Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Ресей франчайзерлер мен франчайзилерінің басты 3 мәселесі


Ресей франчайзинг нарығы қарқынды даму мен жағымды динамикаға қарамастан мінсіздіктен алыс. Франчайзерлер мен әлеуетті франчайзи, секторға тән мәселелерге әлі де тап болады. Осындай мәселелерді франчайзинг саласындағы заңды аспектілері бойынша кең танылған сарапшылардың бірі, "Усков және серіктестер" заң компаниясының бас директоры Вадим Усков сипаттады.

Франчайзерлер соңғы уақытта Сізге қандай мәселелермен жиі жолығады?

№ 1 мәселе

Бұл нарықтың негізгі мәселесі франчайзингтің не екенін білмейтін және түсінбейтін жас франчайзерлердің көпшілігі. Олар өздерінің "мен қазір 10 немесе 50 франшизаларды сатамын да, бәрі тамаша болады!" сияқты қиялдарының тұтқынында жүр десек те болады. Сосын олар "Маған франшизаны дайындап беріңіз! " деген өтінішпен келеді. "Тауарлық белгісі бар ма?" деген сұраққа олар "Ол әлі тіркеуде" деп жауап береді. "Сіздің бизнесіңіз табысты ма?" деп сұрасам, "Иә, біз жаңа ғана көп ақша таптық!" деп жауап береді. "Бизнесіңіз неше жыл істеп жатыр?" десем, былай дейді: "Біздің ашылғанымызға бір жыл болды". "Егер сіз бизнесіңіздің қаншалықты табысты, ұзақмерзімді және жалпы егжей-тегжейі қандай екенін өзіңіз түсінбесеңіз, қалайша франшизаны сатуға бел буып отырсыз?" деп айтам. Бұл франчайзерлер тарапынан туындайтын өзекті мәселе. Үш жыл бұрын мұндай проблемалар болған жоқ.

2 мәселе

Франчайзерлердің екінші мәселесі - өздерін өздері түсіне алмайды, рефлексия жоқ. Мысалы, бизнес бар, ол табысты, кеңейтуге мүмкіндік бар, бірақ қалай жұмыс істейтіні, неге табысты екендігі адамдар түсінбейді. "Сіз оқытуды қалай ұйымдастырасыз? Бизнеске кірудің регламенттері қандай?" деген сұрақтарға адамдар мұның барлығы қалай жасалатынын білмейтіндері туралы жауап қайтарады.

3 мәселе

Мен оны "Франчайзинг 2.0" деп атаймын. Бұл мәселе бизнесін дамытып, 200, 300, 500 нүктеге дейін өсірген және бақылауды жоғалтқан франчайзерлерге тән. "Көпіршік" жарылды деген сөз. Бақылауды жоғалту өте ауыр, сондықтан франчайзерлер не істейміз деп жылап келеді. "Серіктестер дүкенге бөтен тауарларды жіберіп, сапа мен сервис бойынша корпоративтік талаптарды орындамайды. Мен оларға еш шара қолдана алмаймын" деп күрсінеді. "Сіз бастапқыда мұндай мәселелерді қалай шешуді көздеп едіңіз?" деген сұраққа осындай жауап естимін "Сотқа шағымданамыз деп ойлағанмын"! Келісім-шартты ашсақ, онда сотқа шағымдану үшін ештеңе жоқ, жазылмаған. Кейбір клиенттер мұндай жағдайларда франчайзингті бағытты мүлдем жауып, бизнесті жаңадан ашады. Біз кезінде "Шатураны" сол себепті жауып, қайтадан ашқанбыз. Компанияның көптеген дүкендері болған, бірақ олардың ішіндегі тауарлар кәсіпорын өндірген өнім емес болып шықты. Компания мәселені өзінің франчайзилерімен шешуге тырысып еді, бірақ олар жалтара бастады. Нәтижесінде фирма "маңдайша бар, сапа жоқ" деген мәселеге тірелді. Бұрын мұндай мәселелер осыншалықты өткір болған жоқ.

