Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Франчайзингтік пакет


Франчайзингтік пакет тауар таңбасынан, қызмет көрсету белгісінен, ноу-хаудан, тренингтен, бренд-буктан, заңды пакеттерден, компанияның өзіндік жұмыс көлемінен және т.б. тұрады.

Франчайзингтік пакет сонымен қатар сапасы франчайзингтік бизнес пайдасына тәуелді болатын маңызды және функционалды құралдарды қамтиды.

Стандартты франчайзингтік пакет мыналардан тұрады:

Ақпаратты ашу құжаты – ААҚ (Disclosure document)

Қазақстанда, көптеген елдер сияқты, UFOC американдық франчайзингтік циркулярға ұқсас арнайы құжат жоқ.

Франчайзинг туралы заңда ААҚ синонимы ретінде алуға болатын «жасырын сипаттағы ақпарат» ұғымы бар.

Франчайзингтік бизнесті жүргізу этикасы әлеуетті франчайзилар үшін алдын-ала ақпараттың ашық болуын талап етеді. ААҚ маңыздылығын көптеген халықаралық франчайзингтік ассоциациялар мойындады және франшиза сатушылардың франчайзингтік пакеттеріне осы құжатты енгізуді ұсынады. ААҚ міндеті франшизаны сатып алушыны үгіттеу емес, қарапайым компания туралы толық ақпарат беру. ААҚ франчайзингтік шарт жасаудағы кіріспелік мәні бар құжат.

ААҚ келесі тармақтардан тұрады:

- Франшизаның басты бөлшектері;

- Компания атауы, тауар таңбасының атауы, заңды мекен-жайы, қызмет көрсету банкі және т.б.;

- Компанияның материалды қарыздары мен міндеттері туралы жан-жақты сипаттау;

- Соңғы 5 жыл ішінде компания басшылығы және франчайзер қатысқан сот процесстері туралы ақпарат;

- Франшизаға шолу;

- Желіде жұмыс жасайтын франчайзи тізімі;

- Франчайзингтік шарттың қысқаша сипаттамасы;

- Франчайзер кепілдемесі және міндеттері;

- Қаржылық ақпараттар;

- Бастапқы франчайзингтік төлемдер;

- Франчайзингтік нүктелер ашуға қажетті капитал;

- Рұқсат бертін лицензияны пайдалану ережесі, сертификатты сипаттау, аудиторлық тексерудің есептері;

ААҚ –қа қойылатын кейбір талаптар:

- ААҚ елдің ресми тілінде жазылуы керек.

- ААҚ қарапайым және түсінікті тілде, арнайы терминологияны қолданбай жазылуы керек, өйткені франчайзингпен таныс емес кез-келген адам бұл құжатты түсіну керек.

- ААҚ-пен франчайзингтік шарт арасында қайшылық болмауы тиіс.

- Әлеуетті франчайзи салмақты шешім қабылдау үшін ААҚ-мен 10 күн ішінде танысу мүмкіндігіне ие болуы керек.

- Франчайзер жүйесіндегі кейбір бөлімдері өзгерсе, ААҚ жаңартылып отыруы керек. Құжатты жаңартудың стандарттық кестесі – 1 жыл.

Компаниялар ААҚ-тан маркетингтік кітапша жасап жүр, бірақ бұл жерде франчайзиге қажетті ақпаратты жасырмауы тиіс. ААҚ – франчайзердің сату алдындағы визиттік карточкасы, бұл құжаттың бар болуы – әдепті франчайзер беделінің бір бөлігі. Жасырын ақпараттардың болуы сауда таңбасына деген сенімнің жоғалуына алып келуі мүмкін. ААҚ франчайзингтік пакет құрамына кіруі міндетті емес, әдетте франшизаны сату кезінде қосымша құжат ретінде болады.

Жеке құқықты біріздендіру бойынша халықаралық институт (Unidroit) халықаралық сараптамашыларменен бірлесіп, 2002 жылы Ақпаратты ашу туралы үлгілік франчайзингтік заң шығарды. Заң бойынша құжаттың әрбір тармағын қатаң сақтамауға болады. Әрбір ұлттық ассоциация құжат форматын өз қажеттіліктеріне қарай өзгертуге құқылы.

Зияткерлік меншік. Франчайзингтік пакет жасау зияткерлік меншіктің тіркелгені жөнінде немесе патентті ведомствада тіркеу сатысында деген ақпарат береді. Алайда, тіркеудің қиын, әрі ұзақ рәсіміне байланысты, Отандық кәсіпкерлер компанияның ЗМ тіркеуге асықпайды. Мұндай жағдайда, ең болмағанда, кәсіпкерлер өз компаниясының ЗМ нысандарын техникалық түрде анықтауы қажет.

