Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Франчайзингтің артықшылықтары


Франчайзерге өзінің бизнесіне құқықты сатудың керегі не? Франчайзерге франчайзи тарту үшін өз бизнесін қандай да бір дәрежеде бақылауды жоғалтудың керегі не? Франчайзер неліктен өзінің бизнесіне өзі туралы ештеңе білмейтін адамдарды тартады? Франчайзердің неліктен қалай болғанда да франшизаны дамытқысы келетіндігі жайлы сұрақтар өте көп.Өз кезегінде франчайзиде де франчайзингтік кәсіпорынға инвестициялаумен байланысты көптеген сұрақтар пайда болады. Жауап қарапайым - артықшылығы

Франчайзерге арналған артықшылық

Франчайзер — бұл жұмыс істейтін бизнесті жасай алған адам. Бұл оған жақсы пайда әкелетін бизнес. Бизнестің мұндай моделі табысты қайталануға оңай берілуі тиіс. Бұл жұмысы франчайзер бизнесі сияқты модельде құрылатын, тағы да көп кәсіпорындар ашу мүмкіндігін білдіреді. Франчайзер бизнесінде нақты тексерілген тұтынушылар нарығы және бағалы бедел болады.

Бизнес өзінің табысымен өзінің тіршілікке қабілетті екендігін дәлелдегеннен кейін негізін қалаушылар осы істі әрі қарай дамытуға ұмтылады. Бұл жерде екі жол пайда болады: пайданы инвестициялай отырып істі дамыту немесе франчайзингтік жүйе құру. Франчайзингтік жүйе құру кезінде оның негізін қалаушылар бес позицияны қарастырады:

1. Франчайзинг бизнесті тарату үшін қосымша ақшалар әкеледі.

Егер компания, өңірлік, ұлттық немесе халықаралық деңгейде дамуға ұмтылса, онда бағдарламаны дамытуға қосымша салымдар салу қажет болады.Бұл қорларды франчайзидің көмегімен жүзеге асыруға болады. Франчайзи толық франчайзингтік пакет ала отырып бастапқы жарна істейді. Франчайзимен толық франчайзингтік пакетке қол қоя отырып, франчайзер оларға басқару бойынша (менеджмент) басқа, мысалы, консалтинг және маркетинг бойынша ерекше қолдау сияқты қызметтерді сата алады. Екі мәміле де (франшизаны бастапқы сату және арнайы қызметтерді сату) франчайзер үшін қосымша табыс көзі қызметін атқарады.

 2. Франчайзилер франчайзермен ұсынылатын қызметтерді қолдауға қосымша төлемдер жасайды.

Жұмыс істейтін франчайзилердің барлығы қызметтер ұсынғаны үшін франчайзерге ай сайын төлеп отырады. Бұл ақшаның бір бөлігі осы жүйені (персоналды оқыту, консультанттар және т.б.) қолдау бойынша франчайзи қызметін ұсынуға кетеді.

3. Франчайзинг жаңа нарықта жылдам өрістеу және бар нарықта өзінің беделін нығайту мүмкіндігін ашады.

Төленетін жарналар санының ұлғаюы франчайзерге нарықта жылдам және тиімді дамуға мүмкіндік береді. Нақ осы франчайзидың жаңа нарыққа франшиза атын әкелетіндігін естеріңізден шығармаңыздар. Әрбір жекелеген франчайзер бүкіл нарықта үлкен артықшылықтарға ие болады, өйткені франчайзи жаңа нарықта жылдам өрістей отырып және осы бизнестің дамуы үшін жаңа қалаларда инвестиция жасай отырып, даму үшін франчайзердің ақшасы ешқашан жетпейтін, бизнестің кең желісін құрады.

4. Франчайзинг тұтынушы үшін өнімдер мен қызметтер туралы көбірек білу мүмкіндігін ашады.

Жаңа кәсіпорындардың ашылуымен байланысты тұтынушылар өнімдер мен қызметтер туралы көбірек білетін болады. Жаңа франшиза өзінің қызметін ұсыну шамасына қарай нарықта танымал бола бастайды. Ерекше нарықтағы саналуан франчайзингтік кәсіпорындар бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамаға экономикалық қолжетімділік ашады, бұл франчайзингті тұтынушылардың көп санының арасына белгілі етеді. Жарнаманы пайдалану франчайзингтік жүйенің әрбір кәсіпорнындағы сату мен пайданың ұлғаюына әкеледі.

5. Жаңа бизнес-концепция жасау кезіндегі франчайзингтік жүйенің табысы.

Франчайзингтік жүйенің табысы көбіне бизнес-концепцияның сенімділігі мен пайдалылығына байланысты болады. Франчайзер өзінің бизнес концепциясын дамытады және өзінің меншікті дүкенінің мысалында оның пайдалылығын дәлелдейді. Франчайзер оларға өз бизнесін солай табысты жүргізу мүмкіндігін ұсына отырып барлық франчайзи жүйелермен өз тәжірибесін бөліседі. Сондықтанда, егер компания олардың бизнесін табысты франшизаға айналдыру мүмкіндігін білгісі келсе, онда осындай өзгерудің басқа ұқсас бизнесте қаншалықты табысты өткендігін қарауы тиіс.

