Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Сіздің ісіңіз франчайзингтік үлгіге сай ма? Франчайзинг аспектілері


Теория бойынша кез-келген бизнесті франчайзингке айналдыруға болады, бірақ тәжірибеде әрбір кәсіпорын – бірегей ағза, оның моделін табысты және пайдалы қылып жасау үшін, әрбір жағдайда даралап жеке қарастыру қажет. Франчайзинг бизнесі табысты моделдің синонимы, алайда табысты кәсіпорын франчайзинг жүйесіне өткеннен кейін жетістікке жетпеуі мүмкін.

Франчайзинг – кәсіпкерліктің тартымды нысаны, өзінің серіктестерінің (франчайзи) ресурстарын пайдаланып, фирмалық желілерін кеңейтуге мүмкіндік береді, бірақ кез-келген бизнестен франшиза жасауға болмайды.

Техникалық аспектілерден басқа, психологиялық жағы да бар, себебі табысты бизнес үшінде салмақты кедергі болуы мүмкін. Өйткені, франчайзинг - тұтас желінің, тұтас тұрмыс-дәстүрдің, ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған байланыстағы қандай да бір эталонның жасалуы. Франчайзер кәсіпкерлік тәлімнің өзіндік корпоративті философиясын жасаушы қандай да бір гуру ретінде болады. Тіпті, табысты бизнестің өзі франчайзингтік жүйеде сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Егер франчайзер қателессе, онда бар тұтас жүйе қателікке ұрынады.

Қазақстанда әрекет етуші франчайзингтен бас тартқан тәжірибелер кездесті. Оның себебі: франчайзер мен франчайзидың дөрекі және бейәдеп қылықтары, франчайзингтік жүйе ережелері мен стандарттарын франчайзидың орындамауы, франчайзердің франчайзиды жете бақыламауы болып табылады. Нәтижесінде, өнімнің сапасы және қызмет көрсету деңгейінің төмендеуінен франчайзингтік брендтың беделі азайып, клиенттерінен айырылады. Франчайзер франчайзидың табысы туралы үнемі ойламайды. Халықаралық франчайзингінің тарихында франчайзингтік қызметтің бейәдеп тәжірибесі көптеп кездескен. «Біркүндік франшизалар» франчайзердің тез пайда табуы үшін құрылып, франчайзиды банкротқа ұшыратқан. Франчайзингтік жүйеде Франчайзердің 2 санаты бар:

1. Ұзақ мерзімді қатынасты құратын, жеңімпаз сценариясына бағытталған - жеңімпаз (бағытталған жеңіпаз (ағылшын тілінен win-win кәсіпкерлік қатынастағы танымал заманауи формат). Бұл жағдайда, кәсіпкер өз пайдасымен қатар, франчизидың қаржылық тұрақты болуы үшінде жұмыс жасауға ұмтылады.

2. Тез пайданы мақсат еткен франчайзерлар. Мұндай франчайзингтік жүйе қаржы перамидасын еске түсіреді. Ең көп франчайзиларды жинайды, қысқа уақыт аралығында үлкен табысқа кенеліп, ойыннан шығады.Мұндайжағдайды болдырмау үшін, АҚШ-та арнайы UFOC церкуляры бар. Бұл құжатқа сәйкес, мәміле жасау кезінде франчайзер барынша ашық та, айқын болуы тиіс, сонымен қатар, франчайзер кәсіпкерге франшизаны сатып алу үшін белігілі бір мерзім береді (10 күн). Бұл мерзім франшизаны сатып алушыға ойланып және дұрыс таңдау жасау үшін беріледі.

Әрине, екінші топтағы франчайзерлар – бұл нарықтағы кездейсоқ ойыншылар, негізінен франчайзинг-тұрақты және табысты, атақты брендқа негізделген бизнес түрі. Бұл бизнестегі банкроттық басқа бизнеске қарағанда анағұрлым төмен.Әрбір компания франчайзингтік жүйеге өтуді әртүрлі себептермен байланыстырады, көбінесе желісін әрі қарай дамыту үшін ресурстар тапшылығынан шешім қабылдайды. Атақты халықаралық сауда маркалары пайда болғаннан бастап, өз желілерін дамыту үшін қосымша қаржы тарту мақсатында франчайзингтік жүйені қолданды (Кока-кола, Макдональдс, Баскин Роббинс).

Бұрын айтып кеткендей, Қазақстанда кәсіпорындарының филиалдар желісі арқылы жұмыс жасау тәжірибесі кең таралған. Отандық кәсіпорындар франчайзингтік жүйе арқылы жұмыс жасаудың артықшылығын көрмейді және филиал ұстау үшін шығындарын елемейді. Алайда, филиалды ұстаудың біраз экономикалық кемшіліктері бар: кеңсе инфрақұрылымдары және персоналдарды ұстау шығындары; филиал қызметін әрдайым бақылаудан шаршау; жалдамалы персоналдардың тиімсіздігі және қызметті өркендету жолындағы ынтасының төмендігі.

