Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Кепілдендіру көздері. Кепілдікті қай жерде және қалай алуға болады


Кепілдік алу ережесі бойынша, егер Сіз мақта өңдеу ұйымдарынан алған мақта қолхатын ұстаушысы болсаңыз, онда мақта өңдеу ұйымдарына сақтауға немесе өңдеуге берген Сіздің мақтаңыздың сапасы төмендеген немесе жойылған жағдайда, Сіз келтірілген шығын үшін қордан ақшалай өтемақы ала аласыз.
Егер Сіз астық қабылдау кәсіпорнынан астық қолхатының ұстаушысы болсаңыз, онда Сіздің астық қабылдау кәсіпорнына сақтауға немесе өңдеуге берілген дәнді дақылыңыз жоғалған немесе сапасы нашарлаған жағдайда келтірілген залал үшін қордан ақшалай өтемақы ала аласыз.
Несиелерге кепілдік беру бағдарламасы кәсіпкерлер үшін, тіпті олардың кепілдік мүлігі жеткіліксіз болған жағдайларда да, банктен қаржыландыруды алуға мүмкіндік береді. «Даму» Қоры Сіз үшін несие сомасының 70% дейін қайтаруға кепілдік береді. Кепілдік беру жаңа жобаларды іске асыру үшін және қолданыстағы жобалардың өндірісін жетілдіру және өндірісті кеңейту үшін, банктер несие беру кезінде ұсынылады. Бағдарлама қызметін жаңадан бастаған және әрекет етуші кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес субъектілері үшін арналған. Бағдарламаны «Даму» Қоры және банктер жүзеге асырады. «Даму» Қоры бағдарламаның операторы болып табылады, банктер несие беруді жүзеге асырады.