Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Франчайзингті дамыту болашағы


Дүниежүзілік тәжірибеде франчайзингті мемлекеттік қолдау кәсіпкерлік қолдаумен бірге тұтас жүргізіледі. Яғни, франчайзингті ынталандыру жөніндегі барлық бағдарламалар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына ұқсас болып келеді. Бұл логикаға сәйкес, өйткені, франчайзинг кәсіпкерліктің бөлінбес құрамы болып, кәсіпкерлік алаңында әрекет етеді.

Егер елде кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасалса, онда франчайзинг дами бастайды. Әрине, франчайзингтің дамуына өте көп әсер ететін кейбір түрлерді кеткеніміз жөн: зияткерлік меншіктің қорғалуы, нарықтың айқындылығы, салықтық мәдениет, халықаралық стандарттар және бизнесмендердің іскерлік ділі.

Франчайзингтік нарық, кез-келген ашық нарық тәрізді сұраныс пен ұсыныс заңына бағынады. Ең үлкен тұтынушы нарығы АҚШ, сондықтанда франчайзинг флагманы АҚШ болып табылады.

Франчайзингтік нарық, кез-келген ашық нарық тәрізді сұраныс пен ұсыныс заңына бағынады. Ең үлкен тұтынушы нарығы АҚШ, сондықтанда франчайзинг флагманы АҚШ болып табылатыны таңсық емес. Егер нарық қол жетімді болса, онда франчайзинг қандай да бір қолдауды қажет етпейді, сұраныс пен ұсыныс заңына сәйкес дами береді. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, онда ең алдымен франчайзинг пайда болған, содан кейін заңдар, одан кейін франчайзингті қолдау жүзеге асқан. Оның жарқын мысалы: Қытайдағы зияткерлік меншікті қорғау нормасы төмен деңгейде, франчайзинг туралы заң 1997 жылы пайда болса, бірінші франчайзингтік нүкте 80 жылдардың аяғында заңдық реттеуден бұрын пайда болған.

Алайда, франчайзингті дамытудағы мемлекеттің қолдау ролін бағаламауға болмайды. Өркениетті кәсіпкерлікті дамыту үшін франчайзингтің маңыздылығын ескере келе, мемлекеттік институттар франчайзингке жағдай туғызуға ұмтылады. АҚШ мемлекетінің франчайзинг туралы заңының шығуы, оның ішінде франчайзердің сату алдындағы ақпаратты міндетті жариялауы туралы тармағы АҚШ-тағы алаяқтық франчайзингтік сызбасының санын қысқартты. Мемлекет арқасында АҚШ-та «Ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған франчайзинг» бағдарламасы табысты дамуда: бағдарлама зейнеткерлерге зейнеткерлік қорларда жинаған қаржысын франшиза сатып алу үшін пайдалануға рұқсат береді. ОПИК мемлекеттік корпорациясы американдық франшизаны бүкіләлемге экспортқа шығару қызметін ынталандырады.

Франчайзингтік даму туралы әртүрлі бағдарламалар АҚШ ғана емес, Еуропа және Азия елдерінде де бар.

Қытайдың мемлекеттік бағдарламасын атап өткен қызықты, онда франчайзингті ынталандыру мақсатында шетелдік компанияларының франчайзингтік жобаларына міндетті түрде қытай кәсіпкерлерінің қатысуы туралы талаптары бар. Осы бағдарламаның арқасында, Қытайда жергілікті кәсіпкерлерімен он мыңдаған франчайзингтік нүктелер ашылды. Мысалы: Кодак компаниясының Қытай мемлекеттік банкісімен бірлесіп ашқан «KEX photo express» сауда маркасымен мыңдаған кәсіпорын құрылды.

Франчайзингті дамыту бойынша Малайзия тәжірибесі де қызығырақ. Жергілікті кәсіпкерлердің төменгі қаржылық мүмкіндіктерінен шетел франчайзерларының көптеген ұсыныстары жүзеге асырлмады. Малайзия Кәсіпкерлікті дамыту министрлігі франчайзингті дамыту қызметімен әлеуетті франчайзиды анықтау жөнінде бағдарламасын, оның ішінде, франчайзиларға кеңестер беру және қаржылық қолдау механизмін дайындады. Мұндай бастамадан кейін, елде көптеген франчайзингтік кәсіпорындар пайда болды.

Жоғарыда аталғандай, франчайзинг нарығын дамытуда мемлекет тарапынан қолдаудың жүзеге асуы өте маңызды.

Отандық франчайзингті дамыту үшін аса маңызды болып «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (әрі қарай БЖК-2020) табылады. Бұл бағдарламада франчайзингті дамыту шаралары жазылмаса да, онда көрсетілген сапалы кәсіпкерлік нарық франчайзингтің дамуына қолайлы болары сөзсіз. Бүгінгі таңда, бұл бағдарлама ауқымы өте кең және жан-жақты болып табылады.