Компанияның ЗМ жататын нысандарының тізімі:

- Тауар таңбасы және қызмет көрсету белгісі (логотип),

- Ноу-хау және фирманың қалыптастырған өзіндік жұмыстары,

- Өзіндік өнертабыс патенттері,

- Авторлық және аралас құқықтар,

- Корпоративті веб-сайттың ерекше дизайны және материалдары,

- Өзге де ерекше өнертабыстары.

Барлық аталған ЗМ нысандары тіркеуге жатады. Мысалы, ноу-хау тіркелмейді. Бірақ тауар таңбасы және қызмет көрсету белгісін (логотип) Әділет Министрлігінің комитетінде тіркеуге болады.

Пайдалану жөніндегі нұсқаулық. Ереже бойынша ф ранчайзердің өз франчайзиына жазбаша және электронды түрде ұсынылатын көлемді құжат. Франчайзидың пайдалану жөніндегі нұсқаулық (немесе қысқаша ФПН) көпшілік мақұлдаған ағылшын тілді «Franchise Operational Manual» франчайзинг нұсқасының аналогы болып табылады.

Әдетте ПЖН –компанияның бизнес үрдісінің әрбір ұсақ-түйегіне дейін құжатталған бейнесі. ПЖН-да қызметте күнделікті кездесетін стандарттық жағдайлар мен қиындықтар, оларды шешу жолдарын сипаттау көрсетіледі.

ПЖН міндеті көшірме жасау үрдісін қолайлы және тиімді ету болып табылады.

ПЖН бірнеше нұсқасы бар: жай нұсқама, стандартты және толық. ПЖН нұсқалары бизнес түріне, компания көлеміне, франшиза форматына және өзге де факторларға тәуелді болып келеді. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, кәсіби жасалған ПЖН франшизаның қаржылық тұрақтылығын және өмір сүру қабілетін ұлғайтады.

Төменірек, стандартты ПЖН-ның негізгі тармақтары көрсетіледі. Осы тармақтарды негізге алып, әрбір франчайзер кәсіпорнының өзіндік ПЖН-ын жасауына болады.

ПЖН келесі көрсетілгендерден тұрады:

1. ПЖН мазмұны және пайдалану ережесі. Бұл тармақта ПЖН жазылған ақпараттың құпиялылығы туралы айтылады, жария жасамау саясатына қол қойылады, құжатта қолданылатын ұғымдар және аббревиатуралардың қысқа тізімі беріледі.

2. Компанияны таныстыру. Компанияның даму тарихы. Компанияның менеджменті және басты қызметкерлері туралы ақпарат. Компанияның миссиясы, философиясы және қағидасы туралы ақпарат.

3. Кеңсені басқару. Кеңсе әкімшілігінің негізгі міндеттері және мақсаттары. Нұсқаулықтар. Инвентарь. Инвентаризациялау үрдісі. Негізгі инвентарды тізімдеу. Материалды жауапкершілігі бар тұлғалар. Кеңседе клиенттарды қабылдау және келіссөздер жүргізу туралы нұсқаулықтар. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтар. Қызметкердің жұмыс орнын жоспарлау ережесі. Кеңсенің жұмыс кестесі: кеңсені ашу және жабу, тазалау уақыты және кеңсені күтіп ұстау жөніндегі өзге де рәсімдер. Кеңсенің қауіпсіздігі: кілттер, сигнал беру жүйесін орнату, кеңсе оргтехникасымен жұмыс ережесі және т.б.

4. Ақпараттар. Мәлеметтер базасын құру тәсілдері. Ақпаратты басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің сипаттамасы. Ақпараттарды сақтау және өңдеу ережесі. Ақпаратты қорғау жөніндегі қауіпсіздік шаралары. Ақпараттық ресурсты тізімдеу. Ақпаратты сақтау және қорғауға жауапты тұлғалар немесе бөлімдер.

5. Қаржылық есеп жүйесі/бухгалтерия. Бухгалтерлік есеп тәсілін сипаттау. Баланстық есептің жобалық үлгісі. Салықтық төлемдер. Салық жүктемесін азайту тәсілдері. Қоймалық және материалдық есеп. Банктік қарым-қатынас. Негізгі құжаттар айналымы. Бизнестің негізгі қаржылық ағыны. Негізгі қаржылық құжаттар. Компьютерлік қаржылық есептер бағдарламаларының сипаттамасы.

