Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Қазақстандағы АЭА


Действующие СЭЗ в Казахстане

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы құру туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді, 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін АЭА-тың әрекет ету мерзімі  белгіленді.
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы - бұл дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №853 жарлығына сәйкес 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді, АЭА мерзімі 2028 жылдың 1 қаңтарына дейін белгіленген. АЭА құрылған кезінде жалпы ауданы 227,1 га жер құрайтын еді, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007  жылы 7 қаңтарындағы № 279 жарлығымен АЭА аумағы 227,1 га дан 928,3 га дейін кеңейтілген.Бөлінген жер участклерін ойдағыдай уақытылы игерілген үшін аумағы 928,3 га дан 2000 га дейін кеңейтіледі.
«ИТП» АЭА – информациялық технологиялар саласындағы білім орталықтары мен кәсіпорындарға инновациялық жобаларды көрсету алаңы болып табылады. «ИТП» АЭА - Алматы қаласы, Медеу ауданы, Алатау шағын ауданында орналасқан. «ИТП» АЭА - жалпы ауданы 163 гектарды құрайды.
Қазақстанның экономикасын одан әрі жандандыру үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылдың  6 шілдесінен бастап заңды түрде  Оңтүстікте «Арнайы экономикалық аймақты» ашты. Бұл құрылған  арнайы  экономикалық аймақ тек Оңтүстік Қазақстан облысы ғана емес, республика экономикасына  да өзінің оң  ықпалын тигізеді деген үміт мол.
Құру мақсаты:    
келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттілігін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту; экологиялық таза көлікті, оның ішінде демалудың барлық объектілеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында шағын авиацияны пайдалану үшін базаны құру; туристерге қызмет көрсету үшін бірыңғай ақпараттық база құру.
Құру мақсаты:    
- химия, мұнай-химия салаларын, атап айтқанда жоғары технологиялық экологиялық қауіпсіз қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қосымша құны жоғары экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісін дамыту;
Құру мақсаты:    
- металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын дамыту, атап айтқанда әлемдік сауда таңбаларын өндірушілерді тарту жолымен дайын бұйымдарды өндіру;
Құру мақсаты:    
- Қазақстан Республикасының сауда-экспорт қызметінің және транзиттік әлеуетін іске асырудың мүддесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ шектес мемлекеттермен экономикалық және мәдени алмасуды дамытуға ықпал ететін тиімді көліктік-логистикалық және индустриялық орталық құру;
Құру мақсаты:    
- қосылған құны жоғары көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеу және кеңінен бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімін шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру мен дамыту жөнінде серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
Құру мақсаты:    
жоғары тиімді технологиялар негізінде химия өнімдерінің жаңа өндірістерін қалыптастыру