Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Зияткерлік меншікті тіркеу


Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес төменде көрсетілгендер «зияткерлік меншік» құқық нысандары болып табылады:

- ғылым, әдебиет және өнер туындылары;

- әртістердің дыбыс жазба, радио және теле хабарлардағы орындаушылық қызметі,

- адамзат қызметі аясындағы туындылар;

- ғылыми жаңалықтар;

- өндірістік үлгілер;

- тауар таңбасы, қызмет көрсету белгісі, фирмалық атауы және коммерциялық белгіленуі,

- жосықсыз бәсекелестіктен қорғау, өзге де ғылым, әдебиет және өнердегі зияткерлік қызметке жататын өзгеде құқықтар (14 шілде 1967 ж. Стокольмде қабылданған Бүкіләлемдік Зияткерлік меншік ұйымымен бекітілген Конвенцияның 2 бабы).

Кейінірек, Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымының қызметі аясына географиялық сілтемелерге, жануарлар мен өсімдіктердің жаңа сорттарына, интегралды микротәсілімдерге, радиодабылдарға, мәлеметтер базасына, домендік атауларына жататын ерекше құқықтар енгізілді.

Қазақстан 1993 жылдан БЗМҰ-ның мүшесі болып табылатындықтан, зияткерлік меншікті қорғау бойынша біраз міндеттемелері бар.

1993 жылы 5 ақпандағы ҚР «ҚР өнеркәсіптік меншікті қорғау аясындағы халықаралық шарттар туралы» декларациясына сәйкес, Қазақстан БЗМҰ аясындағы әрекет етуші негізгі шарттар, келісімдер мен конвенциялар қатарының, оның ішінде:

- Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымымен бекітілген Конвенциясының,

- Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының,

- Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің,

- Патенттік коорперация туралы шарттардың (РСТ) толық қанды мүшесі болып табылады.

Тауар таңбаларының иелері үшін Мадрид келісімі тартымды. Бұл жүйенің арқасында, тауар таңбаларының иелері өздеріне тиесілі тауар таңбаларын қорғау мүмкіндігін бірден Мадрид келісіміне мүше-елдерінен алады. Бұл үшін бір ғана өтінішті тікелей ұлттық патенттік ұйымға береді. Өтініште Мадрид жүйесінде көрсетілген барлық қатысушы елдердің ішіндегізияткерлік меншікті қорғауға мүдделі елді көрсетуі қажет.Бірақ, халықаралық жүйеде өтініш беру мүдделі елде сөз жоқ қорғауға ие болу дегенді білдірмейді. Әрбір патенттік ведомство өтініштерге сараптама жасайды және оның қортындысы негізінде тауар таңбасының қорғалуы туралы немесе одан бас тарту туралы шешімі шығарады.

Одан басқа, Қазақстан Республикасы авторлық және патенттік құқық шеңберіндегі келесі конвенциялардың қатысушысы болып табылады:

- «Әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы» Берн конвенциясы,

- «Фонограмма шығарушының мүддесін заңсыз пайдаланушылардан қорғау туралы» Женева конвенциясы,

- «Таңбаларды тіркеу үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді халықаралық жіктеу туралы» Ницца Келісімі,

- «Халықаралық патенттік жіктеу туралы» Страсбург келісімі,

- «Патенттік рәсімдеу мақсатында микроағзаларды ұзақ мерзімді сақтау кепілін халықаралық тану туралы» Будапешт шарты,

- «Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық жіктеу мекемелері туралы» Локарн Келісімі,

- «Тауар таңбалары туралы Заң» жөніндегі шарты,

- Авторлық құқық туралы Бүкіләлемдік Конвенциясы.

Егер франчайзинг туралы айтсақ, шындығында, зияткерлік меншікті тіркеуден бастап франчайзинг басталады. Әрбір әлеуетті франчайзер компанияның зияткерлік меншік нысандарын: тауар таңбасын, патенттерін, авторлық құқықтарын анықтап, тіркеуі керек. Бұл компанияны франчайзингке айналдырудың бірінші қадамы болып есептеледі.

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456-1 Заңында тауар таңбасы дегеніміз: тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi – тауар таңбасы) – осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгiні білдіреді.

Осы Заңның 5 - бабының, 1 - тармағына сәйкес тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiгін беретiн олардың аралас үлгiлерi де тiркелуi мүмкiн. Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн.

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары зияткерлік меншіктің өзге де нысандары: патенттер, ноу-хау, авторлық дизайны және т.б. компанияның зияткерлік меншігі болып табылады.

