Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Қазақстандағы франчайзинг


Қазақстанда қанша жылдан бері франчайзинг қолданылатынын дәл айту қиын, бірақ бір нәрсе айқын – соңғы 3 жылда ол инвесторлар тарапынан да, франчайзинг моделі бойынша дайындалатын немесе дамудағы ұлттық брендтердің тарапынан да ерекше танымалдығын тапты.

Франчайзинг моделі бойынша алғашқы бизнес идеялар 1994 жылы жүзеге асырылды. Сонау 90-шы жылдары қосалқы түрік франчайзи лицензиясымен Coca-Cola зауыты салынды. Сәл кейінірек франчайзинг бойынша бүкіл әлемге танымал "Hayatt Regency" халықаралық желі франчайзингті брендімен қонақ үйі ашылды. Бірте-бірте франчайзинг Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік ортасына енгізіле бастады.

Бүгінгі таңда франчайзингтік объектілер 1000-нан асады, 150 серіктестік желілер салынды. Ресей, түрлі Еуропа, АҚШ елдерінің бизнестері ұсынылған (тек америкалық желілері саны елімізде 36, оған 250 франчайзингтік нүктелер кіреді). Және бұл шегі емес, нарық дамуды жаслғастыруда!

Сұраныс, ұсынысты анықтайды.

Әдетте, нарық әлеуетті клиенттердің қажеттіліктерін негізге ала отырып қалыптасады. Сұраныс осы немесе басқа бизнестің табыстылығын анықтайды. Бүгін операторлар, тауарлық франчайзинг сегментінде ең жоғары белсенділік байқалады дейді. Қазақстанда франчайзинг моделі бойынша жаңа өнеркәсіптік тауарлардың, мысалы, киім, парфюмерия дүкендері ашылуда. Басымдық еуропалық және ресейлік франшизаға беріледі. Осыған байланысты жылжымайтын мүлік нарығы дамуда – барлығынан астам риелторлық қызмет танымал болуда, сауда-саттық және сауда-ойын-сауық орталықтары салынуда.  

Қазақстандық кәсіпкерлер арасында мейрамхана франшизалары үлкен сұранысқа ие болуда. Әрине, танымалды, көшбасшы позицияда әлемге танымал және табысты тарихы бір емес, ондаған жыл франшизалар. Олардың арасында: Starbucks, Subway, Mc Donalds. Екінші орында – ТМД елдерінің (көбінесе Ресей және Украина) франшизалары.

Айта кету керек, Қазақстандағы франчайзинг нарығында байқалатын қызықты ерекшелігі – сублицензиялық шарт. Халықаралық брендтер иелерінің көбісі жергілікті кәсіпкерлермен тікелей емес, ресей немесе түрік компаниялары шебер-франшизасымен (субфраншизамен) ынтымақтасуды дұрыс көреді. Жергілікті франчайзи мұндай жағдайда субфранчайзиге айналады.

Қайдан келген бизнес?

Бүгінгі таңда қазақстандық нарықтағы бизнеске әлемнің түрлі елдерінен франчайзингтер ұсынылған және белсенді жұмыс істейді. Ұсыныстардың қомақты үлесі ресейлік франчайзерлерден түседі. Сонымен қатар, сарапшылардың бағалауы бойынша, олардың саны өсе береді. Тәжірибе көрсеткендей, ресейлік франчайзерлерге жергілікті кәсіпкерлер көбірек сенеді. Оларға бизнес өкілдері франчайзинг тиімділігі ретінде көрсете отырып пайдаланатын мысалдары, , сондай-ақ іске асырылатын жеке бизнестің осы моделі тұтастай алғанда, көп жақын және түсінікті. Алайда, бұл басқа елдерге аумақ жабылды дегенді білдірмейді. Франшизаның елеулі үлесі АҚШ франчайзерларына тиесілі.   

Ресейлік франшизаның үстем позициясы менталитет және бір тілді ұқсастықпен ғана түсіндірілмейді. Сарапшылардың пікірінше, оның себептері соның ішінде, әсіресе қазақстандық бизнесмендердің халықаралық франчайзинг нарығындағы белсенді еместігі болуы мүмкін,. Сонымен қатар, елімізде кейбір бизнеске халықтың тығыздығы, тұтыну нарығының жеткіліксіздігі әсіресе шетелдік инвесторларды тартуға бөгет. Соған қарамастан, шетелдік бизнес-жобалардың аз санына қарамастан американдық франшизалар үлкен айналым әкелуде. Оларға жалпы франчайзинг айналымының қомақты үлесі тиесілі.

Бүгін франшизалардың ең көбісі – шетелдік деп айтуға болады. Алайда Қазақстанда халықаралық нарыққа өзіндік желісі шыққан франчайзерлер де жұмыс істейді. Сөз "Құралай" авторлық жоғары сән үйі жайында. Белгілі дизайнер және стилист Құралай Нұрқаділова өз брендін халықаралық деңгейге шығарды, олар Мәскеу мен Парижде ұсынылған. Бұл дизайнердің моделі Escada, Valentino және Lacroixмен бірге жеңіс тұғырында көрсетіледі. Және бұл, сарапшылардың пікірінше халықаралық нарыққа шығуға әлеуеті бар жалғыз бизнес емес.

Қазақстанда жеткілікті қолайлы экономикалық шарттар мен заңдарға қарамастан, франчайзинг нарығын неғұрлым белсенді дамытуда кедергі келтіретін бірқатар проблемалар бар. Мұнда негізгілері:

• - жылжымайтын мүлікң өте жоғары бағасы бизнесті ашу үшін қажетті инвестициялар көлемін айтарлықтай арттырады, ал кейбір жағдайларда оны жай ғана тиімсіз етеді;

• франчайзинг үшін жекелеген жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы;

• "сапалы кәсіпкерлік" ретінде франчайзинг туралы ақпараттың жетіспеушілігі.

Елімізде ақшаның үлкен массасы жиналған, ол әдетте бизнесті дамытуға емес, жылжымайтын мүлік сатып алуға бағытталған. Кәсіпкерлік қызметке көптеген адамдар тартылмаған. Мүмкін себептерінің бірі – Қытаймен көрші орналасуы. Әлбетте, бұл елде барлығы өте арзан, тауардың өзіндік құны бойынша бәсекелесу қиын болады.

Тағы бір мәселе, франшиза несиеге сатып алуға берілмейді ол кәсіпкерлік белсенділігін төмендетеді. Қалыптасқан жағдай түрінде, көптеген франчайзингтік кәсіпорындар 1-4 жылдан кейін ғана пайда әкеле бастайды. Қазақстандық банктер ұсынатын қолданыстағы пайыздық ставкалармен сатып алу/сатуға негізделген бизнеске ғана несие алу ақылға қонымды. Осындай жағдайда жаңа бизнесті ашу үшін бірнеше қатысушыларды шоғырландыру және біріктіру оңтайлы шешім болуы мүмкін.

Қазақстан –франчайзинг саласындағы "Кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы" Заңы қабылданған ТМД елдерінің бірі. Сонымен қатар, бұл бизнестің қызметі Азаматтық Кодексімен реттеледі.

http://triarh.kz/franchajzing/stati-po-franchajzingu/franchajzing-v-kazaxstane/



Назад