Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Нарықтағы тренд. Нені таңдау керек


Франчайзинг – қонақ үйлік тізбек және жеке қонақ үй арасындағы тізбектік сауда белгісін қолдану үшін жасалған шарт. Бұл келісімшарттың мәні мынада: франчайз отель ең аз инвестициямен нарыққа тез еніп кете алады. Ал бұл уақытта франчайзинг тұтынушысы өз кәсіп иесінің қызметін ешқандай тәуекелге бармай-ақ дамытуы мүмкін дүние жүзілік туристік ұйымның ұсынуымен барлық арнайы әдістерін 2 категорияға бөледі:


1.Ұжымдық;
2.Жеке.
Көбінесе ұжымдық қонақ үйерде ұқсас мекемелерді (еңбек және демалыс лагерьлері, денсаулықты жақсартатын мекемелер, конгресс орталықтарды) және басқа да ұжымдық мекемелерді жатқызамыз. Ал жеке қонақ үйлерге жеке немесе арендаға берілген үйлер, таныстар мен туыстарға тегін берілетін орындар жатады.


Қазақстандағы франчайзинг айналымы 2007 жыл бойынша бір жылға 500 миллион АҚШ долларын құрайды. Қазақстан Орта Азиядағы франчайзинг секторының лидері деп сенімді айтуға болады. 2002 жылдан франчайзинг туралы арнайы заң қабылданған, ол заң 150 франчайзинг жүйелерінде және 1000-нан астам франчайзинг нүктелерінде сақталады. Елімізде тек 2003-2007 жылдар аралығында франчайзинг жүйелерінің саны 2,5 есеге өсті. Франчайзингтің орташа айналымы 3 еседен көпке өсті. Франчайзингтік компаниялар ұсынған жұмыс орындары көбейді, сектор көрінісі өзгерді. 


Франчайзинг тарихы. Қазақстан франчайзингінің тарихы түрік лицензиарының сублицензия бойынша «Coca-Cola» зауытын ашуымен басталды. Зауыт 1994 жылы салынды. Сайып келгенде, атақты сусын өндірушінің өнімі тек қана импорт түрінде емес, сонымен қатар ұлттық тауар ретінде де қолжетімді болды. Сол жылы Қазақстанда және Орта Азиядағы алғашқы халықаралық дәрежедегі 5 жұлдызды қонақ үй пайда болды. Бұл халықаралық қонақ үй жүйесінің франчайзингтік бренді «Hayatt Regency» жүйесінің құрамына кіретін «Рахат Палас» қонақ үйі болды. 90 жылдардың ортасында көптеген халықаралық өндірушілердің фирмалық сәнді киім дүкендері, бутиктері франчайзинг жүйесі бойынша ашылы. Мысалы Қазақстанда 90 жылдардың екінші жартысында пайда болған «Adidas» фирмалық дүкенін айтуға болады. 


Франчайзинг элементтері өткен ғасырдың 90 жылдарының аяғында «Сеймар» компаниясының өнімдерді сату сызбасында болды. Компанияның дүкен және автодүкен түріндегі сауда нүктелері бірегей фирмалық дизайнмен безендірілді, міндетті түрде сауда белгісі және көзге көрінетіп логотипы болды. Сауда нүктелерін бас компанияның франчайздары және дилерлері ретіндегі дербес кәсіпкерлер арендаға алып отырды. 1999 жылы қазіргі InterContinental қонақ үй жүйесінің франчайзі «Анкара» қонақ үйі өз жұмысын бастайды. 1999 жылы Алматыда лицензи бойынша кафе-балмұздақтың халықаралық жүйесі Баскин Роббинстің бірінші сауда нүктесі ашылды.
Франчайзингтің даму институттары. Франчайзингтің Қазақстанда дамуына бірнеше мамандандырылған және мамандандырылмаған институттар негіз болды:


- Меншік Ойдың Ұлтты Институтының (Национальный Институт Интеллектуальной Собственности - Казапатент) негізгі міндеті – сауда белгілерінің айналым секторын реттеу мен франчайзингтік келісімшарттарды тіркеу.


- Франчайзингтің дамуы бойынша Орта-Азиялық Агенттігінің (CAFLA) негізгі міндеті – кәсіпкерлердің лицензия және франчайзинг бойынша сұрақтарына кеңес беру.