6. Кадрлар. Персоналдарды іріктеу және басқару стандарттары. Жалдау рәсімі. Интервью. Мінсіз үміткер суреті. Жұмыстан босату рәсімі. Әрбір лауазымның лауазымдық қызмет нұсқаулығы. Кадрлық саясат. Еңбек ақы төлеудің ұсынылмалы сызбасы. Жаңа қызметкерлерге арналған тренингтер.

7. Франчайзингтік нүктелер. Ұсынылған тұрғылықты орын (тұрғындар саны, табыс көлемі, менталитет). Сауда нүктесіне қойылатын талаптар: жер телімінің көлемі және ғимарат, стиль, жоспарлау, қондыру, құралдар, айыру белгілері, автокөлікті қою орындары, түс гаммаларын таңдау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Экстрерьерді безендіру және мінсіз орналастыру ережесі. Ғимараттың ұсынылмалы шамасы.Интерьер және дизайн. Франчайзингтік нүктенің интерьерін графикалық және мәтіндік толтырылуы. Нүктелердің орналасу саясаты. Униформа стандарты, персоналдар мен интерьер, униформалардың түсті коды. Ғимараттың эргономикалық есебі. Ғимарат нысандарын/бөлшектерін қою ережелері.

8. Қызмет көрсету. Сатып алушыларға қызмет көрсету жүйесін сипаттау. Қызметкерлер арасындажұмыс уақытын бөлу. Жауапты персоналдар және олардың міндеттері. Нүкте персоналдарының аймақтық, функционалды және қызмет көрсету міндеттері. Қызмет көрсету сапасының стандарттары. Стандарттық бақылау деңгейі. Негізгі қиындық және оны шешу жолдары.

9. Клиент суретінің мінездемесі. Демографиялық және психографиялық профайлы (әлеуметтік сынып, өмір сүру стилі, ереше ықыласы, табыс көлемі, сұранысы, қалауы, мақсатты аудиторияның болжалы). Өнімнің артықшылығы немесе тұтынушыға арналған қызмет көрсету. Клиенттік қатынастарға жауапты қызметкердің ұстанымын сипаттау.

10. Франчайзиды қолдау матрицасы. Франчайзер-франчайзи қатынасы жүйесін сипаттау. Франчайзингтік желіні дамытуға жауапты қызметкер немесе бөлім. Әрекет етуші франчайзингтік нүктелер және кеңселер/компания филиалдары туралы ақпараттар. Франчайзингтік желінің өзарақатынас жүйесі. Франчайзи үшін тренинг кестесі. Кіріспе және келесі тренинг курстарының сипаттамасы.

11. Франчайзердің франчайзи сервисын бақылау кестесі. Сапа стандартының сақталуы. Франчайзи қызмет көрсетуін жетілдіру шаралары.

12. Маркетинг, жарнама және PR . Газеттер, радио, тікелей жолдау. Біріккен жарнама жіберу, арнайы жарнамалық жеңілдіктер, қоғаммен байланыстар үшін қаражат қорын сипаттау. Өнімді жылжытудың маркетингтік жоспарын енгізу. Жарнаманың болжалды бюджеті.

13. Өнімнің бағасын құру сипаты. Өнім құрамын есептеу. Пайданы есептеу. Болжалды баға.

14. Франчайзингтік төлемді қалыптастыру. Паушалды жарна және роялтиды сипаттау. Жарнама және маркетингтік қорларға арналған төлемдер. Франчайзер ұсынған тауар мен шикізат төлемі. Басқада мүмкін болатын төлемдер.

15. Көлік. Логистика. Жүк айналымы. Шикізат, материалдар және тауарларды тасымалдаудың орталықтандырылған жүйесін сипаттау. Логистика сызбасы.

16. ТБ сәйкестендіру. Тауар таңбасын және қызмет көрсетудің графикалық және мәтіндік толтырылуы. Таңбаның тусті коды. Таңбаны тіркеу сертификаты. Тауар таңбасының саясаты. Таңбатарихы. Таңбаның брендтік құрамы. ТБ және логотипті кеңселік қажеттіліктерге, плакаттарға және маңдайшадағы жазуларға түсіру ережелері (тауар таңбаларын пайдаланудың мұндай саясаты франчайзингтік пакеттің тағы бір құжаты бренд-букта жазылды). Тауар таңбасын қорғау шаралары.

17. Сақтандыру. Франчайзер компаниясындағы сақтандырудың негізгі түрлері. Сақтандырудың ұсынбалы саясаты.

18. Лицензиялау. Егер бизнес лицензияланатын болса, лицензияны алу сызбасы.

19. Компания ноу-хауы және оның құрамдас бөлігі. Коммерциялық немесе өндірістік құпияны және ноу-хауды ашып көрсету. Коммерциялық ақпаратты және ноу-хауды желіден тыс таратпау саясаты.

