Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Халықаралық франчайзингтің дамытуына ықпал ететін факторлар


Франчайзингтің халықаралық қауымдастығы сарапшыларының пікірінше, жаңа ғасырдың басында франшизалық жүйелердің қарқынды өсуіне алғышарттар жасайтын келесі факторларды атайды.

1. Жылдам тамақтану, қонақ үйлер, мотельдер, автокөліктерді жалға беру, шағынмаркеттер франшизалық желілерінде сату көлемінің өсу қарқынының тегістеу. Осы салалардың әрбірінде танымал сауда маркаларын иеленген компаниялардың салыстырмалы түрде шағын саны жаһандық ауқымда басым болады.

2. Ұлттық және әлемдік экономикалардағы қызмет көрсету секторының тез өсуі және агрессивті кеңеюі жалғасады. ФХҚ арнайы зерттеуіне сәйкес, қызмет көрсету саласында мамандандыру және жаңа нарықтық тауашалардың ашылуы жалғасын табады.   Тұрғын үйлерді жөндеу, интерьер дизайны және дизайнерлік жобаларды іске асыру, көгалдарды баптау, балаларды күту, тәрбие мен білім беру сияқты қызметтер бизнес-қызметтердің кейбір түрлерімен қатар франчайзингтің бірінші кезектегі қолдану аймағына айналады.

3. Бірігу және сіңіру белсенді процестері, онда кішігірім желілер бір-бірімен біріктіріледі, бірақ, сайып келгенде, алыптар оларды да сіңіріп алады. Корпоративтік Америка франшизалық желілерге инвестициялау объектісі ретінде қызығушылық танытады.

4. франшизалық желілірге тәуелсіз шағын кәсіпкерлердің қосылу үрдісінің күшеюі. Бұл процесс екі бағытта жүріп жатыр. Бір жағынан, франшизалық желілер тәуелсіз операторларды өз жүйесіне қосу есебінен әсер ету аймағын кеңейтуге жоғары агрессивтілік танытады, екінші жағынан, операторлар танымал сауда маркаларын иеленген белгілі желілерге қосылу арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолындарын іздей бастады.

5. Жаһандану. Франшизалық компаниялар, негізінен американдық, ХХ-ғасырдың соңында әлемдік нарыққа белсенді түрде шыға бастадық. Мысалы, соңғы он жыл ішінде "Макдоналдс" өз операторлар санын халықаралық экспансия есебінен екі есеге арттырды, ал американдық нарықта қанығу деңгейін 12-13 мың санында жетті. Бұл көрсеткіш бойынша АҚШ және Канада нарығында оның тұрақты бәсекелесі "Сабвэй" фирмасын қуып жетіп, ол да қанығу қысымын сезіне бастап, әлемдік нарыққа шығу шараларын қолданған.

6. Кемелденген тұжырымдамалар мен басқару жүйелердің қалыптасуы. Қазіргі франчайзинг көшбасшыларының көпшілігі 1975 ж. кейінгі кезеңде қалыптасты. Осы компаниялардың өсуіне қарай басқару нысандары мен әдістері белгіленіп, басқа жүйелерден ерекшеленетін корпоративтік мәдениет қалыптасады. Сонымен қатар, ірі фирмаларға тән бюрократиялық сипаттамалар бар, корпоративтік басқару кәсіпкерлік стильді алмастырады, ал онда кәсіпқой менеджерлер басымдық көрсетеді.



Назад