Несиелерге кепілдік


Кәсіпкерлердің, әсіресе шағын бизнес өкілдерінің маңызды мәселелерінің бірі болып қарызға алынған қаржыны қайтаруды қамтамасыз етудің болмауынан қаражат көздеріне қол жеткізудің қиындығы болып табылады. Коммерциялық банктер несие берер кезде тәуекелдің жоғары деңгейін есепке ала отырып, тез өткізіп, ақшаға айналдыра алатын кепілдік сұрайды. Шағын кәсіпорындардың несие тарихы болмауы себебінен оларға қаржы берілмейді немесе өте жоғары пайызбен беріледі. Сөзсіз, осы жағдайдың бәрі халықтың кәсіпкерлік белсенділігін бәсеңдетіп, шағын кәсіпорындардың дамуына кедергі келтіреді.

Дүние жүзінде осы мәселелерді шешу үшін кәсіпкерлікті кепілдік қолдау механизмдері жасалып, енгізіліп жатыр. Мемлекетті қоса алғанда, басқа да ұйымдардан кепілдік және кепілгерлік ала алу шағын кәсіпорындарға қажетті несиеге қол жеткізуге көмектеседі.

Қазақстанда жасалып, жүзеге асырылып жатқан несиелерге кепілдік бағдарламалары кәсіпкерлерге кепілзат болмаса да банктерден қаржыландыру алуға мүмкіндік береді.


ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 366.43
  • EUR Евро 420.11
  • CNY Қытай юані 52.87
  • RUB Ресей рублі 5.58
  • GBP Ағыл. фунты 477.6
Хабарландыру тақтасы