- Кіші Кәсіпкерліктің Даму Қоры (Даму) – кәсіпкерлердің франшизді сатып алуына берілетін жеңілдетілген несие. 
- Кәсіпкерлердің Дербес Ассоциациясының (НАП) негізгі бағыттары – Қазақстанда франчайзингтің дамуы, көрмелер ұйымдастыру, семинарлар өткізу.


Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке меншік банктер де Қазақстанда франчайзингтің дамуына жанама демеу береді.
Заңдылық. Франчайзинг 2002 жылғы арнайы «Кешенді кәсіпкерлік лицензия/франчайзинг туралы Заңмен» реттеледі. Сонымен қатар 1999 жылы қабылданған франчайзингті реттейтін 45 Бөлім де өз күшінде қалып отыр. Тауар белгісі бойынша сұрақтарға арнайы тауар белгісі туралы заң қабылданған. 


Қазақстанда франчайзингтің дамуындағы негізгі мәселелері:


- Франчайзинг секторына мемлекет тарапынан жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы;


- Өз интеллектін жеткілікті түрде қорғай алмау;


- Кәсіпкерлердің «ұзақ қаражатқа» деген толық қолжетімдігінің жоқтығы;


- Отандық кәсіпкетліктің таза емес;


- Франчайзингті кәсіпкерлік қатынастың тиімді формасы ретінде аз жарнамалау;


- Ақша массасының үлкен өзгеріске ұшырау нәтижесінде 2000-2007 жылдар аралығындағы жылжымайтын мүлік бағасының гиперинфляциялық өсімі. Жылжымайтын мүлік бағасының жоғары болуы франчайзингтік нүктенің ашылуын тиімсіз етеді, бұл жағдай франчайзингтің дамуына үлкен тосқал болады.


Кәсіпкерлік пен франчайзинг әлемде көп тараған инвестиция обьектілері болып табылады. Батыс тәжірибесінен көретініміздей, табысты кәсіпкер кез келген адам, зейнеткерден үй қызметкеріне дейін бола алады. Бірақ Қазақстанда әлі де кәсіпкерлік ақпараттанудың дәрежесі жеткіліксіз, тұрғындардың кәсіпкерлік белсенділігі төмен. Кәсіпкерлікте бос емес халықтың үлесі дүние жүзімен салыстырғанда өте төмен. Бұл бастапқы кәсіпкерлікке демеу беруді күшейту қажеттігін арттырады. Қазақстан нарығында шетел франшиздерінің үлесі басым. Дегенмен соңғы уақыттарда франчайзинг жүйесі бойынша дамып отырған отандық компаниялар қалыптасты. Франчайзингтің дамуыда Қытаймен көршілік үлкен роль атқарады, Қытаймен өнімнің өзіндік құнымен бәсекелесу өте қиын. Бұндай жағдайларда тек қана қайталанбас, өзіндік қызметтері мен тауарлары бар кәсіпорындар бәсекеге қабілетті бола алады. 
Сектордың ерекшеліктері. Егер Қазақстандағы франчайзингтің типіне келетін болсақ, көбінесе сауда фрачайзингі ұсынылады. Ал батыс елдерінде сауда франчайзингінен қарағанда іскери франчайзинг жақсы дамыған. Қазақстандағы франчайзингтің тағы бір ерекшелігі – сублицензия. Халықаралық фрачайзерлер көбінесе Қазақстанда тікелей жұмыс істегілері келемейді. Тікелей классикалық қатынастар өте аз, олар – франчайзер – франчайзи. Халықаралық фрачайзерлер Қазақстанда орыс немес түріктің мастер-франчайзерлері (субфрачайзерлері) арқылы жұмыс істейді. Қазақстан компаниялары өз кезегінде субфранчайзерлер (сублицензия) ретінде қызмет атқарады. Сектордағы бұл жағдайдың себептері өте көп. Мүмкін отандық кәсіпкерелр мен орыс кәсіпкерлерінің арасында тіл қиындығының болмауында, тұрғындардың және өтім нарығының жеткілікті түрде тығыз болмауында, жергілікті франчайзерлердің халықаралық франчайзинг нарығында белсенді болмауында және басқа да себептер. Елдегі франчайзинг нарығының тағы бір ерекшелігін айтып өтуге болады. Фрачайзингтің мемлекет ішіндегі миграциясы өте аз. Ірі бизнес пен кіші кәсіпкерліктің арасында байланыс жоқ. Ірі компаниялар басқа аудандарда франчайзинг жүйесін емес, филиалдарын ашуды дұрыс көреді. әлемде ұжымдық және мемлекеттік фрачайзинг те бірдей дамыған. Ірі мемлекеттік және жеке меншік компаниялар фрачайзинг жүйесі арқылы ірі және кіші кәсіпкерлерге технологиялар мен бизнеске кіру әдістерін береді. Бірақ Қазақстанда әлі де ірі компаниялар мен кіші кәсіпкерлердің арасында қатынас аз. 