Компания тобында ПЖН-ды кім құрастыруы керек? Ереже бойынша, техникалық маман немесе франчайзинг жөніндегі менеджер. Әрбір франчайзингтік компания бастапқыдан франчайзингтік пакетті және ПЖН құрумен, сонымен қатар, франчайзиді қолдау міндеттерін жүзеге асыратын франчайзинг бойынша штаттық бірлігі (бөлімі) болғаны дұрыс. Егер компания қызметкерлері жеткілікті біліктілігі болмаса, франчайзингтік пакет құру үшін сырттан мамандар шақыру керек. ПЖН – өте маңызды құжат, өйткені бүкіл франчайзингтік желінің табысты болуы осы құжаттың жөнді құрастырылуына байланысты болып табылады.

Егер компания нарыққа франшиза сатумен шыққысы келмесе, онда ПЖН компания бизнесін басқарудағы және диагностика жүргізудегі тиімді құрал ретіндегі қызметін атқарады.

Бизнес жоспар

Бизнес жоспарды дайындаудағы мақсат: нарықтың қажеттілігіне және компанияның мүмкіндігіне сәйкес жақын күндер мен келешекке арналған фирманың шаруашылық қызметтерін жоспарлау. Бизнес-жоспар кәсіпкерге фирма қызметінің нақты бағытын, мақсатты нарығын, осы нарықта фирмалық тауардың немесе қызмет көрсетудің орнын анықтаудағы негізгі міндеттерді шешуге көмектеседі.

Франчайзингтік пакетке бизнес-жоспарды енгізу міндетті емес, алайда бизнес жоспардың бар болуы табысты франшизаның қосымша көмекші құралы болып табылады.

Франчайзингтік бизнес-жоспар жалпыға ортақ бизнес-жоспардың қағидалары мен стандарттына сәйкес жасалады. Кей кезде, компания бизнес-жоспарды толық ПЖН-ға ауыстырады. Бұл екі құжат кейбір тармақтарының ұқсастығына қарамастан, мақсаттары мен міндеттері бөлек құжаттар. ПЖН әрекет етуші кәсіпорынның функционалды мінездемесін ашады және ішкі рәсімдерін сипаттайды. Бизнес-жоспар болашақтағы бизнестің пішінін анықтап, оның үрдістерін суреттей отырып, болашақтағы мақсатты және оған жету жолдарын айқындайды.

Франчайзингтік бизнес жоспарлар мәні бойынша, франшизаның пайда табуын негіздейді, сондықтанда құрылғалы отырған кәсіпорын дұрыс және шыншыл бизнесті жоспарлауы қажет. Әрине, әр бизнес дербес, барлық франшиза үшін бизнес жоспардың мінсіз үлгісін жазу мүмкін емес. Бірақ, франчайзингтік бизнес жоспарды жазудың белгілі бір стандарты бар, оны әрбір бизнес түріне байланысты өзгертуге болады.

Сонымен, франчайзиге арналған стандартты бизнес жоспар құрлымы:

1. Жоспар түйіндемесі.

2. Кіріспе

а. Компания сипаты.

б. Өнім және қызмет көрсету сипаты.

в. Компания миссиясы, мақсаты мен міндеттері.

г. Қаржылар сипаты.

3. Франшизаны сипаттау

А. Франшиза тарихы.

Б. Франчайзингтік шарт түрлері: франшиза шебері, субфраншиза.

В. Франчайзингтік желі сипаты.

Г. Франчайзингтік нүктенің ұсынылған орналасуы.

Д. Бір сауда нүктесінің өтелу мерзімі.

4. Бизнесті және бүтін саланы сипаттау

А. Бизнестің және саланың тарихы.

Б. Нарықтағы компанияның ұстанымы. Салада және нарықта айналысу нүктесі.

В. Саланың сипаты. Қазіргі кездегі саланың сипаттамасы.

Г. Саладағы негізгі франшиза.

Д. Негізгі тасымалдаушы және субмедігер.

5. Маркетингтік жоспар

А. Нарықтағы өнімнің немесе қызмет көрсетудің артықшылығы.

Б. Негізгі тұтынушылар.

В. Негізгі бәсекелестер.

Г. Нарық көлемі және келешегі.

Д. Дистрибьюцияның арналары.

Е. Сатуды ынталандыру.

6. Менеджмент құрылымы

А. Негізгі басшы персоналдар.

Б. Франчайзинг жөніндегі жауапты персонал.

В. Франчайзингтік нүкте жұмысшылары.

Г. Төлем сызбасы.

