Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Вендингтік аппараттар франшизалары


Тауарлар мен қызметтердің заманауи нарығындағы автоматтық аппараттар тек бір стақан кофе немесе шай құюды баяғыда қойған. Қазір автомат арқылы сатылатын тауарлар ассортименті күннен-күнге кеңейіп келеді, ал сервис клиенттер үшін шапшаңдық пен қолайлылық қамтамасыз етеді.

Дәл қазіргі уақытта франчайзинг нарығында вендингтік аппараттармен байланысты ұсыныстар әлі аз. Өйткені франчайзингтік қатынастар жүйесі тәжірибені және бизнес жүргізудің ойластырылған, тексерілген тетіктерін беруді ойластырады. Кейбіреулер вендингтік саладағы бизнес-концепцияны іске асыру мүмкін емес, сол себепті франшиза да жұмыс істемейді деп ойлайды. Ал іс жүзінде бұл мүлдем олай емес.

Сауда автоматтарын қазіргі күні кез-келген жерден, әсіресе адамдар көп жиналатын орындардан, университеттер мен кеңселерден кездестіруге болады. Мамандардың айтуынша вендингтік сала нарығының өсуі жыл сайын 20 пайызға тең. Тіпті дағдарыстың өзі осы саланың дамуы үшін кедергі бола алмады. Шетелдік жабдықтар үздіксіз қымбаттай бастағандықтан, импорт алмасу үдерісінің күшеюінің нәтижесінде вендорлар қандай да бір дәрежеде тіпті ұтыста қалды деуге де болады. Шүбәлануға да орын жоқ. Өйткені ресейлік аппарат өндірушілер бұл салада батыс және шығыс өндірушілерінен қалыспайды. Орнатылған вендингтік аппараттар санының өсу статистикасы тұрақты жоғары көрсеткіштерге ие болғандықтан, 2020 жылға қарай көптеген кәсіпкерлер осы салаға назар аударатын болады. Тиісінше франчайзинг шарты бойынша дамудың пайдасы аз болмайды.

Вендингтік бизнес көптеген басқа тауашалардың алдындағы үлкен артықшылықтарымен мақтана алады. Ол аппараттар ісін ұйымдастыру мен орнатудың қарапайымдылығы. Орын, қойма жайлар, сауда жабдықтарын, персонал жалдаудың үлкен шығындарды қажет етпеуі. Міне осының барлығы бизнес жүргізуді едәуір оңайлатады және бастапқы инвестицияларды қысқартады. Сіз тек біреуін сатып алып өзіңіз қалаған жерге орналастырып, біртіндеп кеңейе және жаңа аппараттар сатып ала отырып, ақша таба бастауыңызға болады.

Нәтижесінде біз жаңа кәсіпкер үшін озық бастамаға ие боламыз және әлдеқашан өзінің ісі бар адамдар үшін қосымша табыс табу мүмкіндігін аламыз. Вендингтік аппараттар тұрақты қызмет көрсетуді талап етпейді, автономды жұмыс істейді және клиенттерді қабылдайды, алыстан бақылау бағдарламалары бар. Бар-жоғы– сервистік қызмет көрсету үшін аптасына екі рет автоматқа «барып тұру

Сонымен бірге әлеуетті пайдаланушылар жаңадан қорықпайды. Қазір мұндай құрылғылар қала тұрғындарын еш таңқалдырмайды. Аппараттарда сатылатын тауарлар жеңіл-желпі тамақтануды немесе бір пиала кофені ұнататындарды өзінің «шапшаңдығымен» тартады.

Нарықтағы жағдай

Қазіргі сәтте барлық орнатылған аппараттардың жартысына жуығы клиенттерге кофе немесе ыстық сусындар береді. Екінші орында – салқын тіскебасар, снектер, шоколадтар және басқалары. Ыстық тамақтар әлі тек 10 пайыз ғана ескеріледі, бірақ үлесі үнемі өсуде. Мұны ең алдымен адамдардың өнімнің мұндай типтерін кафе және фаст-фудтарда алу дағдысымен байланыстырады.