Франчайзи үшін артықшылық

Франчайзерлермен жеке франчайзиларға ұсынылатын материалдар мен қолдаулардың барлығы франшизаның маңыздылығын қолдау және күшейту үшін арналған. Мұндай артықшылықтардың тізімінде мыналарды атауға болады: оқыту және консалтинг. Алайда, егер кеңірек қарайтын болсақ, онда ең басты артықшылық – франчайзер мен франчайзидың арасындағы қарым-қатынас болып табылады.

1. Франчайзинг сізде меншікті бизнестің бар екендігін, бірақ сіздің өзіңіздің барлық қиындықтарыңыз және тәуекелдеріңізбен бірге бетпе-бет қалмайтындығыңызды білдіреді.

Франчайзи франчайзингтік кәсіпорынға ақша салуға өзінің келісімін берген кезде, ол бәрібір бизнестің тәуелсіз иесі болып қалады. Бұл тәуелсіздік оны ешқашан жұмыстан шығармайтындығын білдіреді. Франчайзи франчайзерден кәсіби қолдау алады. Мұндай қолдау оған әдетте басқа кәсіпкерлер жасайтын, қателіктерді болдырмауға көмектеседі. Франчайзер франчайзиді оның кәсіпорнына зиян келтіретін немесе мүлдем бүлдіретін қате шешімдер қабылдаудан сақтандырады.

2. Франчайзинг — бұл бизнестің жылдам және тиімді басталуы.  Франчайзингтік жүйе франчайзиге кәсіпорын үшін лайықты орналасу орнын табуға, оның дизайнын жасауға және бизнестің дұрыс жұмыс істеп жатқандығына көз жеткізуге көмектеседі. Франчайзиге бастапқы кезеңде пайда болатын мәселелер туралы алаңдау қажет емес, өйткені онда өз франчайзерінің тәжірибесі бар.

3. Франчайзинг бизнес ашу алдындағы кезеңде франчайзиге қолдау көрсетеді. Франчайзидің бизнес мектепте оқып немесе осы салада әншейін жұмыс істеп жылдарын босқа кетірмей, жаңа бизнесте маман болуына әрқашан мүмкіндігі бар. Бұл білімдер франчайзер бүкіл жаңа франчайзерлерге және негізгі қызметкерлерге беретін, арнайы оқыту бағдарламаларынан және басқару жүйесін дамыту жөніндегі бағдарламалардан келеді.Жаңа бизнесті ашқанға дейін көп бұрын франчайзер мен франчайзи бір-бірімен біраз уақыт бойы жұмыс істегені дұрыс.

4. Франчайзинг тұрақты қолдауды білдіреді. Франчайзингтік бизнесті ашқаннан кейін франчайзи бизнес пен маркетингті күнделікті жүргізу мәселелері бойынша франчайзерден кәсіби қызмет алуды жалғастырады. Егер мәселелер пайда болса, онда оның бірінші міндеті – ұсынылған материалдар мен оқу құралдарын тексеру болады. Алайда ерекше мәселелер де пайда болуы ммкін.Бұл жағдайда франчайзидің франчайзерге қоңырау шалып көмек сұрауына болады. Тәуелсіз кәсіпкер өзінің бизнесін дамытуды бастағанда мәселені шешу тәсілін өзі табуы және қымбатқа түсетін қателіктерді жасау ықтималдығына ашық қарауы тиіс.

5. Франчайзинг франчайзердің беделі мен тауарлық белгісін пайдалану мүмкіндігін береді. Франчайзингтік шартты орындау кезінде франчайзи франчайзердің тауарлық белгісін пайдалануға франчайзерден өкілеттік алады. Тек осы франшиза жүйесінде жұмыс істейтін франчайзилар ғана франчайзерлердің тауарлық белгісін пайдаланудың айырықша құқығына ие болады. Сондықтанда, егер сіз МсDodald’s франшизын меңгерген болсаңыз, ол сізге халықаралық аренада халықаралық франчайзермен жұмыс істейтін бизнес ретіндегі нарықта бірден танылуға мүмкіндік береді. Мейрамхана ашылар алдында айналадағылардың барлығы оның қызметтерді жоғары кәсіби деңгейде ұсынатындығын әлдеқашан біледі. Сізден айырмашылығы, жеке кәсіпкер басынан бастап тек сату туралы емес, ең алдымен ешкім танымайтын фирманың жақсы беделін қалыптастыруды ойлауы тиіс. Франчайзи өзіне беделді франшизаны сатып алған кезде бірге алады. Жеке кәсіпкер бүкіл әлемге әйгілі атқа ешқашан қолжеткізе алмайды, ал франчайзи болса, әлдеқашан жалпыға танымал болған өзінің франчайзерінің атын бірден пайдаланады.

6. Франчайзинг бизнес жүргізудің айқын аумақтық шекараларын белгілейді. Франчайзер өзінің франчайзиіне бизнес жүргізу аумағын анықтайды. Бұл аумақтардың шекаралары франчайзингтік шарттың талаптарымен анықталған. Аумақты ала отырып, франчайзи нақты аумақта өзінің бизнесін тиімді дамыта алады. Бұл осы франшизаның басқа иелерінің тарапынан болатын бәсекелестік қатерін жояды. Жеке кәсіпкер ең үлкен бәсекелестің қай жерде пайда болатындығын ешқашан білмейді, сол себепті оның аумағы бәсекелестер үшін әрқашан тым ашық болады.



Назад