Кәсіпкерлікті қолдау шаралары жинақталған БЖК 3 негізгі бағыттары бар :

1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;

2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау;

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты экономиканың шикізат емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталуы барысы кәсіпкерлікті қаржылық қолдау арқылы кәсіпкерлік ортаны сауықтырудың тиімді құралы болып табылады. Франчайзингтің әлемдік тәжірибесіне талдау жасасақ, онда халықаралық нарықта ұлттық брендтарды экспорттау үрдісін дамытуға франчайзингтік мәмілені қаржыландырулар ықпал етті. ОРІС-тың экспортты қаржыландыруы арқылы ірі американдық компаниялардың франчайзингтік брендтары әлемнің әр елінде өз фирмалық нүктелерін ашқанын мысал ретінде келтіруге болады. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау франчайзингтің дамуы үшін өте маңызды, қазақстандық өнімді, яғни қазақстандық сауда маркасын экспортқа шығару ұлттық франшизаның экспортталуына әсер етеді.

БЖК-2020 бағдарламасы франчайзингті дамыту үшін қолайлы орта құру үшін маңызды. Франчайзинг кәсіпкерліктің нысаны ретінде тек қаржылық қолдау арқылы дамымайды, сонымен қатар, білім, яғни «менеджменттегі ноу-хау» арқылы да даму үрдісін өткереді. Өйткені, қаржыны дұрыс қолдану туралы білімге негізделген менеджментті бойына сіңіру арқылы келешегі мол франчайзингтік жүйе құруға ықпал етеді. Бұл жерде бағдарламаның бірінші бағытында жақылған БЖК бағдарламалық құралдарын атап өту керек, атап айтқанда:

Консалтингтік және маркетингтік қызметтер көрсету;

Кәсіпорын менеджментін, жұмыс үрдісін қалыптастыру бойынша қызмет көрсету;

Өнімнің (қызмет көрсетудің) нақты түрімен нарыққа кіру бойынша маркетингтік зерттеу ;

жылжыту (брендинг) және өнімді тарату (қызмет көрсету) және т.б.;

әрекет етуші бизнесті оңтайландыру және құру бойынша консультациялар;

мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарға қатысу бойынша және сыртқы нарықта бизнес жүргізу бойынша консультациялар;

Қазақстанның консалтингтік қызмет көрсету нарығы қымбат, әрі қолжетімді емес, ал бастысы – кәсіпкерлерге абсолютті қажет емес консалтингтік қызметтер крсетіледі. Тіпті, консалтингті тәжірибесі жоқ адамдар ұсынатыны да жиі кездеседі. Көптеген қажетсіз қымбат қызмет көрсетулер және ол көп жағдайда шағын кәсіпкерлер үшін қолжетімді еместер арасында кәсіби мамандар ұсынатын сапалы консалтингті табуға болатынын айта кеткен жөн. Бірақ бұл ережеден гөрі ерекшелік болып табылады. Алайда, бұл жерде кәсіпкерлікке консалтинг керек емес дегенді білдірмейді, қайта қазіргі уақытта кәсіпкер кәсіби консалтингке зәру. Кәсіпкерлердің бір бөлігі шетелдік ресурстармен Интернеттен ақпарат алады, ал бір бөлігі ұйымдық үрдісті бетімен жіберген. Бірақ, консалтинг әрбір кәсіпорынға қажет, БЖК арқасында кәсіпкерлер орталықтандырылған сапалы консалтингтік көмек алуға мүмкіндігі бар. БЖК к онсалтинг тік құралдары ҚР сапалы консалтингтің дамуына серпін беруі мүмкін. Әрине , ұсынылған консалтингтік материалдардың сапасын бағалау өте маңызды.

БЖК консалтингтік қызмет көрсету арасында франчайзингті дамыту тұрғысынан жылжыту (брендинг) және өнімді (қызмет көрсетуді) тарату сияқты қызмет көрсетулерге көңіл аударған дұрысырақ. Брендинг – франчайзингтің құрамдас бөлімі, онсыз франчайзингтік жүйелердің тиімділігі жоғалады. Әлемдік франчайзингтің бар тарихы – бұл брендтар тарихы. Өкінішке орай, отандық кәсіпкерлер брендинг туралы айтпастан бұрын, тауар таңбаларын қарапайым тіркеуге көңіл аудармайды. Егер, БЖК бағдарламасының мамандары кәсіпорынның тауар таңбасының брендингіне назар аударса, кәсіпорын брендты жалдау мәмілелер санының көбеюі арқылы франчайзинг нарығының дамуына тиімді болатын өз компаниясының брендын дамытуға мүдделі болады.

Бағдарламаның қаржы агенті болып «Даму» қоры табылады. «Даму» қоры жоғарыда айтылып өткендей, қазақстандық франчайзингті дамыту бойынша бастамалардың демеушісі болып табылады. Қор өткізген шаралар көптеген франчайзерлар мен франчайзиларға, сонымен қатар, франчайзинг туралы ақпарат іздеуші кәсіпкерлерге көмектесіп отыр. Бірақ, БЖК - 2020 секілді ауқымы кең мұндай бағдарламаның қаржы агентінің ролінен қордың орны франчайзингті дамыту институты ретінде ұлғайып келеді.