Турка мен кофеқайнатқыштардағы «нағыз» кофеден едәуір ерекшеленетіндіктен, автоматтан кофе алу ұсынысы танымалдыққа ие бола алмайтындай болып көрінуі мүмкін. Алайда статистика мұндай автоматтардың кофеханалармен жаман бәсекелеспейтіндігін көрсетеді. Сонымен бірге қазір көптеген кәсіпкерлер өздерінің кофе аппараттарында тек сапалы өнімді пайдаланады. Мәселен, «Мастер Вендор» компаниясының өкілі олардың нүктелерінде тек Индонезиялық арабика және жоғары сортты отандық сүт пайдаланылатындығын айтады. Мұндай әрекет тұтынушының талғамын қанағаттандыруға және олардың назарын аударуға мүмкіндік береді. Ерекше дәм мен хош иіс алуға тек қажетті деңгейдегі өнім емес, сондай-ақ заманауи кофелік аппараттар жарақталатын жоғары технологиялы жабдықтар да көмектесетіндігін айта кету керек.

Вендингтік аппаратты пайдалану және қарапайым сервистік қызмет көрсету бойынша оқыту бір күннен артық уақыт алмайды. Ендеше істі іске қосу мерзімі одан әрі қысқарады. Алайда автоматтар желісін ұйымдастыру үдерісінде, орындауға тәжірибелі франчайзер көмектесе алатын, өзінің қиындықтары да бар.

Аппараттары ойыншықтар, әшекейлер және кәдесыйлар сататын «Жаңа вендингтік технологиялар» өкілі, егер кәсіпкер бір автоматтан бастайтын болса, онда оның қандай да бір елеулі қиыншылықтарға тап болуы екіталай дейді. Ал енді, егер бизнесмен тұрақты пайда әкеліп отыруы тиіс болатын вендингтік аппараттардың толық желісіне дейін кеңейту жөніндегі жоспарға кірісетін болса, онда оған бизнестің кез-келген басқа саласындағы сияқты тәуекелдерді дұрыс бағалау қажет болады.

Міне осы жерде жауабын көпшілігі елестете алмайтын сауал пайда болады. Барлығын дұрыс жасап және пайда ала бастау үшін вендингтік нүктенің иесі шынында нені санап шығуы тиіс? Автоматтан тауарларды табысты сатуға қандай факторлар ықпал етуі мүмкін?

Бәсекелестік

Қазіргі күні вендингтік аппараттар нарығының бәсекелестік құрауышы жоғары емес. Автоматтардың көпшілік бөлігі Астана мен Алматы базарларында орнатылған. Бұл қалалардың үлесі – бүкіл нарықтың 45 пайызын құрайды. Қалғаны өңірлік базарлардың арасында біркелкі таралады. Яғни өзінің вендингтік аппаратын астаналық емес қалалардың біреуіне қоюды қалаған жаңа кәсіпкерге мұны істеу әзірше оңай. Бір құрылғымен бизнес жасау фактісінің өзі күмәнді болғанмен де, аппараттардың көпшілік бөлігі базарға бір-екі автомат қоятын жеке кәсіпкерлерге тиесілі. Пайда салықпен, жалдаумен және өзге де факторлармен желініп кетеді. Ал жоғары тиімділікке тек осындай аппараттар желісі арқылы қолжеткізуге болады. Тиісінше, біз өз ісін вендинг саласында ашуды жоспарлаған кәсіпкер ескеруі және санауы тиіс болатын тармақтардың біріне келдік. Бір аппараттан бастауға болады, ал бірақ онымен өсу мүмкін емес. Бірден кеңею тәсілдері туралы ойластыру қажет.