Әрекет етуші филиалдарды франчайзингтік жүйеге ауыстыру жоғарыда аталған кемшіліктерді жоюға көмектеседі. Франчайзингтік жүйеде Кеңсе инфрақұрылымдарын және персоналдарды ұстау шығындары франчайзиге өтеді. Бұл жағдайда, франчайзи ынталы тәуелсіз кәсіпкер болып, аймақтық кеңсенің басқару тиімділігін барынша арттырады. Франчайзинг нарықта өз позициясын ұстаудың жалғыз құралы болып табылады. Бірақ, франчайзинг жүйесіне өту кезінде, компания алдын-ала жеке бизнес моделіне жан-жақты талдау жасап барып өткені дұрыс. Бірінші кезекте, болашақта франшизаның логикалық негізіне және өмір сүру бейімділігіне әсер ететіннегізгі аспектілеріне көңіл аударуы керек.

Ерекше сауда даралығы . Әрбір бизнес өзінше ерекше, алайда франчайзинг секторында табысқа жетуге өзіндік ноу-хау, қалыптасудың ішкі тетігі, ерекше даралық көмектеседі. Сырттай көшірмесін жасау оңай бизнесті франчайзингке айналдырудың мағынасы жоқ, өйткені оны әрдайым рұқсатсыз көшіріп алады.

Тіркелген тауар таңбасы, қызмет көрсету белгісі, зияткерлік меншік нысаны. Патенттік сенім білдіру – зияткерлік меншікті тіркеу мәселелерінде қажетті көмекшілер, бірақ әрбір бизнес ең алдымен бірегей тауарлық таңбадан басталуы керек.

Мақұлданған бизнес жүргізудің табысты технологиясы . Идеяны франшиза ретінде сату мүмкін емес. Идеяны тәжірибеде дәлелдеуі керек.

Компанияның және брендтың жеткілікті эволюциялық қалыптасу кезеңі. Тауар таңбасы мен брендтың даму тарихы «брендтық аңызды» қалыптастырудың белгілі бір кезеңінен өтуі қажет. Қалыптасқан және танымал бренд франшиза құрудың тамаша негізін жасайды. Әлемдік франчайзингтің даму тарихына сәйкес, брендтар франчайзингтік қатынасқа тауар таңбалары нарыққа шыққан кезеңнен 5 жылдан кейін түсе бастайды. Әрине, заманауи бизнес үрдістері уақыт пен технологиялық қатынасты мүмкіндігінше қысқартуға тырысады. Мысалы, қазіргі уақытта тауар таңбасының франчайзингке айналар уақыты оның нарыққа шыққан сәтінен кейінгі 2-3 жыл болып есептеледі. Ал пилотты франчайзингтің мерзімі 1 жыл. Бірақ компанияның даму тарихы ұзақ болған сайын, компания франшизасының дағдарыс кезіндегі тұрақтылығы соншама мүмкіншілікке ие болады.

Бизнес моделінің қайталану әлеуеті. Кәсіпкердің бизнес моделінің басқа аймақта көшірмеленуі барынша оңтайлы болуы керек. Франшизаны жасауда ең қиыны – орамаға барлық бизнес үрдісті сипаттау. Бұл орама франчайзингтік пакет деп аталады. Егер бизнесті сипаттау қиын болса, онда оны көшірмелеуде қиын, сату да қиын болып табылады.

Географиялық көшірмелеу. Табыс фирмалық нүктенің қандай да бір жерге үйлесімділігіне тәуелді болмауы керек. Мысалы, Медеу, Көктөбеде орналасқан дүкен немесе кафенің тартымдылығы басқа аймақта көшірме жасағанда азаймауы тиіс.

Жеткілікті маржа. Франчайзи пайдасы франчайзингтік төлемдерді төлегеннен кейін қалыптасады. Сондықтанда, франчайзермен белгіленген франшизаның бастапқы маржасы жүйені пайдалы қылу үшін айрықша жоғары болмауы керек.

Дайын франчайзингтік пакет (франшиза). Тауар таңбасы мен ЗМ басқа, франчайзингтік пакетте қолдану туралы нұсқаулық, маркетингтік және бизнес жоспарлар, тренингтер, жарнама материалдары болады.Жалпы бұл франчайзингтік жүйенің маңызды бөлігі болып табылады. Франшиза аясына бизнестің бәрін сипаттаудан тұратын франчайзинг пакетін құру кәсіби біліктілікті қажет етеді, өйткені франчайзердың, франчайзидің табысы мен пайдасы осы пакетке байланысты.

Франчайзиді қолдаудың дайын жүйесі. Франчайзиды тұрақты қолдау-франчайзингтік қатынастардың негізі. Бизнес түріне байланысты, франчайзер франчайзиды жарнамалық, маркетингтік, қаржылық, көліктік бағыттарда қолдау көрсетеді. Тренингтік және қосымша құралдарын ұсыну арқылы да қолдау көрсетеді. Компанияда мұндай құралдар қоржынының бар болуы, оның франчайзингтік қатынасқа дайындық деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді.

Компанияның даярланған персоналы . Франчайзер компаниясының қызметшілері франчайзи штатының үлгілі персоналы ретінде болады. Франчайзер франчайзингтік жүйеге ауысар алдында, өз персоналының дайындық деңгейіне көп мән береді. Персоналдар франчайзи персоналдарын оқыту бағдарламаларының қатысушысы болады.

Әрине, бұл аспектілер франчайзингтік жүйеге көшу үшін соңғы шешім қабылдаудағыанықтаушы болып табылмайды, сондықтанда басқа факторлар қатарына да талдау жасауы керек. Бірақ, бұлар, франчайзингтік желі қалыптастыру кезіндегі бастапқы негізгі басшылыққа алынатын тармақтар.