компанияның қаржылық жағдайын нақты түсінуге қажетті мұқият талдау жасайды.

Қаржылық менеджменттің негізгі қиыншылықтары неде? Көптеген кәсіпкерлер қаржылық білімі болмауына байланысты өздерінің бизнестегі мақсаттарын дұрыс түсіне алмайды, олар қаржыгерлерге сапалы есептілікті беру туралы талап та қоя алмайтын болады. Қаржылық қадағалау бөлімшелері бизнесінің ауқымы орташа коммерциялық ұйымдарда пайда бола бастайды. Бюджет негізінен келесі жылға болжам бойынша түзетуі бар қол жеткізген нәтижеден басталады, дұрыс таңдау жағдайында алдымен стратегиялық талдау жасап, оның ішінен компания үшін ең маңызды мақсаттарды таңдау, соның негізінде бизнестің табысты қалпын көрсететін бюджет қалыптастыру керек.

Басқарушылық есеп

 Қаржылық басқару есебін шартты түрде тактикалық және стратегиялық деп жіктеуге болады.

Халықаралық стандарттар бойынша тактикалық деңгейде үш ведомость жүргізу керек. Бұл ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, кірістер мен шығыстар туралы есеп және басқарушылық баланс. Егер кәсіпорында барлығы бар болса, басқарушылық есеп толық ауқымды түрде жүргізіледі.  Егер осы үшеуінің бірі болмаса, қаржы менеджменті осал болып есептеледі.

Есептің стратегиялық бөлімі бизнесті құны тұрғысынан бағалауды білдіреді, бұл жағдайда барлық қаржы тәуекелдері есептеледі, ұйым қызметінің даму сценарийі жасалады және инвестициялық талдау жүргізіледі.  

 

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте (АҚҚЕ) не қамтылады?

 Құжаттың негізгі үш құрамдауышы болады: қаржы, негізгі қызмет және инвестиция тарту. Бұл құрамдауыштар барлық ақша түсімдері мен шығындарының динамикасын көрсетіп, одан аралық сальдо шығады, кейін компанияның қорытынды сальдосын шығаруға болады. Нәтиже компанияның барлық ақша ағымдарының жиынтық таза сальдосын, әр айдың соңындағы қолма-қол және қолма-қол емес ақша ағымдарын көрсетуі керек. Егер ақша қаражаттарының қалдықтары нақты мәнінен өзгеше болатын болса, ақша қаражаттары қозғалысының бастапқы есебіне назар аудару керек.

 

 

Кірістер мен  шығыстар есебін (КШЕ) жүргізу не үшін қажет?

 Есептің негізгі міндеті жалпы, операциялық және таза кірісті есептеу болып табылатындықтан кірісті толық есептеу қажет. Бұл үшін түсімнен тікелей өндірістік шығындар, жалпы коммерциялық және басқарушылық шығындар, пайдаға салынатын салық және басқа да шығыстар шегеріледі. Кейін осы есептеуден таза кіріс мәні алынады.

 Жалпы алғанда кәсіпкерлік қызметті қаржылық басқаруды жетілдіру ұйымды басқаруда сапалы және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, компанияның басқарушылар сапындағы жауапты қызметкерлері тарапынан дұрыс есептемеу орын алады. Осы тұрғыда кешенді түрде кәсіпорынның кәсіби беделін нығайтуға алып келеді. 



Назад