Тауар құны

Вендингтік аппарат жалпы аудиторияға танымал болуы және өзін-өзі ақтауы үшін, тұтынушы осы автомат арқылы алатын тауар құнын қолжетімді ету қажет. Стандартты түрде орнатылған жүйелердің көпшілігінде өнім бағасы 500 теңгеден аспайды. Экономикалық ахуалға қарамастан қазіргі таңда жүз теңге студенттерден де, мектеп оқушыларынан да, әрі оған қоса жұмыс істейтін адамдардан да табылатындықтан, бұл сан әмбебап. Алайда кез-келген жағдайда нарықты және бәсекелестерден түскен ұсыныстарды бағалау қажет болады. Егер автоматтардың бірінде кофе 250 теңге, ал сіздің және тіпті басқа сауда орталығына орнатылған автоматыңызда 500 теңге болатын болса, екі жүз елу теңгеден артық жұмсауға әдеттенбеген тұтынушы оның жанынан өтіп кетеді.

Әрекет ету орны

Егер кәсіпкердің жоспарында автоматтарды мемлекеттік аумаққа, яғни адамдар шоғыры көп болатын көшеге орналастыру көзделген болса, онда ол жергілікті өзін-өзі басқару осындай автономды нүктелерді орнатуды реттейтін заң туралы білуі тиіс. Іс жүзінде пайдалы позицияға ие болу тіптен мүмкін емес. Сондықтанда бизнес иелері ең алдымен, нақты ақы төлеп орын жалдауға болатын жеке аумақтармен жұмыс істейді. Әрине, кофе- немесе басқа аппарат үшін әлеуетті пайдалы орын тек сауда кешендері емес. Жергілікті муниципалитетке қатысы бар ауруханалар, мектептер, университеттер де адамдар көп шоғырланатын орын болып табылады. Жеке ұйымдардан – күн сайын кісі көп болатын жер және егер ол жерде оларға біраз уақыт кезек күту керек болса тіпті жақсы. Бұлар – банктер, көлік компанияларының терминалдары, кинотеатрлар...

Орын табу қиындық тудырмайды, ол кез-келген қалада көп. Бірақ мүмкіндіктерді бағаламай, ойластырмастан қоя салуға болмайды. Өзіңіздің аппаратыңыз беретін тауарды және оның маңынан өтетін көпшілікті сәйкестендіріп салыстырыңыз. Қарапайым кофе аппаратын қаланың адамдар ең көп жүретін көшесінің орталығына қоюға қарағанда, осындайды кеңселік орталыққа қою едәуір пайдалы болатын жағдай да болуы мүмкін.

Нені сату керек

Жоғарыда айтып кеткендей, қазіргі сәтте вендинг аппараты арқылы сатылатын тауарлар ассортименті мол. Кәсіпкерге, әрине егер әңгіме кофе туралы болмаса, көпшілікке ненің бірден танымал болатындығын, ал қайсысы қажетсіз болатындығын бірден анықтау қиын. Алайда кофе аппараттарын қазір әрбір бұрыштан кездестіруге болады.

Нарықта жаңа және әдеттен тыс ұсыныстар да бар. Мәселен, Новосібірдің «NPM» компаниясы өздерінің автоматтары арқылы сүт өнімдерін сату жөніндегі жобаны меңгеріп жатыр. Біз сүтті супер маркеттерден немесе үйдің жанындағы дүкеннен сатып алуға әдеттенгендіктен, бұл оғаш болып көрінуі мүмкін. Алайда тәжірибе көрсеткендей, MilkBox (NPM сүт аппараты осылай аталады) Красноярскі мен Екатеринбургтың фермерлік шаруашылықтарында жылдам сұранысқа ие болды, ал сатып алушылар мұндай жаңалықтың сапасы мен қолайлылығын лайықты бағалады.Осыған орай компания жылдам бейімделді және өз тауашасының жетекшісіне айналды.