Тауар таңбасының иесі өз тауар таңбасын қаншалықты тез тіркеуіне байланысты, соншалықты тез артықшылық құқықтарына ие болады. Сондықтанда, тіркеуді кейінге қалдырудың қисынсыз екенін сезінгені жөн. Тауар таңбасын тіркеу ҚР Әділет Министрлінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетке өтініш берген сәттен басталады. Бұл тіркелген зияткерлік меншікті қорғау құқығын береді.

Тауаралық таңба туралы заңға сәйкес тауарлық таңбаны тіркеу өтініміне сараптаманы сараптық ұйым - ҚР Әділет Министрлінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетіне қарасты Зияткерлік Меншік Ұлттық институты (ЗМҰИ) жасайды. Өтінімді қарау және тауар таңбасын рәсімдеу 1 жылдан астам мерзімге созылуы мүмкін.

ЗМҰИ оң шешім қабылдаған және тауарлық таңбаны тіркеген жағдайда, тіркелген жаңа тауар таңбасы туралы барлық төменде көрсетілген тауар таңбаларының мәлеметтерін мемлекеттік тізілімге енгізеді:

1) тауар таңбасының бейнесi;

2) оның иелерi туралы мәлiметтер;

3) тауар таңбасы тiркелген тауарлар мен қызметтердiң тiзбесi;

4) егер конвенциялық басымдық белгiленген болса, алғашқы өтiнiм берiлген ел, оның нөмiрi және берiлген күнi;

7) қорғалатын тауар таңбасына құқық беру туралы мәлiметтердi қоса алғанда, тауар таңбасын тiркеуге қатысты басқа да мәлiметтер енгiзiледi.

Зияткерлік меншік нысандарын тіркеуді ЗМҰИ веб-сайтында көрсетілген Патенттік сенімгерлердің (білікті мамандар) қатысуымен жүзеге асырғаны дұрыс.

Франчайзинг тарихы көрсеткендей, зияткерлік меншікті тіркеу және қорғау мәселесі әлеуетті франчайзерлар үшін маңызды тақырып болғандықтан, сондықтанда оны франчайзингке айналдыру іс шараларының тізіміне кіргізілуі қажет. Өзіндік зияткерлік меншіктерді заңды рәсімдемей франчайзингтік қатынасқатүсу ақылға қонымсыз, әрі қауіпті. Батыс кәсіпкерлері, оның ішінде АҚШ, өнім атауларына, сервистерге немесе құбылыстарға тауар маркасының таңбасын беру арқылы өзіндік тауар маркалары (trademark) туралы хабарлау мүмкіндігіне ие. Аталған шара тіркелуге міндетті емес, бірақ белгілі бір сауда маркасының авторлығын хабардар ету болып табылады. ТМ таңбасы зияткерлік меншік нысаны ретінде тезірек анықталады және сол арқылы нысан кәсіпкерлік алаңға шығарылады. Батыста атаудың авторы кез-келген нысанды сауда маркасы ретінде анықтауға ұмтылады, олар тағам атаулары, қандай да бір құбылыстың атаулары, қарапайым сөз тіркесін құрайтын жаңа терминологиялар және т.б. Мысалы: Томас Гэд «4 шамасындағы брендингі туралы» жарияланымында ойлап тапқан жаңа «брендтың ой алаңы» атауы автор жариялаған сәттен бастап тауар маркасына айналды.

Қазақстанда ТМ белгісінің ролі заңмен анықталмаған, сондықтанда мұндай белгісі бар тіркелмеген таңбаны заңмен қорғау мүмкін емес. Сондықтанда зияткерлік меншікті қорғау кепілін алу үшін таңбаны толық тіркеу рәсімінен өткізуі керек, және R (registered) белгісімен тауар таңбасының қорғанысы туралы нарықты ақпараттандыруы керек. Бұл тауар таңбасын қорғау мәселелері туындаған сәтте басымдылық құқығын береді.

Компаниялар негізін қалаған сәттен бастап тауар таңбасын тіркетуі қажеттілігін ұмытпағаны абзал. Өйткені, ол Қазақстандық тәжірибеде орын алған оқиғаны қайталамауға жол ашады. Қазақстанда бір әрекетшіл компания нарықта бірнеше жылдан бері қызмет жасап жатырған компаниялардың тауарлық таңбаларын өз атына тіркеп алған, сондықтанда бірнеше жылдан бері сол тауарлық таңбамен қызмет жасап жатырған компаниялар өз тауар таңбаларын тіркете алмай, таңбасыз қалған оқиға кездесті. Себеп: компания өз тауар таңбасын тіркетпеген еді.

Халықаралық нарыққа шығуды мақсат еткен компаниялар, ең алдымен, әлеуетті елдердің нарықтарында тауар таңбаларын тіркеуді жоспарлағаны жөн. Тауар таңбасын халықаралық тіреудегі ең ұтымды құрал болып Мадрид жүйесі қызмет етеді.