Әлеуетті франчайзи франшизаны таңдау кезінде қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін? Сіздің тәжірибесіңізге сүйенсек, ең жиі кездесетін мәселелер қандай?

№1 мәселе

Менің ойымша, франчайзидің басты проблемасы жаһандық түсініспеушіліктен, қиялдар мен аңыздардан өседі. Әрине, бұл қиялдар бос орында туындамайды. Барлық франчайзерлер сапалы серіктестерге мұқтаж, әсіресе аймақтарда, ал олардың саны күннен күнге азайып барады. Сондықтан жаңа серіктестерді тарту үшін жақсы жарнама жасалып, ұтымды шарттар туралы көп айтылады, бірақ уәделенген шарттар шындықпен сәйкес келе бермейді. Көптеген франчайзи жарнамалық ұрандарға толықтай сенеді, ал шын мәнінде бұл бизнеспен қалай айналысуға, одан қандай пайда көріп, рахат алуға болатынды түсінбейді. Көбі өз ізашарлары мен әріптестерімен қарым-қатынас құрмайды. Осындай жұмысты жасау керек! Ұсыныстың жаһандық түсініспеушілігі және осы ұсыныстың франчайзи тілектерімен сәйкес келмейтіні –бірінші мәселе.

№2 мәселе

Нөмірі екінше мәселе – келісім-шартты ешкім дұрыстап оқымайды. Мысалы, бір танымал фитнес клубтар жүйесі тез дамып келе жатыр, қол астында 1000 клуб бар. Олардың келісім-шарттарын мұқият оқысаңыз, онда франчайзи үшін роялти табатын ақша сомасынан емес, клубтың шаршы метрінен алынатыны туралы жазылған. Ал осы франшизадан шығу үшін 6 нөлі бар соманы толеуге тура келеді. Яғни кіру үшін үш тиын төленсе, шығуға - 10 рубль төленеді. Сондықтан, менің ойымша, келісім-шарт жасасу алдында міндетті түрде оның сараптамасын жасау керек. Бұл мәселемен кәсіби заңгерлер айналысулары тиіс. Франчайзермен жай ғана қош айтысу үшін 10 есе артық төлегенше, құжатта жазылған шарттардың сараптамасына төлеу әлдеқайда тиімді. Шын мәнінде, қарапайым адамға ондай мәтінді түсіну қиын. Келісім-шартта санаусыз терминдер мен сілтемелер кездеседі, ұсақ жазумен заң тілінде нақтылаулар қарастырылады. Ал алдындағыа сымбатты менеджер барлығы керемет болады дегенге франчайзи сенеді де, маңызды нәрселерді назардан тыс қалдырады.

№3 мәселе

Тізім бойынша үшінші мәселенің өзектілігі – сүйемелдеуден түңілу. Көбінің ойынша, оларға белгілі уақытта "бақылаушы" адам ұсынылып, ол бизнеске кіру туралы бәрін айтып отырады. Бірақ франчайзерлердің көпшілігі олай жасамайды, себебі, ресурстары жетіспейді. Сондықтан олар франчайзиге шарттар сияқты заң тілінде жазылған регламенттерді береді. Бірақ оны оқып, егжей-тегжейін білуге ешкім ниет білдірмейді. Көбінің қалауы: артық қозғалмастан ақша табу. Мұнда франшизаны бірінші рет сатып алғандар туралы айтып отырмыз. Оларға сөз жүзінде біз сізге қолдау көрсетеміз, қалай жұмыс істеу керектігі туралы бәрін түсіндіреміз деп айтады, бірақ шындығында қолдарына құжаттарды ұстатады. Оларды оқып-түсіну жүгі франчайзидің мойнына түседі. Адам оқыса да түсінбейді. Консультациялар үшін жеке ақша төлеуге тура келеді. Сонда адамдар келісім-шарттым мұқият оқыса да, олардың күткендері мен шындық сәйкес келмеуіне бәрібір тап болады. Ал шындық мынадай: франшизаны сатып алсаң да, терең бойлайтын және жұмыс істейтін тек өзің. Мұны басынан бастап анық түсіну қажет.

http://www.buybrand.ru/franch/13194/



Назад