Д. Персоналды көтермелеу тетігі.

7. Қаржылық жоспар

А. Қаржыландыру қайнар көздері.

Б. Қаржыны басқару.

В. Кәсіпорындағы қаржыландыру нысандары.

Г. Қаржылық ағындар.

Д. Қаржылық есептеулер.

Е. Сату көлемі. Пайда. Өзіндік құн.

Негізгі франчайзингтік төлемдердің сипаты.

8. Өндірістік жоспар (өндірістік франчайзингте)

А. Технологиялық және өндірістік үрдістер.

Б. Өндірістік қорлар.

В. Ноу-хау және компанияның жетістіктері.

Г. Құрамдастар және шикізаттар тасымалы.

Д. Өнімді шығару көлемінің болжамы.

Е. Логистика және қойма есебі.

Бизнес жоспар «көп томдық» ірі құжат болмауы керек. Негізінен, бұл көлемі жағынан ықшам және мазмұнды құжат. ПЖН сияқты, бизнес-жоспарды қарапайым және түсінікті тілмен жазылғаны дұрыс.

Тренинг. Франчайзингтік тренингты бірнеше түрге бөлуге болады.

Жылжымалы. Бұл жағдайда франчайзер компаниясының тренері франчайзи компаниясының қызметкерлер аймақтарында тренинг өткізеді.

Жалпыкорпоративті. Тренинг барлық желілер үшін тұрақты негізде өткізіледі. Мұндай тренингке менеджер немесе франчайзи компаниясының франчайзингтік персоналы қатысады.

Тренерлерді оқыту (ағыл. тілінен Training of trainers). Франчайзер компаниясының штаттық тренері франчайзи компаниясының тренерлерін тренинг жүргізу машықтарына оқытады. Әрі қарай, франчайзи компаниясының тренерлері франчайзи және субфранчайзи компанияларының қызметкерлері үшін тренинг жүргізеді.

Заңды топтама

Заңды топтамада 2 стандартты шарт болады:

1. Кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы шарт/франчайзингтік шарт (ҚР франчайзинг туралы заңына сәйкес). Бұл құжатта франчайзер мен франчайзи арасындағы қатынас заңмен бекітіледі. Шарттың негізгі тармақтары: франшизаны беру ережесі, сапаны сақтау, тараптардың жауапкершілігі, құқықтары мен міндеттері, форс-мажор, франшизаны (мастерфраншизасы немесе субфраншиза) беру талаптары, және т.б.

2. Тауарлық таңбаға құқық беру туралы шарт немесе лицензиялық шарт (ҚР Тауар таңбалары туралы заңға сәйкес).

Екі негізгі шарттан бөлек, заңды топтамада басқа да шарттар болуы мүмкін. Мысалы, субмедігерлермен немесе тасымалдаушылармен жасалған шарттар.

Ереже бойынша, франчайзер заңды топтамаға кіретін шарттардың стандартты үлгілік нысандарына ие болуы тиіс.

Тауарлық таңбаны/брендты пайдалану жөніндегі нұсқаулық (Brand Identity Guidelines).

Бизнестік ортада бұл құжат бренд-бук немесе Brand book атауы бойынша танымалдыққа ие болды.

Құжатта қарастырылатын мәселелер:

- Бренд құндылығы және миссиясы,

- Тауар таңбасының түсті гаммасы және мәтіндік мазмұны.

- Тауар таңбасын (бренд) және қызмет көрсету белгісін (логотип) пайдалану ережесі. Тауар таңбасының баспа өнімінде және құжаттамада, сыртқы жарнамаларда, интернетте, ғимаратты безендіруде, естелік өнімдерде, бумаларда және т.б. қолдану тәртібі жазылады. Қолдану нұсқалары. Компанияның - франчайзердің брендты қолданудың нақты жағдайы жазылады.

Франчайзи - компания үшін Интернет сайтын құру туралы нұсқама

Заманауи франчайзингтік пакеттің құрамына фирмалық Интернет сайтын құру туралы нұсқама кіреді.

Нұсқама тармақтары мыналарды құрайды:

- Құрлымды, сайтты мәтіндік толтыру (копирайт),

- Домен және хостингті тіркеу жөніндегі анықтама,

- Дизайны және түсті гаммасы,

- Скриптер және сайтты басқару жөніндегі бағдарламалық жасақтама,

- Жалпыкорпоративтік франчайзингтік желіге біріктіру ережесі.

- Басқа да ақпараттар.

Франшиза мақсаты мен форматына, бизнес түрлері мен франчайзингтік қатынас нысанына байланысты пакет мәнді түрде өзгеруі мүмкін.