Бұл шаралар тауар таңбасының әлемдік нарығында жақында болған көптеген оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік береді. Google компаниясының Gmail танымал пошталық сервисі Германия аймағында өз сауда маркасын қолдану құқығын ала алмады, өйткені 2000 жылы жергілікті кәсіпкер G-mail сауда маркасын өз атына тіркеткен. Ал Google сауда маркасы Германия нарығы үшін басқа тауар таңбасын Google mail-ды тіркетті. Осы тауар таңбасыменен Google компаниясының пошталық сервисі Ұлыбританияда және Австрияда жұмыс жасайды.

Тауар таңбаларын халықаралық деңгейде тіркеу мәселелерімен БЗМҰ (Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымы) айналысады, 2009 жылы миллиондық тауар таңбасы тіркеді. Тауарлық таңбаны халықаралық тіркеу Мадрид жүйесімен жүзеге асады. Әлемде шамамен 20 000 000 тауар таңбасы бар.

Тауар таңбасынан бөлек, әлеуетті франчайзер тағы бір зияткерлік меншік түрі Copyright анықтауы қажет. Copyright – белгілі бір өнімге немесе сервиске шығармашылық еңбек нәтижесі ретінде авторлық құқықтың және зияткерлік меншіктің бір нысаны. Бұл әдеби шығармалар, кино, музыкалық композиция, фотосурет, архитектура нысандары, география-топографиялық туындылар, шығармашылық еңбек нәтижесі ретінде компьютерлік мәлеметтер базасы, бағдарламалық жасақтама және өнеркәсіптік дизайны.

Франчайзер коммерциялық құндылығы бар ерекше бағдарламалық жасақтаманың дайындаушысы немесе өнеркәсіптік дизайны, архитектураның, ғимараттың эксклюзивті дизайнын жасаушы болуы мүмкін. Бұл, зерттеме міндетті тіркеуді қажет етпейді, бірақ бұл шығармаға құқығын дәлелдеу үшін, құқық иесі нысанға деген өзінің ерекше құқығы туралы қоғамды құлақдар етуі керек.

Бұл өнімдерге ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» заңы қолданылады.

Заңға сәйкес өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады:

1) қоршауға алынған латынша "С" әрпi;

2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);

3) туындының алғаш жарияланған жылы.

Жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн автор, сондай-ақ құқық иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарға иелік ететінін растау үшiн авторлық құқықтың қорғалатын не тиiстi шарттардың қолданылатын мерзiмi iшiндегі кез келген уақытта оларды ресми тiзiлiмдерде тiркетуге құқылы. Тiркеудi осы Заңда белгіленген тәртiппен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Көптеген веб-сайттарда қоршауға алынған латынша "С" әрпiмен белгіленген Copyright таңбасы тұр, бұл веб-сайт иелерінің арнайы рұқсатынсыз материалдарды көшіріп алуға тиым салуды білдіреді. Сайттағы материалдар да авторлық құқық нысандары болып табылады.

Қазақстан авторлық құқықты қорғау туралы халықаралық шарттардың, оның ішінде 1999 жылдан «Әдеби және көркем туындыларды қорғау туралы» Берн конвенциясының, және 1996 жылдан бері «Авторлық құқығы жөніндегі» БЗМҰ шарттарының қатысушысы болып табылатынын еске саламын.

Анықтама: «Әдеби және көркем туындыларды қорғау туралы» Берн конвенциясы - 1886 жылы Швецарияның Берн қаласында авторлық құқық жөнінде тұңғыш қабылданған келісім. Авторлық құқықты қорғау аймағындағы тұңғыш және басты халықаралық келісім болып табылады. Қазіргі уақытта Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымымен әкімденеді.

Қазақстанда 1997 жылдан бастап «Қазақстан авторлар қоғамы» (ҚазАҚ) жұмыс жасайды. Ол Қазақстан аумағында, сонымен қатар шетелде отандық авторлардың мүліктік құқығын қорғау мәселелерімен, сонымен қатар, біздің ел аумағында шетел авторларының құқығын қорғаумен айналысады.

Ереже бойынша, зияткерлік меншік коммерциялық өнім болып табылатындықтан, пайдаланғаны үшін қандай да бір көлемде төлем төлеуді қажет етеді. Зияткерлік меншіктің коммерциялық және өзге де мақсатта пайдаланғаны үшін төлем төлеуді немесе иесінің рұқсатын қажет етпейтін түрлері бар. Бұл нысандарды Copyleft терминологиясымен бейнелейді. Бұл, «еркін құжаттама» лицензиясымен жұмыс жасайтын еркін бағдарламалық жасақтаманы тарату жөніндегі әлемдік бағыттың бір бөлігі (GNU FDL).