Риэлторлік қызметтердегі франчайзинг. Сәтті көрсеткіштер қатарына жұмыс орындарының көбеюін және түрлі салалар спектірінің кеңеюін жатқызуға болады, олардың ішінде риэлторлік бизнес те бар. Қазақстанда, риэлторлік бизнес үшін отандық компания өңдеген, өзінің фрранчайзинг жүйесі бар. Бұл жүйе жергілікті жылжымайтын мүлік нарығына енгізіліп, байқаудан өткен. 
Терминология және технология. «Франчайзинг» термині француздық franchise сөзінен шыққан, «төлемдерден босату, жеңілдік» деген мағынаны білдіреді. Орта ғасырларда franchise терминін хан және феодал үйлері меншікті сенімді басқару сұрақтарын реттеу үшін қолданған. Қазіргі кезде франчайзинг – бұл іскери ынтымақтастықтың формасы. Бұл анықтама бойынша атақты компания оған тәуелсіз кәсіпкерге нарықта өз атын пайдалануға, тауар немес қызметті өндіру технологиясын пайдалануға құқық береді. Бұл екеуі, ірі компания мен жеке кәсіпкер «франчайзер-франчайзи» қатынасына түседі.


Франчайзер өзінің сауда белгісін, ноу-хауды, өндірістік жүйені сатады немесе лицензия береді. Франчайзи франчайзерге алғашқы төлем немесе бизнес құқығы үшін ақша төлейді, немесе белгілі тауар көлемімен қамьтамасыз етеді.
Франшиза – бұл франчайзингтік келісімшарт негізігде құрылған мекеменің өзі. 


Жалпы кәсіпкерлік пен фрачайзинг әлемде инвестиция объектісі болып табылады. әлемдік фрачайзингтің күнделікті айналымы – 2 трлн доллар, әлемдегі фрачайзингтік нүктелер саны - 2 млн, әлемдегі тауар белгілерінің саны – 20 млн. 


Қазақстан франчайзингі. Қазақстанда мамандар әлі де бизнес-ақпараттандырылудың жоғарғы деңгейін байқамауда және тұрғынарың кәсіпкерлік өндіріске, соның ішінде фрачайзингті қолдану бойынша, көп т артылмауын айтады. «Қазақстан франчайзингі бойынша агенттігінің - НАП» генеральды директоры Вячеслав Сидельниковтың айтуы бойынша республика нарығында шетел франчайзингімен жұмыс жасайтын компаниялар көп. Осы агенттіктің статистикасы бойынша Қазақстанда шетелдік фрачайзинг жүйелері бизнес бағыттарына келесідей бөлінген: бөлшек жүйелер - 60%, киім мен аяқ киімдерді сату; қызметтер сферасы - 30%, бұнда бизнеске арналған және тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер тең етіп бөлінген; қоғамдық тамақтану - 3%; өндірістік сфера - 7%. Елімізде Coca-Cola, British Airways сияқты франчайзинг жүйелері, Baskin Robbins, World Class, EuroCar кафе-балмұздақтың халықаралық жүйелері жақсылап орнықты. 