Жаппай аудиторияға арналған әдеттен тыс, бірақ өзекті және заманауи идея да бар. Мәселен, «Мен қуаттаймын» және «Cameron» жобалары қалағандардың кез-келгеніне смартфонын тегін қуаттауды ұсынады. Бұл қызмет түсінікті себептер бойынша, яғни телефондардың қуатты күні бойы сақтап тұруға қабілетсіз екендігіне орай заманауи қоғам үшін қажетті. Ал қызметтің тегін болуы компанияның нарықтағы жағдайын нығайтты. Мұндай аппараттардағы пайда жарнамалық орындардан түседі. Пайдаланушы өз гаджетіндегі қуаттың толуын күтіп отырып аппарат мониторында көрсетілетін жарнаманы қарауға мәжбүр болады, бұл жарнама беруші үшін ыңғайлы.

Заманауи көпшіліктің артықшылығы вендингтік аппараттар технологиясын қоғамдық сұраныстың пайдасына әрі қарай дамыту үшін себеп болды. Қазіргі уақытта танымал Instagram сервисінен шамалы ғана ақша төлеп сол жерде фотосуретті басып шығаруға мүмкіндік беретін автоматтар осылай пайда болды. Instamat және Инсталаб терминалдары ыңғайлы мөлшердегі фотоны бір сәтте басып шығарады.

Мұндай, тұтынушылардың мүдделерін ақшаға алмастыру ұсынылатын тауардың шапшаңдығына, сапасына және актуальдігіне сүйене отырып вендингтік аппараттардың сол бағытта әрі қарай дамитындығын білдіреді. Алайда пайда алуға бағытталған тек сыртқы құрауышы ғана дамып келе жатқан жоқ. Автоматтандырылған жүйелердің ішіндегілері де жетілдірілуде.

Алдағы уақытта, вендингтік аппараттарды басқару функциясы, кәсіпкерге автоматты «тірідей» қадағалау мүлдем қажет болмайтын, ал басқару, мысалы, бірыңғай орталықтан немесе тіпті қарапайым планшеттен іске асырылатын кезеңге де жетеді.

Болашағы

Аналитиктер вендингтік аппараттардың әмбебаптық деңгейінің біртіндеп өсіп келе жатқандығын айтады. Және алдағы уақытта іс жүзінде кез-келген өнімді автомат арқылы алуға болады.

Вендингтің ресей нарығында жаңа бастаған кәсіпкерлердің дамуы үшін орын әлі де жетерлік, енді жаңашылдық эффектісі болмаса да, бұл сала тек жақын арада ғана белсенді дами бастады. Ал мысалы Жапонияда автоматты аппараттар сегменті жоғары шегіне жетті. Ол арқылы тұтынушы әлдеқашан тіпті жануарларды, алтынды және бөліп өлшенетін сусымалы тауарларды да алады. Вендингтік жүйе бірнеше ондаған жылдардан бері дамып келе жатқан елдердегі ассортимент мүлдем таң қалдырады. Табанға массаж жасайтын, сіздің көзіңізше тамақ даярлайтын, аяқ-киім тазалайтын, лобстерлер сататын және тағы басқа да аппараттар бар.

«Құжаттар конструкторы FreshDoc.ru» компаниясы өкілінің сөзі бойынша вендингтің қазіргі жағдайы – бұл тек қызметтердің барлық түрлерін автоматтандыруға өтетін өтпелі кезең. Қазірдің өзінде-ақ болашақ басталды. Мәселен, кейбір қалаларда көшелерден мысалы, пицца жеткізетін роботтарды кездестіруге болады. Ал болашақта бизнестің кез-келген саласы дамыған роботталған инфрақұрылыммен жарақталады. Міне сондықтанда вендингтік аппараттар тауашасы қазір өте перспективалы және өзекті. Дегенмен, айтып өткеніміздей, нарық әлі мүлдем қанықпаған, жас және кәсіпкерлердің жаңа қанын күтеді. Ал франчайзингтік жүйе сәтті істер желісін тіпті вендингтік аппараттармен бірге сауатты және жылдам дамытуға мүмкіндік береді.




Назад