Жылжымайтын мүлік сферасына франчайзинг жүйесін қолданатын қонақ үй бизнесі ең жақын тұр. Мысалы, халықаралық дәрежедегі Hayatt Regency франчайзингтік жүйе құрамына кіретін «Рахат Палас» қонақ үйінің 1994 жылы елімізде ашылуы. Сонымен қатар «Анкара» отелі, қазір атақты Interсontinental қонақ үй жүйесінің франчайзі. Бұлардан басқа Қазақстан нарығында Marriott және Hilton халықаралық қонақ үй жүйелері бар. 


Сонымен қатар мейрамхана бизнесін де атап өтуге болады, көп кездесетін «Росинтер» ресейлік компаниясы, оның брендтері - «Эль патио», «Планета суши», «Американский бар и гриль», «Мока-Лока» және тағы басқалары, Sbarrо итальяндық фаст-фуды және Gloria Jean's Coffees кофенің американдық жүйесі. Вячеслав Сидельниковтың айтуы бойынша, мейрамхана бизнесіндегі отандық франчайзингтің тамаша мысалы «Медведь» қазақстандық мейрамхана-франчайзер бола алады, ол нарықтағы бірнеше жыл ішінде мемлекет ішінде франчайзингтік жүйе ұйымдастыра отырып, Қазақстанның басқа қалаларына франшизаларды сатты. 
Қазақстанда жасалған. «Басқа компанияларға қарағанда біз франшизаларды сатып алмаймыз, біз оларды сатумен айналысамыз», - дейді қазақстандық компания «Юмекс Риэлтидің» бас директоры Асқар Мұқашев. – Біз сеніммен франшиза жүйесін 100%-ға өңдедік деп айта аламыз, бүгінгі таңда біздің компания жылжымайтын мүлік сферасында алғашқы компания болып табылады. Қазіргі уақытта Астана, Қарағанды және Атыраудағы серіктестермен ұшқыш франчайзингтік жобаны іске асыру үстіндеміз.» Қазақстанда кіші және орта бизнесте тәжірибелері бар және бұдан да жақсы дамығысы келетін кәсіпкерлер тобы қалыптасты. Кәсіпкерлердің бұл категориясына франчайзинг сәйкес келетін нұсқа. Қазақстанның ірі және орташа қалаларында, облыс орталықтарында риэлторлар жұмыс жасайды. Жоғары белсенділікпен Алматы және Астана, сонымен қатар, Атырау және Ақтау қалалары ерекшеленеді.

Отандық кәсіпкерлік және франчайзинг туралы Бекнұр Кисиковтың «Франчайзинг в Казахстане» атты кітабы жарық көрді (Сурет 4 – Бекнұр Кисиковтың «Франчайзинг в Казахстане» атты кітабы). Франчайзинг бүкіл әлемде кәсіпкерлік қатынастың атақты формасы болып табылады. Франчайзингтік жүйе бойынша Кока-Кола, Макдональдс, Хилтон сияқты атақты компаниялар жұмыс жасайды. әлемде франчайзингтік жүйелерінің саны бойынша Қытай лидер болды. «Франчайзинг в Казахстане» кітабы Орта Азия және Қазақстан үшін бірегей болды. Елімізде алғаш рет отандық франчайзинг секторын танытатын кітап пайда болды. Кітаптың авторы Бекнұр Кисиков халықаралық USAID агенттігінде франчайзинг бойынша бағдарламаны басқарған, нәтижесінде бірқатар отандық франшиза пайда болды. БАҚ франчиза туралы бірнеше мақалалардың авторы. Отандық кәсіпкерлік және франчайзинг туралы сұрақтарды тудырып жүрген журналисттер bookineast@mail.ru электронды адреске өтініш жіберу арқылы кітаптың экземплярын тегін ала алады. Кітап кәсіпкерлерге өздерінің жеке франчайзингтік жүйесін құруда көмек бола алады. Кітапта көбінесе франчайзингті құру үшін құралдар келтіріледі:


- компанияның және сауда маркасының франчайзингтік жүйеге көшу мүмкіндігін бағалау;


- бизнестің франшиза бойынша сипатталуы;


- франчайзингтік пакеттің құрылуы;


- компанияның франшиздерін және материалды емес активтерін бағалау әдістері;


- сауда белгісін тіркеу;


- франшиза жұмысының жылжуына қалай Интернет сайтты маркетингтік құралы ретінде пайдалану.


дерек көз: referat-kz